Главное меню

  • К списку уроков
«"Көңілді мысықтар" сауықтыру шарасы» бірінші сәбилер тобы
09.10.2015 821 112 Балапанова Асель Жадигеровна

Дайындаған: топ тәрбиешісі Әсел Жәдігерқызы Балапанова
Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Бір сапқа тұрады.(Киімдерінде мысық суреті бар эмблемалар тағылған). Амандасады.
Тәрбиеші: Балалар жұмбақ тыңдайық:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Балалар: мысық - кошка.
Тәрбиеші:Дұрыс балалар! Мен ана мысық боламын, ал сендер менің балаларым. Айналамыз, айналамыз кішкентай мысықтарға айналамыз.
Тәрбиеші:
- Ал бұл жерде кім тығылды екен?Бұл Мурзик мысық екен ғой. Ол сәбилермен ойнағанды жақсы көреді екен. Мурзикпен ойнайық па? Біз не жасай алатынымызды көрсетейік.
Музыка әуенімен балалар түрлі жүріс пен жүгіріс жаттығуларын орындайды
- мысықтар секілді аяқ ұштарымен; аюлар секілді (мысықтардың қарындары тоқ); тізені биік көтеріп(далада шалшықтар бар, шалшықты басып кетпейік ); аяқ ұшымен тышқан соңынан жүгірейік; демді қалыпқа келтіретін жүріс.

Жалпы дамытушы жаттығулар комплексі.
- Тәрбиеші: мысықтар шаршап қалды, демалуға жатты. Жастықтарға жатыңдар.
(Баяу әуен жүріп отыр. Балалар ұйықтап жатқандай жатады).

Әуен аяқталады.
Міне ояндық, созылдық, жақтан жаққа бұрылдық.
Қолымызбен былғаймыз, ішімізде жатамыз, бетімізді, құлағымызды жуамыз.
Ал енді құйрығымызбен былғаймыз, құйрығымыздан жүгіреміз.
Біз іздейміз тышқанды.
Таба алмадық, ашуландық «ш-ш-ш»
Ал ендеше көбелекті ұстайық.

Доппен ойындар.
Допты қорапқа түсіру керек

Тәрбиеші: Міне қандай тамаша! Ал енді доптарыңды орнына қойындар, доптар демалсын. Маған қарандаршы мысықтарым. Менде қандай әдемі доп бар. Ол секіреді. Ал, сендер де солай секіре аласыңдар ма?
Қимылды ойын « Менің көңілді добым» (2 рет қайталау)
( тәрбиеші доппен жаттығулар орындайды- өлеңді оқып тұрып, допты жерге қағады, ал сәбилер болса екі аяқпен секіреді, содан соң жан жағына қашады ).
Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Қызыл, жасыл, сары, көк...
Қуып жетем мен саған!!!

Тәрбиеші: Сендер ойнап жүргенде, бұлттар келіп күн бұзылды. Ағаштар шайқалды, жел көтерілді. Жаңбыр басталды.
«Жаңбыр мен күн ойыны»
Тәрбиеші:
Біздің Мурзик досымызға сендердің ойындарын ойнап қалды. Ол сендерге сыйлық береді. (Балаларға тәттілер таратылады)

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.