Главное меню

  • К списку уроков
"Бесік жыры"
07.01.2016 978 161 Ромбаева Жайна Озатовна

                                                САБАҚ  ЖОСПАРЫ

 

                               ОТАН ОТ БАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

 

 4- тоқсан, 1-сынып, 1- сабақ,күн реті:

 

Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры

 

Сабақтың мақсаты: Ананың аялы алақанымен тербелген алтын бесік туралы мағлұмат

 

Сабақтың міндеттері:

 Білімділік: Бесік жайлы мағлұмат беру

Дамытушылық: Бесік жыры әнін нақышына келтіре орындату,ережелерге көңіл бөлу

Тәрбиелік:Ұлттық дәстүрімізді сақтауға ,әдет-ғұрыптан құлақдар ете отырып,мәдениетімізге деген ,қазақ еліне деген сүйіспеншілікті арттыру тазалыққа баулу,елжандылыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

 

Сабақтың  ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян, фортепиано

 

Музыкалық материалдар:

 Тыңдау үшін: «Ана- өмір шырағы» К.Дүйсекеев

Ән үйрену: «Бесік жыры»

 

                                         Сабақ   барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі: 

Сәлемдесу (әндете) ,оқушыларды түгендеу,сабаққа даярлығын тексеру

 

Жаңа сабақ:  «Бесік жыры»

 

Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен КавказҮндістанҚытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады.

       Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағайқайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды.

       Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады.

              Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды.

Бесікпен қоса құстөсекжастықжөргекқолбау,тізебаутізе жастықбесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесікаспалы бесік (әлпеншек) деген екі түрі кездеседі. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі.

 

Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян…» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Кешегi кеңестiк дәуiрде мединституттың оқытушылары шәкірттеріне бесікті жамандап оқытатын арнайы тапсырма болған. Ол заманда жек көрген нәрсеңізді «ескіліктің қалдығы» десеңіз жетіп жатыр. Дәлелдің қажеті жоқ. Сөйтіп, бесік қолданыстан шығып қалды. Әйтпегенде, жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады? Оның ұрпақ үшін пайдасы ұшан-теңіз. Айталық:

1.      Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.

 

2.      Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етедi. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.

 

3.      Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

 

4.      Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.

 

Жаңа ән үйрену:     «Бесік жыры»,  « Әлди-әлди »

 

 

Сабақты қорытындылау: 

Бесік балаларға не үшін керек?

Бесікті неден жасайды?

Бесікті қандай елдер қолданады?

 

Үйге тапсырма: «Бесік жыры» оқып мазмұндау.Әнді жаттау

 

Бағалау

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.