Главное меню

  • К списку уроков
Республика өнеркәсібін қайта құру және дамыту. тақырыптық тест. 9 сынып
20.11.2015 1706 113 Аралов Самат Бейсембаевич

§34. Республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту

1. ҰОС кейінгі жылдары республиканың батысында іске қосылған мұнай кәсіпшілігі:

а. Ембі        в. Ақтөбе         с. Шалқар        д. Қызылорда       е. Торғай

2. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді:

а. 1953 жылы            в. 1946 жылы          с. 1947 жылы                д. 1943 жылы          е. 1954 жылы

3. 1947 ж. өзінің алғашқы өнімін берген өнеркәсіп орны:

а. Жезқазған кен байыту фабрикасы        в. Ащысай полиметалл комбинаты

с. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты       д. Шымкент қорғасын зауыты

е. Лениногор полиметалл комбинаты

4. 1940-1960 жж. республика картасында ірі қалалардың пайда болуы себебі:

а. Репатрианттардың келуі               в. Нарықтық экономикалық саясат

с. Демографиялық саясат          д. Өнеркәсіптің салынуы             е. Стагнациялық саясат

5. ҰОС кейінгі жж. тері илеу кәсіпорындары салынған қалалар:

а. Алматы, Шымкент          в. Өскемен, Талдықорған           с. Ақтөбе, Шымкент

д. Қарағанды, Жезқазған          е. Жамбыл, Павлодар

6. ҰОС кейін мақта-мата комбинаты салынған қала:

а. Ақтөбе          в. Шымкент          с. Семей          д. Жезқазған            е. Тараз

7. 1960 жж. ішінде тоқыма фабрикалары салынған қалалар:

а. Жезқазған, Семей, Ақтөбе            в. Рудный, Риддер, Зайсан

с. Теміртау, Ақтау, Саран          д. Шалқар, Жаңаөзен, Қапшағай        е. Павлодар, Екібастұз, Ақсу

Соғыстан кейін салынған теміржол желісі:

а. Мойынты-Шу     в. Балқаш-Аягөз          с. Қарағанды-Қызылжар

д. Түрксіб       е. Ақтау-Ақтөбе

8. Ұзындығы 483 шақырым болатын Мойынты-Шу т/ж құрылысының аяқталған уақыты:

а. 1947 жыл        в. 1948 жыл         с. 1949 жыл            д. 1950 жыл           е. 1952 жыл

/? ҰОС кейінгі республикада пайда болған жаңа қалалардың саны:

а. 15      в. 28        с. 18        д. 17        е. 20

§35. Экономикалық реформаларға талпыныс

1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары зауыт-фабрикалардағы адамдардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ашылған мектептер:

а. Еңбек резервті мектептері         в. Шет мемлекеттер қаржыландыратын мектептер

с. Орта арнаулы мектептер          д. Ақылы мектептер        е. Зауыт-фабрика оқуы

2. Қаз/да 1954 ж. бастап өнеркәсіп орындарына арналып ашыла бастаған оқу орындары:

а. Педагогикалық техникумдар            в. Медициналық училищелер          с. Политехникалық институттар

д. Техникалық училищелер            е. Ұшқыштар дайындайтын училищелер

3. Карточка жүйесі жойылды:

а. 1953 ж.          в. 1946 ж.            с. 1947 ж.        д. 1943 ж.         е. 1954 ж.

4. Соғыстан кейінгі жылдарда ақша реформасы жүргізілді:

а. 1953 ж.        в. 1946 ж.        с. 1954 ж.            д. 1947 ж.          е. 1943 ж.

5. 1950 жж. жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы:

а. 29 сом         в. 62 сом         с. 97 сом       д. 64 сом       е. 51 сом

6. 1950 жылдардың басындағы ұжымшар мүшелерінің орта есеппен айлық жалақысы:

а. 16,4 сом       в. 29,9 сом          с. 152 сом      д. 100 сом         е. 62 сом 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.