Главное меню

  • К списку уроков
Сыныптан тыс сабақ "Заттың сынын білдіретін сөздер. «Кел, балалар, оқылық!»"
14.07.2015 887 0 Айтишева Гулнар Газизовна

Мақал. Оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер туралы
түсініктерін кеңейту. Ы.Алтынсарин туралы түсінік беру.
. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілін, сөйлеу
мәдениетін, жылдамдықтарын дамыту.
- Таза, ұқыпты, қатесіз жазуға, өленді мәнерлеп оқуға,
өз ойын шық айта білуге тәрбиелеу.

Жалпы мақсат: Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау
қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін
дамыту
Сілтеме: 1. Ана тілі оқыту әдістемесі
2. 1-сыныпқа арналған ана тілі оқулығы
3. Кестелер, тапсырмалар
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: -заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоятынын бекітеді; Ы.Алтынсарин жөнінде мәлімет алады; оның шығармашылығымен танысады.
.
Негізгі идеялар: Заттың сынын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейту

Сабақта қолданылатын материалдар: 1. Презентация
2. Интереактивті тапсырмалар
Оқыту әдістері: 1. Диалог
2. Проблемалық
3.Түсіндіру
Дерек көздері: Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар
Ғаламтор мәліметтері
Ана тілі жұмыс дәптері
Тапсырмалар: Кесте сызу, сұрақтарға жауап беру, «Менің ойымша» диалог құру
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) Сыныпты топқа бөлу (жеміс-жидектердің суреттері бойынша) Жемістердің атауларын таңдау арқылы топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин) Үй тапсырмасы бойынша білімдерін тексеру (сұрақ-жауап) Берілген сұрақтарға эстафета таяқшасы арқылы жауап беру
ІІІ. Жаңа тақырып (20 мин)
Тақырыпқа кіріспе.Проблемалық сұрақ
Ы. Алтынсарин ағаларың туралы не білеміз:? – Заттың сынын білдіретін сөздер туралы не білеміз? Ол қандай сөздер?

Оқулық бойынша жұмыс. «Кел ,балалар, оқылық» өлеңімен таныстыру.
«Менің ойымша» атты шығармашылық тапсырма. Қойылған сұраққа байланысты әңгіме дебат жүргізу,
Жұмыс дәптерлеріне қысқаша түсінік жазу

Оқушылар өз білімдерін білдіреді.

ІV. Қорытындылау
(5 мин) Кері байланыс (сұрақ-жауап) Сұрақтарға жауап беру
V. Үй тапсырмасын беру (2 мин) Шығармамен жұмыс, қосымша материалдар жинау Үй тапсырмасын орындау
VI. Бағалау (5 мин) Формативті бағалау Өзін-өзі бағалау
VII. Рефлексия
(3 мин ) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу