Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
20.08.2015 1081 0

Сабақтың мақсаты.  Білімділік :  Оқушылардың алған білімдерінің нәтижесін бақылау, есту, дұрыс жазу қабілетін қадағалау.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін  ұлғайту және тілдің қасиетін ұғындыру арқылы қатесіз жазуына жол ашу.

Тәрбиелік:Оқушыларды тілді сыйлауға құрметтеуге үйрету, тілдің сан қырлылығын сезіндіру.

 

3. Сабақтың

түрі: .Диктант

 

4. Сабақтың

 әдіс- тәсілі: мәнерлеп оқу, тыңдату, анық есту.

 

5. Жұмыс формалары: жекелей

 

6. Көрнекілігі: қиын сөздер, тақта, дәптер.

 

                                     Сабақтың барысы:

I  Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушыларды сабаққа дайындау

                                      Кабинетті жабдықтау.Олармен сұрақ- жауап алысу.

II Сабақтың мақсатымен танысу:

 Сендердің білімдеріңді тексерумен қатар, білімдеріңді толықтыру, есте сақтау қабілеттеріңді ұлғайту.

 

III  Сабақты түсіндіру:  Тақырып үш қайтара мәнерлеп оқылады.

                                  Тақтаға таныс емес сөздер жазылады.

                                  Бүгінгі күнді, тақырыпты дәптерлеріне жаздырып қою.

                                 Мәтінді не туралы екенін әңгімелеу.

                                 Сергіту сәті:

IV  Сабақты пысықтау: Мұғалім үш рет оқып болған соң, оқушыларды тақтадағы таныс емес сөздерді дауыстап оқытады.

Абзацқа бөліп мәтіннің мазмұнын айту.Оқушылардан сабаққа дайындықтарын тағы бір сұрап өту. Мына мәтін не туралы дедім қане кім айтады өз сөзімен? Қысқаша түрде. Сұрақ- жауап.

Енді дәптерлеріңдегі таза жолдан жазуды бастаймыз. Мұғалім бірінші сөйлемді дауыстап оқиды. Бәрі жазуды бастайды.

 

V  Сабақты қорытындылау: Қосымша тапсырма беріледі: 5 сөзге фонетикалық талдау.

VI  Үйге тапсырма: қайталау.Өткен тақырыптарды толық қайталау.