Главное меню

  • К списку уроков
СтатьяТілді дамыту барысында диалогты оқытудың тиімді жолдары.
09.03.2017 155 38 Уразбаева Ажаркуль Заркумовна

Тілді дамыту барысында диалогты оқытудың тиімді жолдары.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етеді.
Кез келген біртұтас жүйенің өз дамуы барысында, дамудың тиімді жолдарын іздеп, түрлі өзгерістер, реформалар жасап отыратыны тәрізді білім беру жүйесі де өз даму тарихында ұдайы реформалар жасаумен келе жатыр. Қазіргі оқыту философиясы өзгеріп жаңа талаптар қойылып жатқанда, ұстаздардың да өзгеріп, жаңа форматқа негізделуі заман талабының сұранысына айналып отыр.
Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер», деген ,бұл сөздерге сүйенсек сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру, қазіргі таңда да, өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.
Қaзaқcтaн Реcпубликacының білім беру жүйеcі caяcaтының aлғa қoйғaн мaқcaттaрының бірі - жaн-жaқты,жoғaры білімді, шығaрмaшылық қaбілетті жеке тұлғaны қалыптастыру. Білім беруде oқыту тәcілдерімізді не үшін, өзгерту керекпіз, және oны қaлaй жүзеге acырaмыз? Бұғaн жaуaп: жaңa технoлoгиялaрдың көмегімен кез келген тұлғаның білімін жетілдіру мен oқу caпacын aрттыру арқылы біліктілікке қол жеткізу. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі тұлғаның алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, 21-ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында Қaй хaлықтың , қaй ұлттың бoлcын
тoлығып өcуіне, рухaни ,мәдени дaмуынa бacты ықпaл
жacaйтын тірегі де, түп қaзынасы дa- білім. Өйткені, білім – ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың басты құралы болып табылады.
Сондықтан әр тұлғаны осы деңгейге көтеру үшін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаңа технологияларды тиімді қолдануы қажет. Қазіргі таңда педагогикалық технологиялардың 300- ге жуық түрі белгілі, солардың ішінде «Диалогты оқыту» педагогикалық технологиясы.
Бұл педагогикалық технологияның басты ерекшіліктері:
-оқушының қажеттіктілерін,қызуғышылығын және тілін дамытуға жағдай жасайды;
- білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді;
Осы технология элементтерін жұмысымда қолдана отырып алдыма келесі мақсаттар қойдым:
-Сабақтар топтамасында тыңдаушылардың диалогқа қатысу нәтижесінде білім алуын,ойлау және сөйлеу қызметін қадағалау.
-Диалог түрінде оқыту арқылы қазақ тілін меңгеруге ынталандыру, қызығушылығын арттыру
Диалогтың 3 түрі болады:
1.Әңгіме дебат (ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады.Диалог «ия,бұл солай» , «жоқ,олай емес» деген бағытта жүреді.)
2.Кумулятивтік әңгіме (механикалық түрде жауап)
3.Зерттеушілік әңгіме (әңгімеге қатысушылар сұрақ қояды,тиісті ақпаратпен бөліседі)
Диалогты оқыту арқылы тыңдаушылардың тіл байлығын қалай дамытамын?
Қандай стратегиялар мен әдіс ,тәсілдерді қолданамын?
Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң-үйренемін!
Айтып бердім,енді есте сақтасын деп көрсетіп ,жасатып үйреткім келеді.
Ол үшін әріптестерімді орта шақырамын.
Әрбір сабағымды психологиялық ахуалдан бастап кетемін.
Не себептен ?
Біріншіден, бұл кезең жұмыстан шаршап келген қатысушыларымның көңілін көтере отырып,олардың назарын сабаққа аударады.Екіншіден,бұл кезеңде де диалогтық оқытудың элементтерін қолдана отырып, көптеген білімділік мақсаттарды де шешуге болады.
Бұл психологиялық ахуал кезеңін «Танысу» тақырыбын өткенде жүргіземін.
Оның шарты:
:Барлық тыңдаушылар шеңберге тұрады.Қатысушылар өздерін кішігірім мінездеме беріп таныстырады. Ол үшін есімінің басты әріпіне басталатын сын есімді қолданады.Мысалы: «Менің атым зерек Зейнаш».Келесі оқушы : «Танысқаныма қуаныштымын,зерек Зейнаш»!Менің атым балдай Балжан».Келесі: «Танысқаныма қуаныштымын,зерек Зоя,балдай Балжан! Менің атым адал Айслу».
Диалогты оқытуда сұрақты дұрыс қою өте маңызды.Сұрақтардың екі түрі болады:жұқа сұрақтар(қысқа) және жуан сұрақтар(дәлелдеме,түсініктеме,мысал).
Жіңішке сұрақтарды қалай қолданамын?
Мысалы: Жіңішке сұрақтарды қолдана отырып кез келген тақырып бойынша келесі үлгіні колданамын. Ол үшін модельдік фраза қажет.
Мысалы. Модельдік фраза :Мынау алма.
-Мынау не?
-Бұл алма.+
-Мынау алма ма?
-Ия,бұл алма.+
- мынау алмұрт па?
Жоқ,бұл алма.-,+
-мынау алмұрт па әлде анар ма?
-Бұл алмұрт та емес,анар да емес,бұл алма.-,-,+
Бұл қандай жеміс?
Бұл алма.
Бұл тәсілдің тиімділігі неде?
Бұл диалог арқылы келесі білімділік мақсаттар шешілді: «Жемістер» тақырыбы бойынша диалог арқылы тіл дамыттып, сөздермен таныстық, ,сұрақ қойдық,болымды-болымсыз түрін,сілтеу есімдіктерін қолдандық.
Бұл тәсіл бойынша менің тыңдаушыларым да диалогқа түсе алады.
Оларды ортаға шақырсам.Менің ең үздік тыңдаушыларым Демидович Александр және Леготина Юлия
Оларға ұсынатын модельдік фраза :Мен қазақша сөйлеймін.Сіздерге сөз.
Келесі фраза «Мамандық» тақырыбы бойынша.
Мен мұғаліммін
Қалай ойлайсыздар бұл диалог арқылы қандай мақсаттар шешілді?
Жуан сұрақтарға келсек бұл сұрақтарға (дәлелдеме,түсініктеме,мысал) келтіре отырып жауап беріледі.
Менің тыңдаушым Юлия (дәлелдеме,түсініктеме,мысал) арқылы фонетикалық талдау жасайды.
Фонетикалық талдау
10 слайд
Қара жәшік ішіндегі сұрақтар әдісі
1.Бұл сөз айтылу,жасалу,жазылу жолдарына қарай-жуан буынды сөз.Себебі сөз құрамындағы дауысты дыбыстар жуан.
11 слайд
2.Бұл сөз: ба-ла-лар болып үш буынға бөлінеді.Себебі сөз құрамында үш дауысты дыбыс бар.
Ба-ашық буын, себебі дауыссыз дыбыстан басталады,дауысты дыбысқа аяқталады .
ла- ашық буын ,себебі дауыссыз дыбыстан басталады,дауысты дыбыстқа аяқталады.
Лар-бітеу буын.Себебі дауыссыз дыбыстан басталады ,дауыссыз дыбысқа аяқталады.
12 слайд
3.Бұл сөз
Ба-
Ла-
Лар-
болып екі жағдайда тасымалданады.Себебі сөз үш буыннан тұр.
13 слайд
4.Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.Бұл сөзде екпін лар буынына түсіп тұр.
5.Сөзде түбір мен қосымша арасында буын үндестігі бар. Себебі түбірдің соңғы буыны ла жуан ,сондықтан лар да жуан.
14 слайд

Б-
А-
Л-
Р-
Сонымен бұл сөзде 7 әріп,7 дыбыс бар
Бұл тапсырма арқылы қандай нәтиже аламыз?
1. Ғылыми тіл байлығын дамытады
2. Ойлау,жинақтау қабілеттерін дамытады
3. Грамматикалық тақырыпты толық меңгеруге мүмкіндік береді.
Диалогты оқытуды топтық жұмыспен ықпалдастырып жүргіземен,себебі тыңдаушылар ынтымақтастық ортада
• пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасады;
• тапсырмаларды шешудің жолдарын бірлесіп табады;
• жұмыстың баламалы бағыттарының идеяларын ұсынады және онымен бөліседі
• Жекелеген адамдардың тәжірибесі мен біліміне сүйенеді;
• Күрделі тапсырмаларды орындау үшін жайлы жағдайларды қамтамасыз етеді
Топқа бөлінудің бірнеше тәсілдері бар. Біз де топқа 1-ші,2-ші саналып бөлінейік. Саны бір топта болады,2 саны екінші топта болады.
Топтық тапсырмалар жасайды (5 мин)
Нәтижесінде тәжірибе көрсеткендей, осындай тиімді әдіс-тәсілдер тыңдаушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастырады;
Бәсекеге қабілетті,өз ойын ,пікірін ашық жеткізе білетін,кез келген мәселеде өзінің сыни көзқкарасын айта білетін тұлға қалыптасады
Оқушының оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктерге жетуі үшін оларды диалогқа, дәйектерге, талқылауға тарту керек.
(Александер)
Сөзімен аяқтағым ,назарларыңызға рақмет!

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.