Главное меню

  • К списку уроков
«Диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту»
07.05.2016 518 91 Нургалиева Айгуль Советовна

Качир ауданы Тереңкөл ауылының Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі

«Диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту»

Нургалиева Айгуль Советовна,
бастауыш сынып мұғалімі

Тереңкөл а.,2015 жыл
Диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту.

«Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлығын ояту
ең маңызды мақсат».
К.Д.Ушинский
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде дайын білімге жан-жақты ізденіс, жаңашылдық оқыту басым болып тұр. Ал, «дәстүрлі» оқыту арқылы алынған білім оқушылардың ерікті түрде ойлана алуына, өзіндік көзқарас қалыптастыруына, сапалы білім алып, өмірде қолдана алатын дағдылар игеруіне кедергі болады. Заман талабына сай, педагог оқушыны қалай және неге оқыту не нәрсеге қызықтыра алуы керек? Бұл жерде ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігінің дамуына аса маңызды көңіл аудару қажет деп ойлаймын.Сондықтан да мұғалім біліктілігін арттыру барысында, Кембридж бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады.Жеті модульдердің барлығында негізгі түйін білім алушылардың өзінің түсінігі қалыптасуына, саналы түрде білім алуына, әлеуметтік серіктестікте білім алуға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын дамытуға негізделген.
Негізгі идеяларды іске асыру үшін мұғалім тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын барысында еркін ашық айта білу шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруы керек.Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақ өткізу барысында оқушыларды қызықтыра алуы қажет.Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзара диалогтік қарым-қатынасқа түсу,өзін-өзі бағалау,тест құру және бірін-бірін тексеру жатады.Жаңаша білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек.Ол үшін мұғалім сабақта жан-жақты ізденіптыңғылықты дайындалуы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін, сол кезде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «оқытушы» емес, «бағыт бағдар» беруші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс.Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін талап етеді.Бүгінгі жұмысыма «Диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбын алудағы мақсатым,диалогтік оқыту оқушының тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес, оқушының ойлау сөйлеу қабілеттерінің жоғары деңгейге өсуіне,тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы уақытта топ арасында талқылау, бір-бірінің пікірлеріне қарам-қарсы дәлелдеме жасап, өз дәлеліне сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі болып табылады деп атап көрсеткен.
Әңгімелесудің 3 түрі бар.
1. Зерттеушілік әңгіме
2. Әңгіме –дебат (пікірталастық әңгіме)
3. Топтық әңгіме
Мен мектепте 3 сыныпқа сабақ беремін. Сыныпта 16 оқушы бар. Сыныптың 80%-ы тіл әдебиет саласына бейім. Өз іс-тәжірибемде жоғарыдағы үш түрлі диалогтың екінші және үшіншісі қолайлы деп шештім.
Әңгімелесу-бұл мұғалімге оқушылардың ынтасын, шығармашылық қабілетін шыңдай алатын негізгі басты құрал. Оқушылардың сөздік қорлары, тіл байлықтары жақсы дамыған. Себебі үнемі сабағымда диалогтық оқыту әдісін пайдаланамын. 3- сынып болғандықтан оқушыларды рөлге бөлу әдісін қолданып отырамын. Оның тиімділігін мәтінмен жұмыс жасағанда бірнеше оқушылар қамтылады және өз бетімен жұмыс жасап, оқып түсінеді. Өздері бірі-біріне бағыт беріп, топ басшысы қадағалап отырады.Диалогтың өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы сұрақ-жауап, рөлдік тапсырмаларды орындату, ал жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқуы, түсінулері. Өзімнің іс-тәжірибемде байқағаным, оқушыларға мәтін бойынша өздері тақырыпқа сай сұрақтар дайындап, әр топқа қоя алады.
- Бұл жерде қойған сұрағына оқушы өзі жауап бере алуы;
- Сұрақтардың түрлерін ажырата білі;
- Мәтінге қатысты негізгі сұрақ қою;
- Тақырыптан тыс сұрақтардың қойылмауы;
Осы нәтижелерді іске асыру барысында оқушылардың топпен жұмыс істеу барысында топ мүшелері бір-бірін тыңдап, топ басшысымен бірге ортақ шешімге келе алады.
Диалогтың осы жұмыс түрлерін сабақтарымда қолдана отырып, анықтағаным: бұрынғы дәстүрлі сабақ беру үдерісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамыту арқылы да, оқушылардың шығармашылық қабілетіне жол ашуға болатындығы. Бұлай дейтін себебім, бұрын диалог тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге асса, ал енді топтық жұмыста орындалады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе талқылап,топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы тақтаға шығып жұптық жұмысқа өз шығармашылықтарын көрсете біледі.
Мысал ретінде «Әдебиеттік оқу» «Дүниетану» «Қазақ тілі» пәндері бойынша өткізілген сабақтардан дәлелдер алатын болсам, оқушылар топпен жұмыста, көшбасшы бола алады, бір-бірлерімен диалогқа түсіп, пікірлерін тыңдай отырып, ойларын дәлелді түрде жеткізіп, сабақтың жинақтау кезеңінде 5-жол өлең шығарып, бағалау кезеңінде өздерін бағалаудың әр түрлі әдістерімен әділ түрде бағалай алады. 5-жол өлеңді құрастыруда, эссе жазуда, кез-келген тақырыпқа әңгіме кейбір оқушылардың ізденімпаздығын, таланттылығын байқап анықтауға болады.Әңгімелесу, пікірлесу арқылы да тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытып, ашуға болады. Диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуға қомақты үлес қоса алатын нақты бір тиімді түрі бола алады. Әр сабақта қоланылған 7 модуль бағыттары, соның ішінде диалогтық оқыту арқылы оқушылардың тіл арқылы қандай да бір байланыста бола алатындығын көрсете алады.
Диалогтік оқыту тәсілін қолданған кезде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жеткен жетістіктерім:
- Оқушылар берілген тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;
- Сыни тұрғыдан ойлануға 5 жол өлең құрастыруға үйренді;
- Өздерінің жақсы жақтарын өзгеге көрсете білуге,басқа оқушылардың идеяларын тыңдай және бағалауға үйренді;
- Рольдік ойындарды ойнауға, эссе жазуға, ойларын жинақтап қорытуларына көмек берді;
Оқушылар сабақ барысында бір-бірлеріне тілек жазу арқылы да, топта жаңа тақырыпты талқылау барысында да, ойларын тақта алдына шығып стикерге жазу арқылы да дәлелдей отырып, диалогтік қарым-қарым қатынасқа түсе отырып, пікірлерін жеткізу арқылы да, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құрудың нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Ал Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес,вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. \Мұғалімге арналған нұсқаулық,38бет.\ Өзімнің ұстаз ретінде балармен жұмыс жасағанда байқағаным, бастауыш сынып оқушысы шығармашылық мүмкіндігі зор, берілген тапсырмаларды өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай шеше алатындығы. Сабақта мұғалім оқушыларын кез-келген әдіс –тәсілдермен қызықтыра алатын болса, кейбір тұйық жүретін, көп ашыла бермейтін шәкірттің өзі сабаққа белсене қатысып, өз ойын ерікті түрде жеткізе алады. Осы арада оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік-оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни балалық шабытын оятып,мадақтап «Сен барлығын да жасай аласың» немесе «Достарыңа қарап, өзің де бәрін біліп үйреніп, аласың» деген сөздермен көтермелеп отыру керек. Алдыңғы сабақта көрсеткен жетістіктерін үнемі ұмытпай айтып, оқушының сезім күйін бақылап,қамқорлық жасау. Олардың сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезінде бізге сұрақтар қоятын болса, оған пейілмен жауап беріп, алдыға проблема қойып, оны шешуге өздерін де іздендіретіндей ықпал жасап отыру керек. Тіл дамыту сабақтарын да диалогтың маңызы ерекше. Жоғарыда айтылғандай диалог ұғымының өзі осы тілді оқытудың сара жолы екенін айқын көрсеткендей.
Ойымды қорытындылай келе өзім қолданған тәжірибемде оқушыларымның сөздік қорлары молайып, өз ойларын еркін түрде жеткізе алатын, бір-бірлеріне сұрақ қойған кезде, жоғары деңгейлі сұрақтардың маңыздылығын түсініп, бір-бірімен пікір таластыра алатын, айтқан сөздерін дәлелдей білетін шығармашылыққа бейім, шәкірттерім өсіп келе жатқанын мақтан тұтамын. Олай болса, болашақта жаңарған Қазақстанға-жаңаша білім беру үдерісін жетілдіретін, оқушылардың шығармашылық, дарындылық қабілеттерін аша білетін білікті де, білімді ұстаздарға табыс тілеймін!

Пайдалынғылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Астана 2013 жыл
2.Республикалық әдістемелік педагогикалық журнал- «Бастауыш сыныпта оқыту»
3. (Сыныптағы диалогтың маңыздылығы 38-бет)

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.