Главное меню

  • К списку уроков
Экологиялық викторина "Мен бәрін білемін"
15.01.2018 319 71 Малгаждарова Зура Жанмукашевна

Экологиялық викторина: «Мен бәрін білемін!»
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.
Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Викторинаның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Топқа бөліну
- Шаттық шеңбер
Жұмбақ сайысы «Тауып ал!»
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Шым - шытыр,
Шидай қотыр. (Жұлдыздар)

Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)

Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)
Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
2. «Әрі қарай » сайысы

І топ
1. Қай материктен картоп әкелінген? ( Америка)
2. Қай аң жыланды жей алады? ( түлкі, кірпі)
3.Неше тұс бар? ( 4 тұс )
1. Құсқа не қауіпті аяз ба, әлде аштық па? ( аштық)
2. Біз тұратын әлем? ( жер)
3. Жаңажылдық ағаш. ( шырша)
1. Біздің әлемде көп тараған зат? ( су)
2. Көктемде ең бірінші ұщып келетін құстар? ( ұзақ, қараторғай)
3. Не ұяда жатқан жұмыртқаны алуға болмайды? ( құстар ұясын тастап кетеді)
1. Судың қатты күйі? (мұз)
2. Қар ұшқыны неден жасалады? ( судан)
3.Қай айда 28 – 29 күн бар? ( ақпан)
ІІ топ
1. Табиғатқа не қажет?
2. Су газ түрінде қалай аталады? ( бу)
3.Ең бірінші қандай жануарды адам қолға үйретті? ( ит)
1. Бағытты білу үшін қолданатын құрал? /түсбағар/
2. Жаңғыш пайдалы қазбалар? /көмір, газ, мұнай/
3. Қай құс өз жұмыртқасын басқа ұяға салады? ( Көкек)
1.Не күндіз түні қағады? ( жүрек)
2.Тірі табиғатты ата? /өсімдік, адам, жануар/
3.Көмір өндіретін қала?/Қарағанда, Екібастұз/
1. Ең кішкентай құс.( Колибри)
2. Магнит тартқыш металл? ( Железо)
3. Дене қызуын өлшейтін құрал /градусник/

3. Жапсыру сайысы.
берілген кеспелерден композиция құру

4. «Ертегілер, ертегілер» сайысы
Кезекпен атаңдар Қай ертегіде өсімдіктер мен жануарлар аталады

5.»Болжаушыла»р сайысы .
1. Аспанда жұлдыздар аз болса - ……….( күн бұлтты болады)
2. Күз жылы болса - ……………( қыс ұзақ болады)
3. Қарлығаштар төмен ұшса - …………( жаңбыр болады)
1. Бұлттар төмен жүзсе - ……….( жаңбыр болады)
2. Күн өызарып батса- ………..( жел болады)
3. Қарлығаштар биік ұшса -…………..( ауа райы жақсы болады)
6. « Зоопарктегі хиқая»сайыс
Зообақта маймыл торлардың есігін ашып тастапты Аңдар барлығы торларынан шығып кетіпті Сіздер оларды торларына кіргізуге көмектесіңдер Ол үшін аңдарды әліппидегі әріптер қатары бойынша орналастыр. сусиыр, керік, піл, жылан,қасқыр, маймыл, түлкі, жолбарыс, арыстан, саламандра, барыс
^ 7. « Мен кім ?» ойыны
Әр топтан бір бала шығады? Оның арқасына аңның суреті жапсырылады. Қарсы топтың баласы мимикамен көрсету керек ол не екенін.
8. «Топ басшысы» сайысы.
Топ басшысына бір сөз беріледі Ол сөзді қимылмен, мимикамен көрсету керек топ мүшелері ол не екенін аиту керек
9. Рефлексия
- «Бас бармақ» әдісі
10. Әділқазы алқасының қорытындысы
- жеңімпаздарды жариялау
- мадақтау
- тәтті приздер тарату

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.