Главное меню

  • К списку уроков
«Баланы тәрбиелеу- оның болашаққа ашық жолы» студенттерге арналған семинар - тренинг
21.12.2015 705 0 Аманова Сауле Кайпуллаевна

1. Жаттығу «Ерекше сәлемдесу»
Мақсаты: Топта жұмыс істеуге жағымды атмосфера қалыптастыру .
Әр топ ерекше амандасудың әдісін көрсету қажет. (3 минут уақыт беріледі)
2. Конвертте тапсырма беру .
Мақсаты: Баланың кел бетіне қарап, ол туралы қате көз қарасының қалыптасуын алдын алу.
4 топқа әр түрлі тапсырма, бірдей фотосүрет тарату.
Фотосуретке қарап оқушыға қысқаша мінездеме беру. (Әр топта бірдей фотосурет болады);
1- ші топ Алыпкашева Нурбике төртінші сынып оқушысы, 1- ші тоқсанды «3» аяқтады, бір «2» бар. Оның мінез -құлығымен, тәртібін сипатта.
2-ші топ Бокеева Сания төртінші сынып оқушысы, 1- ші тоқсанды «4» аяқтады, бір «3» бар. Оның мінез- құлығымен, тәртібін сипатта.
3-ші топ Магауин Дания төртінші сынып оқушысы, 1- ші тоқсанды «5» аяқтады, бір «4» бар. Оның мінез- құлығымен, тәртібін сипатта.
4-ші топ Маканова Асия төртінші сынып оқушысы, 1- ші тоқсанды «5» аяқтады. Оның мінез- құлығымен, тәртібін сипатта
Қорытындылау. Мақал - мәтелдерді оқып, қорытындылауға қайсысын пайдалану жөн екенін айтыңыздар.
3. Тапсырма. Берілген жағдаятты талдау, ондай оқушымен қандай жұмыс өткізуге болады.
5 әрекеттен тұратын жоспар құрастыр.
Жағдаят 1. Бір қалада осындай жағдай болыпты. Арман ғарышқа баратын кеменің басшысы болғысы келді. Бірақ оны кемеге алмады, себебі ол оқу жазуды білмейді, сондықтан нұсқауларды орындай алмайды. Оған қоса сөйлегені анық емес, кейбір сөздері түсініксіз. Арман мектепке барғысы келмейді, себебін түсіндірмейді.
Жағдаят 2. Асылбек сыныптан шыға бергенде досы әзілдегісі келіп есіктің артынан оны шошытты. Сол кезден бастап Асылбек кекештене бастады. Мектепке келгенде жаман сөз айтып, үй тапсырмасын орындамай келетін болды, өз бетімен оқығысы келмей, үлкендердің көмегіне мұқтаж болды. Түнде нашар үйықтайтын болды.
Жағдаят 3. Мариям– жасөспірім, өзінен екі жас үлкен жігітпен танысты. Оның достарымен бірге көп өткізетін болды. Мектепті босатып, дөрекі сөйлеп, темекі шегетін болды. Кейде оның қолында сыныптастары сыра көрді.
Жағдаят 4. 3- сыныпта оқитын Әділбек күнде сабақта ұйықтайды. Мұғалім оны оятқанда, қасындағы отырған көршісімен төбелесе кетеді, барлығын мазақтап, қолындағы нәрселерді мұғалімге лақтырады. Мұғалімнің сабаққа қатысты сұрақтарына жауап бермейді, үндемей әйнекке қарап отырады.
Қорытынды.
4. Ойын «Коммуникативті жұп». (музыка)
Мақсаты: Жұпта жұмыс істуеге дағдыларын анықтау
Әр топтан екі адам шығады, ұсынған заттарды таңдап, жұп құрады.
Әр жұпқа тақырып беріледі, сол тақырыпқа сәйкес сүрет салады (қолдары байланып бір- бірімен сөйлеспей жұмыс жасау керек)
Жұп құру ұшін студенттер фигура таңдайды, құрылған жұп 2 тақырып бойынша сүрет салады. 1 «Жыл мезгілдері», 2 «Пейзаж».
5. Мақал мәтелге сүйеніп көрініс жасап келу. (үй тапсырмасы, алдын ала берілді).
1.Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас. (Б-11)
2. Жақсылық еккен алғыс орады. (О-12)
3. Елгезек екі айтқызбайды. (МД-21)
4. Сын түзелмей, мін түзелмейді. (Б-21)

5. Әңгімені тыңдап , тақырыпқа қандай қатысы бар екенін талқылаңдар.
«Итке арналған балық майы»
Оқудан жирендірудің сенімді жолы-баланы зорлап оқыту.
Бір адам өзінің итіне балық майын бергісі келеді: оған жұрт оны итке пайдалы деп айтқан екен. Ол күн сайын итінің басын қысып тұрып, ауызын зорлап ашып, иттің ауызына балық майын зорлап құяды екен.
Бір күні ит иесінің қолынан жұлқынып шығып, майды еденге төгіп жібереді. Сосын иесін таң қалдырып төгілген майды жалай бастайды. Сөйтсе ит мады жалауға емес, зорлап бергеніне қарсы болып жүр екен.
Қорытынды: Болашақ мұғалімдерге ұсыныстар жасау. (памятка тарату)

6. « Сикырлы сандық» Оқыту мен тәрбие жолындағы мұғалімнің іс - әрекеті
Сикырлы сандықтан сөздерді алып шығып «мұғалімнің тәрбие барысындағы әрекеті» кері және дұрыс жақа орналастыру.
Қорытынды жасау.