Главное меню

  • К списку уроков
Ана тілі "Заттың сынын білдіретін сөздер. Бала Шоқан" 1 сынып
14.07.2015 1198 0 Айтишева Гулнар Газизовна

Оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер туралы 
түсініктерін кеңейту. Оқушылардың заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсініктерін толықтыру. Шоқан Уәлиханов туралы түсінік беру. Сана сезімін, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамьпу. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, таза жазуға, таза жүруге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Жалпы мақсат: . Оқушылардың заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсініктерін толықтыру. Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау
қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін
дамыту
Сілтеме: 1. Ана тілі оқыту әдістемесі
2. 1-сыныпқа арналған ана тілі оқулығы
3. Кестелер, тапсырмалар
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: -заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоятынын бекітеді; Шоқан Уалиханов жөнінде мәлімет алады; оның шығармашылығымен танысады.
.
Негізгі идеялар: Заттың сынын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейту

Сабақта қолданылатын материалдар:
1. Презентация
2. Интереактивті тапсырмалар
Оқыту әдістері:
1. Диалог
2. Проблемалық
3.Түсіндіру
Дерек көздері: Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар
Ғаламтор мәліметтері
Ана тілі жұмыс дәптері
Тапсырмалар: Кесте сызу, сұрақтарға жауап беру, «Менің ойымша» диалог құру
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) Сыныпты топқа бөлу (смайлик бойынша) Жемістердің атауларын таңдау арқылы топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)
Үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру (сұрақ-жауап) Берілген сұрақтарға эстафета таяқшасы арқылы жауап беру
ІІІ. Жаңа тақырып (20 мин) Тақырыпқа кіріспе.
Проблемалық сұрақ Шоқан Уалиханов ағаларың туралы не білеміз:? – Заттың сынын білдіретін сөздер туралы не білеміз? Ол қандай сөздер?

Оқулық бойынша жұмыс. «Бала Шоқан» өлеңімен таныстыру.
«Менің ойымша» атты шығармашылық тапсырма.
Қойылған сұраққа байланысты әңгіме дебат жүргізу,
Жұмыс дәптерлеріне қысқаша түсінік жазу

Оқушылар өз білімдерін білдіреді.
ІV. Қорытындылау
(5 мин) Кері байланыс (сұрақ-жауап) Сұрақтарға жауап беру
V. Үй тапсырмасын беру (2 мин) Мәтінмен жұмыс, қосымша материалдар жинау Үй тапсырмасын орындау
VI. Бағалау (5 мин) Формативті бағалау Өзін-өзі бағалау
VII. Рефлексия
(3 мин ) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу