Главное меню

  • К списку уроков
Оқушы шеберлігінің өсіп, даму жолдары
26.03.2019 18 11 Кусакаев Сагит Альмуханович

ТАЙЫНША ӨНЕР МЕКТЕБІ

ӘДІСТЕМЕ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ
тақырыбы:
«Оқушы шеберлігінің өсіп, даму жолдары»

Өтгізген мұғалім:Кусакаев С.А.

Тайынша 2018 ж
Сабақтың тақырыбы:
«Оқушы шеберлігінің өсіп, даму жолдары»

Сабақтың түрі: «Ашық сабақ».
Сабақтың мақсаты: Ең жауапты, қиын жұмыстың бірі оқушының сол қол саусақтарының шеберлік жылдамдығын өсіру. Ол үшін күнбе - күнгі сабақта гамма, этюд әр түрлі жаттығуларды пайдалану қажет. Әр домбырашы үшін қол жүгірту, жаттығу күнделікті әдетке айналуы тиіс.
Гамма, арпеджиомен жаттығу техникалық өсудің бірден - бір жолы. Бір ескеретін жэй: Гамма және арпеджиомен жұмыс жасағанда дыбыстың тазалығына, құндылығына әрі ритмикалық дәндігіне үлкен көңіл бөлген жөн.
Сабақтың барысы: Оқушыныңжалпы орындаушылықшебер-лігінөсіруде оның есейту, есіне сақтау және музыкалық ырғақтан (ритм) ауытқымау қабілетін барынша жетілдіру жағына аса назар аударудың маңызы зор.
Өйткені, домбыраның орындаушылық дарындылығы осы үш мәселеге тығыз байланысты. Демек, осыған ерекше мән беруіміз керек.
Домбыра үйренудің алғашқы кезеңінде этюдтер, жаттығулармен міндетті түрде дайындалу керек, себебі бұларсыз оқушы дұрыс дыбыс шығара білуді, қолдың буындарының дүре қозғалысын қалыптастыруды жақсы меңгере алмайды. Домбырадаәсіресе, күйге ұқсас этюдтерді кеңінен пайдалану керек. Себебі, оқушы үшін бірден күй ойнау қиынға соғады. Жалпы пицикато, тремола әдістерімен орындалатын этюдтердің позициялық қозғалысты меңгеруге, сол қол қозғалысының әрі жеңіл әрі үнемді болуына тікелей әсері мол.
Ол үшін берілген этюдтердің қағыстады, апликатурасы мен түрлі орындау әдістері нақтылы көрсетіп тұрғаны дұрыс.
Үй тапсырмасы: Оқушы жаңа шығарманы үйрену кезіңде өз қажетін өзі біліп, қате жібермеуге, оқытушы көрсеткен ойнау - орындау тәсілдерін дұрыс игеруге талаптану керек.
Әрине әр шығарманың, күйдің қиын жерлері кездеседі. Мұндай жағдайда оқытушы оқушыға техникалық жаттығулар, этюдттер береді. Бірақ бұл жаттығулар шығарманың оқушыға «бой бермейтін» сол қиын жерлерін игеруге көмегі тиетіндей дәрежеде болуы керек.
Сондықтан, шығарманы қашан үйреніп, оны орындауға жаттыққанға дейін оқушы оқушыдан тек нотамен ойнауды ғана талап етуі керек.
Қорытынды: Қорыта айтқанда, оқытушының әрбір сабағы тиянақты, түсінікті болып, бір - бірімен астарласып, бірін - бірі толықтырып жатуы керек.
Сабақ беру методына, тек үйге берген тапсырманы тексеру, оны тыңдап жөндеу немесе шығарманы талдап - орындау шеберлігіне үйрету сабақтары ғана жатпайды, оған орындалатынкүйдің, жаттығулар мен этюдтер жайлы болатын кластағы әңгімелерде жатады. Әрине шеберліктің шыңдалуына белгілі орындаушылардың орындауына пластинка, аудио, видео кассеталар тыңдау, олардың концерттеріне бару оқушының ой-санасының өсуіне, музыкалық орындаушылық шеберлігінің жетілуінеәсерлерін тигізеді.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.