так то ЕНТ \ Методическая копилка \ Предметная олимпиада \ Казахский язык и литература

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін олимпиадада оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері 10 - сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінен өткізілетін олимпиадада оқушылардың білімін бағалаудың критерийлері

 

   Шығарма (жазба жұмысы) әдеттегіше төмендегідей бес түрлі талап тұрғысынан бағаланады.

  1. Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 балл.
  2. Оқушының әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 балл
  3. Шығарманың жазылу стилі – 10 балл
  4. Емле – 10 балл
  5. Тыныс белгілері, пунктуация – 10 балл

 

Жазбаша турдан (шығармадан) оқушы 50 баллға дейін жинай алады.

 

 

 

   Екінші ауызша турда оқушы екі сұраққа жауап береді және сөйлем талдайды. Бірінші және екінші сұрақтар  10 балдық жүйемен бағаланады.  Cөйлем талдауға – 10 балл беріледі. Бұл кезеңде оқушы барлығы – 30 бал жинай алады.

 

Ескерту: Оқушы екінші турдың сұрақтарына нақты жауаптар мен мысалдарын жазып өткізуі керек. Теориялық ұғымдарды кім зерттегені, зерттеудің аты, оқулық беті көрсетілсін.

 

   Аудандық олимпиадада оқушы ең көп дегенде 80 балл жинай алады. Олимпиаданың келесі турына оқушылар жинаған балына қарай іріктеленіп алынады. 

Қазақ тілі мен әдебиеті

 ( Қазақ мектептері үшін)

 

10 -  сынып

Шығарма тақырыптары:

 

1. Шәңгерей шығармаларындағы өмір шындығы.

2. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы ортақ сарын.

3. Елордасы- Астана.

 

1. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ғылым – білім туралы ой.

2. Ән өнерін асқақтатқан ақиық ақын (Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы туралы).

3. Өнерлі -өрге жүзер.

(Шығармаға – 50 ұпай)

 

1- билет

         1.Біржан – айтыскер ақын..

         2.Үстеу және мағыналық түрлері.

         3.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

        Құлагердің ашық қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр.

                                                                 

 

2- билет

          1.Ақанның Құлагері.

          2. Өткен шақ. Түрлері.

          3. Морфологиялық талдау жаса.

 Желкілдеген ту келіп,

 Жер қайысқан қол келіп,

 Сонан сасып тұрмасқа.

 

3- билет

         1.М.Ж.Көпеевтің ақындық шеберлігі.Лирика.

         2.Сын есімнің шырайлары.

         3.Сөйлемге синтаксистік  талдау жаса.

   Қандай талмаусырап әлсізденіп жатса да, маңдайына Нұрым қалай келді, солай шағатын жылан кіріп келе жатқандай тітіркеніп қысыла қалды.

 

4- билет

        1.Шәңгерейдің ақындық шеберлігі.

        2. Әдеби тіл нормалары.

        3. Әр сөзге лексика - грамматикалық талдау жаса..

      Ақан сері – табиғат перзенті.

 

 

5- билет

       1.Абай мен Шәкәрім шығармашылығындағы сабақтастық. Шумақ, тармақ.

       2.Есімшенің сөйлемдегі қызметі.

       3. Морфологиялық талдау жаса.

      Құнанбай ауылында өскен Шәкәрім өнерге, әнге жастайынан әуес болған..

 

6-билет

      1.Жұртына білім сыйлаған (Ы.Алтынсарин туралы).Кейіптеу.

      2.Төл сөз бен төлеу сөз.

      3.Сөйлемге фонетикалық талдау жаса.

      Ұрлық түбі – қорлық.

 

7-билет

      1.Халықтың ұлы перзенті – Шоқан Уәлиханов.

      2. Қазақ тілі қандай тіл?

      3. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

   Жолдан қажып келіп, тынығып жантайып жатқан салбыраңқы, күңгірт пішінді жолаушылар бастарын көтерсе де, жарым-жартылап қалғи отырып, әңгіме тыңдаушы еді.

 

8-билет

      1.Абайдың қара сөздері

      2.Сабақтас сөйлемнің түрлері

      3.Синтаксистік талдау жаса.

 Бір ұстап қалсам деп, күшіңді байқап шенейсің.(Ж.Ж.)

 

9- билет

       1.Дулат Бабататайұлы.  «Еспембет» поэмасының тақырыбы мен идеясы.

       2. Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері

       3. Тыныс белгілерін қойыңыз. Тыныс белгілері туралы айтыңыз.

 Жүсіп сөйлемекші еді оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп бірсыпыра уақытқа дейін сөйлетпеді.

 

10-билет

      1.Махамбет поэзиясындағы асқақ арман.Ассонанс, аллитерация.

      2. Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері.

      3. Өлеңнің авторы кім? Қандай бағытта, қалай түсінесіз?

  Жуаны қылады зорлық,

  Момыны көргені қорлық.

  Теп – тегіс ұрлық пен қулық,

  Ал енді қайтіп ел болдық?

 

(Билеттің әр сұрағы 10 ұпай, сонда барлығы 30 ұпай)

Барлығы 80 ұпай

  • 29.07.15
  • |
  • 8376
  • |
  • 691
  • |
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.

Скачать материал

Добавьте материал и получите бесплатное свидетельство

Добавить

Новые уроки Добавить разработку

Объявления Добавить объявление

Куплю КУПЛЮ срочно поурочные планы по немецкому языку по программе 2013 года. 87776701710 Бахыт Читать далее
Продам Продам и сделаю папку для прохождения аттестации по русскому языку и русской литературе. Можно со свидетельствами о публикации. Публикации сделаю сама.
iliyashevarzh@mail.ru
8-777-864-19-45
Читать далее
Куплю С 3 - 11 классы по русскому языку в казахских классах Читать далее
Продам Продам поурочные по химии и биологии на казахском языке. Каждый класс - 700 тенге.
87078893526, 87783399308
meruert-nazarova@mail.ru

Читать далее
Куплю Нужны разработки уроков по географии Казахстана в 9 классе по новой программе. Особенно нужен открытый урок на тему Растениеводство Казахстана.
zhanapinarman@mail.ru
87024256801
Читать далее
Разное Помогу педагогам (не важно учитель или воспитатель, не важен преподаваемый предмет) опубликовать статью, урок, занятие. Приемлемые цены. 8 778 32 535 90 Читать далее
Куплю Куплю поурочные планы по математике 5 класс (Атамура)
87079485959
kofetk@bk.ru
Читать далее
Куплю куплю поурочные планы по химии 9-11 класс по программе Астана 2013
87752666325
nugmanova-svetlana@mail.ru
Читать далее
Разное Помогу грамотно собрать портфолио учителю начальных классов. Дорого. Читать далее
Разное Особенно "Развитие познавательных процессов"
k_svetka79@mail.ru
Читать далее
Куплю Куплю поурочные планы по английскому языку 5-11 классы учебник Аяпова
maksim.filippov.2013@mail.ru
Читать далее
Требуется учитель В Киевскую школу Узункольского района Костанайской области требуются учитель математики, физики (с гос. и русским языком обучения), учитель начальных классов (гос.язык обучения), заместитель по воспитательной работе, вожатый. Высокая заработная плата!
natalia89.16@mail.ru
Читать далее
Куплю Куплю поурочное планирование по истории 6,7, 10 общ -гум. классы
kgm.84@mail.ru
87078385951
Читать далее
Список уроков категории