Главное меню

  • К списку уроков
5 сыныпқа арналған қазақ тілінен емтихан билеттері
25.04.2016 679 97 Ханов Шохан Уалиханович

1-билет
1. Ана тілінің қызметі (түсінік айту )
2.Сөз екпіні және ой екпіні дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
3. Мына сөйлемді буынға бөліп, буын түріне ажырат: Сырымбек пен Маржанның жалғыз ұлдары бар.

2-билет
1.Әдеби тіл туралы түсінік
2.Тіркес және дыбыс екпіні (ережесі ,мысалы)
3. Сөйлемді тасмалдап жаз: Бүгін күн ерекше шайдай ашық

3-билет
1.Лексика дегеніміз не?
2.Қазақ әліпбиі туралы түсінік? Қазақ әліпбиіндегі қазақ тіліне тән тоғыз әріпті ата ?
3. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Ер дәулеті-еңбек

4-билет:
1.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысалдар келтіру
2.Дауысты дыбыстар дегеніміз не? Оларды атап айту?
3.Омонимді тап: Күйеу – жүз жылдық, Құда – мың жылдық

5-билет:
1.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Мысалдар келтіру
2.Ашық және қысаң дауыстылар дегеніміз не? Оларды атап айт.
3.Мына көнерген сөздердің қайсысы архаизмдер,қайсысы тарихи сөздер екенін тап.
қызыл отау, барымта, бесік құда, найза,адырна, қызыл әскер, уәзір, би, биқасап, торқа, аға сұлтан.

6-билет
1.Омонимдер дегеніміз не? Мысалдар келтіру
2.Жуан және жіңішке дауыстылар дегеніміз не? Оларды атап айт.
3.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді тап:
Өлең-сөздің патшасы, сөз- сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

7-билет
1.Синонимдер дегеніміз не? Мысалдар келтіру
2.Еріндік және езулік дауыстылар дегеніміз не? Оларды атап айт?
3.Тұрақты тіркестің мағынасын тап:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей,Ит өлген жер, ит арқасы қиянда Ит терісін басына қаптады,жерден алып, жерге салды

8-билет.
1.Антоним дегеніміз не? Мысалдар келтіру
2.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? Оларды атап айт?
3.Синонимді тап: Абай қаза тапты, Ұлы кеуденің ыстық демі тоқтады. Шөл даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үгілді. Сонау бір шақта тасты тақыр жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті. (М.Әуезов)

9-билет
1.Табу дегеніміз не? Мысалдар келтіру
2.Қатаң дауыссыздар дегеніміз не? Оларды атап айт.
3.Антонимін тап:
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.

10-билет
1.Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не? Мысалдар келтіру
2.Ұяң дауыссыздар дегеніміз не? (ережесі,мысалы)
3.Синонимін тап: Елді,бейбіт жұртты тыныш ет.

11-билет
1.Тұрақты тіркестер дегеніміз не? (ережесі,мысалы)
2.Үнді дауыссыздар дегеніміз не? (ережесі,мысалы)
3. Мына сөздерден ықпалдың түрін тап: Көрікбай , ашса, Сәтбай, Жанпейіс, Жанболат

12-билет
1.Мақал-мәтелдер дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
2.Тасымал дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
3.Диалект сөзге мысал тауып жаз.

13-билет
1.Сөздік қор дегеніміз не? (ережесі,мысалдар келтіру)
2.Буын ,ашық буын дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
3.Табу сөздерге мысал айт

14-билет
1.Көнерген сөздер,оның түрлері (ережесі,мысалы)
2.Тұйық буын, бітеу буын (ережесі, мысалы)
3.Термин сөзге бес мысал жаз

15-билет.
1.Жаңа сөздер дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
2.Буын үндестігі дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
3. Буынға бөліп ,буын түріне ажырат. Ұшқышсың, Көшке, Торы қасқа ат

16-билет
1.Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері.Жалпылама лексика.
2.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар (қосымшалар,мысалдар)
3.Ықпалдың түрін тап. Қыз ұшса-қияға, ұл ұшса-ұяға.

17-билет
1.Кірме сөздер дегеніміз не? (ережесі, араб,орыс, монғол тілінен енген сөздерге мысалдар келтіру)
2.Ілгерінді ықпал дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
3. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Көрмес-түйені де көрмес.

18-билет
1.Диалект сөздер дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
2.Кейінді ықпал дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
3.Мына мақалдың мазмұнын түсіндір . Ақыл-тозбайтын тон. Білім –таусылмайтын кен.

19-билет
1.Кәсіби сөздер дегеніміз не? Олардың түрлері (ережесі, мысалы)
2.Тоғыспалы ықпал дегеніміз не? (ережесі ,мысалы)
3. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Оларға көптеген заттай сыйлықтар берді.

20-билет
1.Термин сөздер дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
2.Орфография мен орфоэпия (ережесі, мысалы)
3. Дүние салды, өлді, қырт, мылжың, сөзуар сөздері қандай сөздер?

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.