Главное меню

  • К списку уроков
Физика пәнінен 7-11 сыныптарға арналған сабақ жоспарлары
25.03.2016 1413 300 Muhamedzhan Dias Sayranuli

Сабақ жоспары
Сабақ реті_1 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні__________
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: § 1. Табиғат және адам
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. Білімділік мақсаты:
Оқытудың ұтымды әдісін оқушылардың тиянақты, терең білім алуына қалыптастыруға бағыттау керек.
2. Дамытушылық мақсаты:
Табиғат және физика құбылыстарымен таныстыру. Табиғат туралы ғылымдармен таныстыру
3. Тәрбиелік мақсаты:
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ:
жаңа білімді қалыптастыру
САБАҚТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ:
Әңгіме, жаттығулар орындау
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ:
плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. ДК. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ, ҚАЙТАЛАУ.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК. БІЛІМДІ ЖАН-ЖАҚТЫ ТЕКСЕРУ:

ІV. ДК. ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ӘЗІРЛІК, МАҚСАТ ҚОЮ.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты физика нені зерттейтінімен таныстыру.
V. ДК.ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРТУ:
Физика нені зерттейді
Өздерің ашып отырған оқулық “Физика“ деп аталады. Бұл жаңа ғылымды сендер мектепті бітіргенше оқып игересіңдер. Физикамен таныстық мектепте аяқталмайды. Ғалым-физиктерді дайындайтын арнайы институттар бар. Бірақ физика тек ғалымдарға ғана емес, ол барлығымызға: жұмысшыларға, дәрігерлерге, инженерлерге, конструкторларға да керек. Физика ілімі адамды аса ақылды және күшті етеді, ол табиғат апатының алдында әлсіз болмауға үйретеді, өзің өмір сүріп отырған әлемді таныта бастайды. Тек физиканы біле отырып, үйлерді, зауыттарды, машиналарды, электр станцияларын жобалауға болады. Радиоқабылдағышты, автомобильді, ғарыштық аппараттарды, тіпті киімдер мен қоректік азық-түлікті дайындау үшін де физиканы білу керек. Мысалы, физиктер жарықтың ауа мен шыныда қалай тарайтынын оқып үйренгендіктен ғана көзәйнектер, телескоптар, фотоаппараттар мен бейнекамераларды жасау мүмкін болды. Кемелерді, ұшақтарды, ауа шарларын құрастыру мен жасау сұйықтықтар мен газдарды және оларда қозғалатын денелер бағынатын заңдылықтарды білуге негізделген. Физика ілімінсіз сағатты да, телефонды да, шаңсорғышты да, теледидарды да жасауға болмас еді, сондай-ақ асты дайындауға және сақтауға, бөлмені тазалауға, әуенді тыңдауға және т.б. көмектесетін көптеген пайдалы заттардан құралақан болар едік.
Физика нені зерттейді?
Физика – табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика олардың қайсысын зерттейді? Физикалық құбылыстарға жататындар:
1) механикалық құбылыстар (мысалы, ұшақтар мен автомобильдердің қозғалысы, маятниктердің тербелісі мен құбыр бойынша сұйықтықтардың ағысы, Жердің Күн айналасында және орбиталық станциялардың Жер айналасында айналуы);
2) электрлік құбылыстар (мысалы, электрленген денелердің тартылуы мен тебілуі, электр тогы және т.б.);
3) магниттік құбылыстар (мысалы, магниттердің темірге әсері, токтардың магниттік өзара әрекеті, Жердің компас тіліне әсері және т.б.);
4) оптикалық құбылыстар (жарықтың әр түрлі орталарда таралуы, айналардан жарықтың шағылуы, әр түрлі жарық көздерінің жарық шығаруы және т.б.);
5) жылу құбылыстары (мұздың еруі, судың қайнауы, қардың түзілуі, металдардың жылулық ұлғаюы, электрлік жылытқыш аспаптардың әрекеті және т.б.);
6) атомдық құбылыстар (мысалы, атом бомбаларының жарылысы мен жұлдыздардың қойнауындағы болатын процестер және т.б.)
Барлық осы құбылыстар өлі табиғатқа тән. Бірақ олардың көпшілігі тірі организмдердің ішінде де болады. Мысалы, ылғал өсімдіктің сабағы арқылы жерден оның масағына көтеріледі, қан адам мен жануардың денесіндегі тамырлар арқылы ағады, нерв талшықтары арқылы мидан сигнал беріледі. Қалайша бір ғана ғылым – физика – осыншалық көп құбылыстарды талдайды? Оның себебі ғылымның ғажайып қасиеттеріне байланысты – яғни қарапайым құбылыстарды зерттеу негізінде жалпы заңдылықтардың ашылуы. Мысалы, әр түрлі биіктіктен мөлшері әр түрлі шариктердің еркін құлап түсуін зерттеу арқылы басқа денелердің құлап түсуі кезінде орындалатын заңдарды тағайындауға болады. Осы кітап бойынша сендер осындай қарапайым құбылыстарды оқып үйренуді бастайсыңдар және олардағы маңызды заңдылықтарды анықтауды біртіндеп үйренесіңдер.
Физиканың басты міндеті – табиғатта болатын алуан түрлі құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу, құбылыстардың байланысы мен себептерін табу. Мысалы, Күн жүйесі центрінің айналасында планеталардың дөңгелек бойынша айналу себебі оларды Күннің өзіне тартуынан болады; күн мен түннің алмасу себебі күн сәулесімен жарықталынатын Жердің өз өсінен айналуынан болады (1-сурет); желдің пайда болу себептерінің бірі ауаның бірқалыпты жылынбауынан болады және т.б.
Табиғатты зерттеумен тек физика ғана айналыспайды, басқа да ғылымдар бар, мысалы, география, биология, химия. Әрбір ғылымның өз мақсаттары мен табиғатты зерттеу тәсілдері бар. Физиканы оқып үйрену арқылы сендер біртіндеп бір ғылымның екінші ғылымнан немен ерекшеленетінін және сонымен бірге олар өзара қалай тығыз байланыста екенін білесіңдер. Табиғат туралы ғылым өте ертеде пайда болған. Табиғатта байқалатын құбылыстарды түсіндіруге бірінші болып ежелгі Қытай, Үнді және көне Грек ғалымдары талпыныс жасаған. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Аристотельдің шығармаларында “физика“ деген сөз (“фюзис“ – табиғат деген грек сөзінен алынған) кездеседі. Бұл сөзді XVIII ғасырда алғаш рет Ресейде неміс тілінен орыс тіліне физика оқулығын аударғанда М. В. Ломоносов енгізген. Қазіргі уақытта табиғатты зерттеу әр түрлі елдер мен халықтардың көптеген ғалымдарының табанды еңбек етуін талап етеді. Олардың бірлескен жұмыстары адамзат баласына қоршаған әлемдегі заңдар мен құбылыстарды зерттеуде ілгері жылжуға мүмкіндік береді және қоғам прогресін қамтамасыз етеді.
VI. ДК. ОҚЫТЫЛЫП ОТЫРҒАН ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ОҚУШЫ ТҮСІНІГІН ТЕКСЕРУ:
1. “Табиғат” деген сөздің мағынасын қалай үсінесіңдер?
2. Аталған құбылыстардың қайсысы механикалық құбылысқа жатады?
3. Аталған құбылыстардың қайсысы электрлік құбылысқа жатады?
4. Аталған құбылыстардың қайсысы магниттік құбылысқа жатады?
5. Аталған құбылыстардың қайсысы оптикалық құбылысқа жатады?
6. Аталған құбылыстардың қайсысы жылулық құбылысқа жатады?
VII. ДК.ОҚЫТЫЛЫП ОТЫРҒАН ОҚУ МАТЕРИАЛЫН БЕКІТУ НЕМЕСЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ: 1 тапсырма 1, 2
VIII.ДК. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ: § 1.
IX. ДК. БАҒА ҚОЮ.
Мұғалім: _________________________. Оқу ісінің меңгерушісі:_________________

8а сынып №2 сабақ ____________________
Сабақтың тақырыбы: Температура.Температураны өлшеу әдістері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: дененің жылулық күйін сипаттайтын негізгі физикалық шама ретінде температураны енгізу,температураны өлшеу әдістерімен таныстыру, Цельций және Кельвин шкаласын енгізу; оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру;
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1)Жылулык қозғалыс дегеніміз не? Оның механикалық қозғалыстан айырмашылығы неде? Неге жылулық деп аталады?
2) Броундық козғалыс деп нені айтады? Оның себебі неде?
3) Диффузия дегеніміз не? Қаггы денелер, сұйықтар және газдарда диффузия қалай жүреді?
4) Диффузияның жылдамдығы дененің температурасына, тығыздығына қалай тәуелді?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Сабақтағы негізгі материал:
Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар-температураның өзгеріне байланысты құбылыстар.Салқын және жылы денелер. Температура-дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші.Температура скаляр шама. Жылу алмасу- екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Жылулық тепе теңдік.
Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе-теңдік орнағанға дейін жүреді.
Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал-термометр.Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.
Термометр-температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.
Термометрлердін түрлері. I .Сұйық термометрлер.
а) сынапты, өлшеу шегі -38°С-тан 260 °С-ка дейін;
б) спиртгі термометр, өлшеу шегі
в) термопара (-269 °С-тан 2300 °С-қа дейін)
г)термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.
2. Газды термометрлер.
Цельций шкаласы-негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру(0°С) және судың қайнау(100°С) температуралары алынған шкала.
Абсолют нөл температура- табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол -273,15 0°С-қа тең.
Кельвин шкаласы-халықаралык бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу -273 ОаС-қа тең абсолют нөлден басталады.
1 Кельвин -Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:
1 К =1 °С.
Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:
Т = (1+273) К немесе 1 = (Т-273) °С.
Ремюр, Фарангейт шкалалары.
Температураны өлшеу эдістері (тәжірибе көрсету)
Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау. Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортадан алып қарауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§2 сұрақтарын талдау.
Молекулалық теория негізінде жылы су мен салқын судың айырмашылығы неде екенін түсіндіріңдер.
Абай болмаған жағдайда медициналық термометрді сындырып алуғаболады. Неліктен бұл жағдайда төгіліп қалған сынапты бір түйір тамшысы қалмастай жинап алу қажет?
Қандай да бір уақыт мезетінде ауадағы отгегінің бір молекуласы 900м/с жылдамдықпен, ал екінші молекула 1200 м/с жылдамдықпен қозғалады. Екінші молекуланың температурасы жоғары деген ұйғарым дұрыс бола ма?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер шығарту
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §2, 1-жаттығу, №1үйде орындалатын эксперименттік тапсырма.

9-сынып.
Сабақ тақырыбы: §5. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, орын ауыстыру туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
1. Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
2. Теңайнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?
3. Үдеу деген қандай физикалық шама?
4. Үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?
5. Үдеу қандай формуламен өрнектеледі және өлшем бірлігі қанадй?
6. Үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде?
7. Үдеумен қозғалатын дененің жыламдығы нөлге тең бола ала ма?
8. Үдеу нөлге тең болғанда қозғалыс қандай сипат алады?
9. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
формуласынан жылдамдықты табайық:
-бұл бастапқы жылдамдығы бар, үдеуі оң таңбалы, яғни жылдамдығы артып отыратын қозғалыс теңдеуі.
Мұндай қозғалыстың графигі

Енді бастапқы жылдамдығы нөлге тең, ал үдеу оң таңбалы болсын. Мұндай қозғалыс кезіндегі жылдамдық формуласы:
Мұндай қозғалыстың графигі

бастапқы жылдамдық нөлден өзгеше және таңбасы оң болсын. Бірақ үдеу теріс таңбалы, яғни жылдамдық кеміп отырады делік. Мұндай қозғалыс жылдамдығы
Мұндай қозғалыстың графигі

Түзу сызықты қозғалыстағы орын ауыстыру векторының модулі жүрілген жолмен сәйкес келеді.
Қозғалыстың басталу мына шартқа сәйкес келеді: Осы кездегі жылдамдық графигі:

-теңүдемілі қозғалыс үшін. Ал теңбаяулайтын қозғалыс үшін Ал бастапқы жылдамдығы нөлге тең болғанда
Үдеу, жылдамдық және жүрілген жол графиктері

Графиктерден бұл шамалардың бір-бірімен байланысты екенін көреміз.

ІV. Есептер шығару. 4- жаттығу. №5, №6, №7.
V. Қортындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§5. 4- жаттығу. №1, №2, №3,№4.

10-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§2.3. 2.4. Айналмалы қозғалыстың энергиясы. Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның ІІ заңы.Импульс моментінің сақталу заңы.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға айналмалы қозғалыстың энергиясы, инерция моменті, Штейнер теоремасы, айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның ІІ заңы, импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Инерция моменті дене массасының аналогі, оның инерттілігінің өлшемі

IV. Есептер шығару.
5-жаттығу.
№3.
Берілгені: шешуі
m=100 кг әсерінен белдік үдеумен бірқалыпты
R=5 см кемімелі қозғалатын болады. М=FּμּR –үйкеліс күшінің
ν0=8 Гц моменті;
μ=0,3 -цилиндрдің инерция моменті.
F=40 H . Бірқалыпты кемімелі қозғалыс кезінде бұрыштық
жылдамдық заң бойынша өзгереді. Себебі :ω=0
t-? болғандықтан t=ω0/_ε=10,5 c

№4.
Берілгені шешуі
R=1 м адам платформаның шетінен оның центріне өткенде, айналу жиілігін
ν=6 айн/мин анықтау үшін импульс моментінің сақталу заңы осы жағдайда
m=80 кг мына түрде жазылады:
J=120 кгּм 2 mR2 – адамның бастапқы күйдегі инерция моменті. ν=0,1 c-1
ω=? ескергенде:

№6.
Берілгені: шешуі
R=10 см Энергияның сақталу заңы бойынша жұмсалатын бұл жағдайдағы
υ1=2 айн/сек жұмыс шардың кинетикалық энергиясының артуына кетеді:
υ =2 υ1
ρ=8900 кг/м3 Шардың инерция моменті , , еске-
ріп,
А=?

V. Қорытындылау.
VІ. Ба,ғалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§2.3. 2.4. 5-жаттығу. №1, №2.

11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1.2. Еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер.
Сабақ мақсаты:
1. Электромагниттік тербелістер ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, еркін тербелістер, электромагниттік тербелістерді сипаттайтын негізгі теңдеу, гармоникалық тербелістер және оны сипаттайтын шамалар туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ө¬з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. Тербелмелі контур деген не?
2. Идеал тербелмелі контур дегеніміз не?
3. Электромагниттік тербелістердің анықтамасын беріңдер.
4. Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістердің толық энергиясы неге тең?
5. Тербелмелі контурда электромагниттік тербелістер қалай пайда болады?
6. Кедергісі нольге тең емес нақты тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер неге өшеді?
7. Есептерді тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сыртқы әрекет жоқ кезде пайда болатын тербелістерді еркін тербелістер деп атайды.
Идеал тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістердің теңдеуін қорытайық.

- заряд тербел. дифференциалдық теңдеуі.
-зарядтың уақыт бойынша екінші туындысы кері таңбамен алынған зарядтың өзіне тура пропорционал.
Тербелмелі контурда конденсатордың астарларындағы заряд шамасы уақытқа тәуелді косинус заңы бойынша өзгереді.

Физикалық шаманың синус немесе косинус заңы бойынша өтетін уақытқа тәуелді периодты өзгерісі гармоникалық тербелістер деп аталады.
Тербелістегі щаманың ең үлкен мәнінің модулі тербеліс амплитудасы деп аталады.
Тербелістегі физикалық шаманың мәні қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын Т тербеліс периоды деп атайды.
Тербеліс жиілігі деп бірлік уақыт ішіндегі тербеліс санына тең шаманы айтады.
- Томсон формуласы.
Тербелмелі контурда жоғары жиіліктегі электромагниттік тербелістер өндіріледі.
Тербеліс фазасы деп косинустың, не синустың аргументін айтады.
IV. Пысықтау.
1. Еркін тербелістер дегеніміз не?
2. Тербелмелі контурдағы заряд тербелістерінің дифференциалдық теңдеуін жазыңдар.
3. Гармоникалық тербелістер деген не?
4. Гармоникалық тербелістер теңдеулерін жазыңдар.
5. Тербелмелі жүйенің меншікті циклдік жиілігі деп нені айтады?
6. Тербеліс амплитудасы деген не?
7. Тербеліс периоды деген не?
8. Тербеліс жиілігі деген не?
9. Томсон формуласын жазыңдар.
10. Тербеліс фазасы деген не?
V.Есептер шығару. №1.2.5, №1.2.6, №1.2.7
VI. Қорытындылау.
VII.Бағалау.
VШ. Үйге тапсырма: §1.2. Еркін электромагниттік тербелістерді сипаттайтын теңдеулер.. №1.2.1, №1.2.2, №1.2.3 №1.2.4.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.