Главное меню

  • К списку уроков
Ана тілі «Заттың атын білдіретін сөздер. Жауқазын. Бәйшешек» 1 сынып
14.07.2015 1123 0 Айтишева Гулнар Газизовна

- Адамдар мен заттарға сұрақ қоя білу, көктемнің алғашқы өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Адамдар мен заттарға қойылатын сұрақтардың ара жігін ажырата біледі, ой-өрісі кеңейеді.

Жалпы мақсат: Топпен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сілтеме: 1. Ана тілі оқыту әдістемесі
2. 1-сыныпқа арналған ана тілі оқулығы
3. Кестелер, тапсырмалар
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Көктемгі өсімдіктер туралы алғашқы ұғымдардан түсінік алады,
Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді ажырата білу жөнінде қайталап, тасымалдау ережелерін қайталайды.
Негізгі идеялар:
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар , тасымалдау туралы білімдерін кеңейту

Сабақта қолданылатын материалдар:
1. Презентация
2. Интереактивті тапсырмалар :
3. Эдвард де Бононың"Алты қалпақ" негізіндегі тапсырмалар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, диалог, АКТ, әңгімелесу
Оқыту әдістері:
1. Диалог
2. Проблемалық
3.Түсіндіру
4. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, диалог, АКТ, әңгімелесу
Дерек көздері: Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар
Ғаламтор мәліметтері
Ана тілі жұмыс дәптері
Тапсырмалар: Кесте сызу, сұрақтарға жауап беру, «Менің ойымша» диалог құру
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)
-Сыныпты топқа бөлу (гүлдер арқылы) Гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)
Үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру (сұрақ-жауап).Берілген сұрақтарға эстафета таяқшасы арқылы жауап беру
ІІІ. Жаңа тақырып (20 мин) Тақырыпқа кіріспе.Проблемалық сұрақ
- Көктемдегі алғашқы гүлдер туралы не білеміз:? Кім? Кімдер? Не? Нелер?деген сұрақтарға жауап беретін сөздер туралы не білеміз? Ол қандай сөздер?Қалай аталады?

Оқулық бойынша жұмыс.

«Менің ойымша» атты шығармашылық тапсырма. Қойылған сұраққа байланысты әңгіме дебат жүргізу,
Жұмыс дәптерлеріне қысқаша түсінік жазу

Оқушылар өз білімдерін білдіреді.
ІV. Қорытындылау
(5 мин) Кері байланыс (сұрақ-жауап) Сұрақтарға жауап беру
V. Үй тапсырмасын беру (2 мин) Мәтінмен жұмыс, қосымша материалдар жинау Үй тапсырмасын орындау
VI. Бағалау (5 мин) Формативті бағалау Өзін-өзі бағалау
VII. Рефлексия
(3 мин ) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу