Главное меню

  • К списку уроков
Педагогтарға кеңес «Бала тәрбиесіндегі қазақ халқының ұлттық ойындарының маңызы»
01.09.2015 1006 122 Ельжанова Үміт Кайыргалиевна

    Бала тәрбиесі - өткен заманнан бастап адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің өзекті мәселесі. Қазақ халқы ежелден жас ұрпақты сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат еткен. Баланы үнемі қамқорлыққа алып, жан-жақты тәрбиелеп отырған қазақ халқы мәдени мұраларға бай халық.

  Сондай дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Халқымыздың өмірде дені сау, шыныққан бала тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпақтарына үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар.

   Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болам ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Балалар ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, ұлттық салт-дәстүрлермен танысып, қасиетін айқындай бастайды. Тәрбиеші ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, ұлттық мінез-құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөліп, тереңірек шұғылдануға тиіс.

   Жауапты міндеттердің баянды болуы үшін егеменді еліміздің ертеңгі қажетін өтерлік, жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, білімді, парасатты, ана тілін, ата-баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз – ұлттық ойындар.

    Халықта «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі.Ұлттық ойындар арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайында таным түсініктері қалыптастасады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын.

   Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенімізбен бүгінгі байланыстарымыз баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз. Ұлттық ойындар балаларды шапшаңдыққа, алғырлыққа, батылдық пен жүйріктікке,елін, жерін қорғауға, салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелейді.

   Ойын алдында міндетті түрде бастаушы яғни ойынды жүргізушіні санамақ арқылы сайланып алынады.

Санамақ түрлері:                Тығылмақ.

                                 Екі бала көзін басты,

                                 Бес бала тұра қашты.

                                 Үшеуі сайға тығылды,

                                  Екеуі ойға тығылды.

                                  Қанша бала тығылмақ,

                                  Ойнайды екен, жылдам тап?

                                             Неше алма?

                                  Биік терек алда тұр,

                                  Басында көп алма тұр.

                                  Бұтақ сайын бес алма,

                                  Бес бұтақта неше алма?

                                  Кәне, ойлап бағайық,

                                  Шешімін тез табайық!

                                  Айша шешті мезетте,

                                 -Алма өспейді теректе.

 

 

                                              Тез тап.

                                    Тез тап,

                                    Бас біреу.

                                    Қас – екеу,

                                    Жүрек – біреу.

                                    Білек- екеу.

                                    Мұрын – біреу.

                                    Бұрым екеу,

                                    Барлығы нешеу?

                                 

                                  

  Ұлттық ойындардың түрі өте көп, мыс; кең алаңда отырып немесе шеңбер жасай тұрып ойнайтын ойындар, атап айтсақ «Домбыраға тез жет», «Ай, домбырам», «Сақина тастамақ»,  «Тақия тастамақ», «Ханталапай», «Көрші» ойындары және т.б.

Мысалы, «Көрші» ойынының ойналу шарты: балалар екі-екіден отырады, бастаушы кез-келгеннен «көршіңмен доссыңба?»-деп сұрайды, «ия» -десе, «дәлелдеші» -дейді бастаушы. Басын сипап, қолын ұстап немесе бетінен сүйіп көрсетуі тиіс. Егер «қаспын» десе бастаушы –ендеше «кіммен дос боласың?» -деп сұрайды.

  Бастаушы сұралған адамның жұбынан: «көршіңді бересіңбе, бермейсіңбе?» - дейді.

Егер бермеймін десе, ол сұраған адамның шартын орындайды. Яғни, өлең, тақпақ айту, билеу, жұмбақ шешу, жануарлар дауысын шығару, т.б.

Мыс; ойын қызықты болу үшін мынандай шарттарды кез келген ойында пайдалануға болады.

                    Мысықша мияулау.

                    Қоянша секіру.

                    Жылқыша шабу,кісінеу.

                    Итше үру, әтешше шақыру.

                    Түлкіше жүру, т.б.

«Көрші» ойыны балалардың бір-біріне деген мейірімділік, достық ниеттерін арттыра түседі.

   Ал, «Ай, домбырам» ойыны  мерекелік ертеңгілік шараларда ойнауға өте қызықты. Балалар бұл ойыны арқылы қазақ халқының ұлттық киелі аспабы – домбырамен жақын таныса және ұлттық аспапқа деген сүйіспеншіліктері артады. Ойын кезінде балалар жерге шеңбер жасай отырып, төмендегі өлең жолдарын айтып, домбыраны бір-біріне жалғастырады. Өлең жолы біткенде домбыра кімде қалса, сол бала өнерін көрсетеді.

                          Ай, домбырам, менің домбырам,

                          Күмбірлеген күй домбырам.

                          Шеңберменен айнала,

                          Достарыңды жағала.

                          Бізбен бірге ән салып,

                          Би-билетіп, ойнатқыз.

«Орамал кетті, орамал» - ойынын да жазық далада, жерде шеңбер жасай отырып, ойнайды.Бұл ойында балалар бір-біріне жақын, дөңгелене жайғасады. Шеңбердің сыртында жүрген бастаушы «бір-екі-үш» деп, ойынды бастауға белгі берген кезде тізелерін бүге қалады да, алдын-ала әзірленген орамалды тізелерінің астынан бір-біріне өткізе бастайды. Орамалдың кімнің қолында екенін бастаушыға сездірмеу үшін: «орамал кетті, орамал» деп шуласып, барлығы да орамалды өз тізесінің астынан өткізіп жатқандай қимыл жасайды. Бастаушы бір баланың қолынан орамалды көріп қалса соның атын атайды. Ондайда ол бала бастаушымен орын ауыстырады. Ал орамал аты аталған баланың қолынан шықпай басқа ойыншыдан шықса, бастаушы өз кінәсін жуып, өлең айтып, күй шертіп немесе билейді.Сөйтіп ойынды әрі қарай жалғастырады. Бұл аталған ойындарды балабақшада мерекелік шараларда ұйымдастыруға болады.

    Балалардың жиі ойнайтын «Бәйге», «Теңге алу», «Ақ сүйек», «Қыз қуу», «Көкпар», «Жорға жарыс», «Арқан тартыс», «Соқыртеке», «Қап жарыс», «Тұсау жарыс», «Ақ серек, көк серек» ойындарын кең жерде яғни залда, серуендеу кезінде,спорттық шараларда өткізген өте қызықты.Бұл ойындар балаларды байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа, ептілікке, шапшаңдыққа баулиды. Сонымен қатар ойын ойнарда балаларға төрт түліктің бірі – жылқының ертеден батырдың серігі екенін, жауды сол жылқымен қуып, шайқасып, жеңіске жылқының да зор көмегі болғанын, ол әрі көлік, әрі азық екенін түсіндіріп отыру.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.