Главное меню

  • К списку уроков
Доклад
25.03.2016 449 124 Сайранова Самал Каркыновна

Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы-ойын
Қайырлы күн, құрметті әріптестер!


Қазақ тілі — ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап.
Тек оны насихаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, менің парызым — балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім-деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Бала үшін ойын — өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Ойын ойнау барысында бала ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді-де, белсенділік пайда болады, қызығушылық танытады. Тіпті тілді үйренгісі келмейтін баланың өзі ойын ойнаған кезде оны ұмытып кетеді.
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде заманауи оқыту технологиясының элементтерін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып отыруға тырысамын.
Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді.
Бала өмірі ойынға байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балабақшадағы балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз топ ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек? Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Сабақта мынадай ойындарды ойнауға болады:
1.Сиқырлы қоржын. (тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс-аяқ», «Ойыншықтар» т.б.)
2.Үйде кім жоқ? (тақырып: «Отбасы мүшелері»)
3. Аудармашы. (барлық тақырыптарға келеді.Мұғалім сөзді қазақша айтса бала орысшаға аударады,немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды)
4. Не жоқ? (тақырыптар : «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т.б.)
5. Кімнің дауысы? (Барлық тақырыптарға қолданауға келеді.Бір бала тақтаға шығып теріс қарап тұрады,мұғалім келесі бір баланы шақыртып жаңа тақырыптан бір сөзді айтуды сұрайды,бірінші бала кімнің дауысы екенің айтып және сол сөздің суретін көрсетеді)
Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.
Қорыта айтқанда,бүлдіршіндерді сауатты, саналы азамат болып өсіру біздің қолымызда. Олай болса еліміздің болашағын ойлайтын саналы азаматтарымыз, қасиетті тілімізді биік – биік шыңдарға шығарып, әлемдік тілдер қатарынан қоссын дегім келеді.

Ал, біз соған лайық бола білейік, құрметті әріптестер!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.