Главное меню

  • К списку уроков
Сайыс "Аналар-асыл жандар"
15.04.2015 965 189 Суюндикова Айгул Абдуалиқызы

1- жүргізуші: - Армысыздар, құрметті апайлар мен ата-
аналар, аяулы әжелер!
Қазіргі де, бұрынғы замандарда
Ананы қадірлемес адам бар ма ?
Аналар – ардақтылар жасай берсін,
Әрқашан бақыттысың анаң барда !

2- жүргізуші: - Жыл аралатып, көктемнің алғашқы
күндерімен келетін 8- Наурыз мерекесі
құтты болсын!
«Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді ғой дана халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, күміс көмей әнші мен мың бұралған бишілер де анадан жаратылған.

1- жүргізуші: - Ананың әрбір сөзі, ой- талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп
Ардақты ана еңбегі ақталады.

2- жүргізуші: - Той- тойлап, дала мен қалаларым,
Мереке құтты болсын аналарым!
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтауға келе жатыр балаларың!

1- жүргізуші: - Олай болса, ардақты аналарымыз бен
әжелерімізге, аяулы апайларымызға арналған «Аналар- асыл жандар!» атты аналар сайысын бастаймыз.

Тәрбиеші: - Ортаға сайысқа қатысқалы отырған
аналарымызды шақырамыз.

1. Райымбектің анасы - Бану.
2. Айшаттың анасы –Гүлжайна.
3. Жасқанаттың анасы-Ақгүл
4. Нұрлыбектің әжесі - Зия.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Олар:

1. Таныстыру.
2. «Бала тілі - бал».
3. Өз өнерлерін көрсету.
4. «Қазақтың салт – дәстүрін білесің бе?»
5. «Балық аулау» ойыны.

Ал, қанекей ағайын,
Асқақ әнге салайын
Басы болсын бұл тойдың
Шырқап әнге салайық.- дей келе, бұл тойымызды «Аналар» әнімен бастайық.

Тәрбиеші: - Сайысымызды бастамастан бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық:
1. Мектеп директоры: Төлегенов Тұрлан.
2.Бастауыш сынып мұғалімі: Есболаева Алмагүл.
3. Ата- аналар.

Сайысымыздың 1- бөлімі: «Таныстыру».
1 Аналар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға.

Сайысымыздың 2- бөлімі: «Бала тілі - бал».
Бұл сайысымызда ата- аналар баласының қандай дәрежеде өсіп келе жатқанын бақылап, қызықтайтынын байқауға болады. Ата- аналар балаларының қызықты бір қылықтарын немесе сөздерін айтады.
Сайысымыздың 3- бөлімі «Өз өнерлерін көрсету».
3 . Қазақ жұрты киелі
Өнерлерін сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп, ән салып бер.

Сайысымыздың 4- бөлімі: «Қазақтың салт – дәстүрін
білесің бе?»

Аналарым асыл менен ардақты,
Ажыратар асыл менен жақынды.
Үйретеді салт- дәстүрді бәріне - дей келе, салт- дәстүрді көрсету.

Сайысымыздың 5-бөлімі «Балық аулау» ойыны.

Бұл бөлімде ата- аналар аквариумнан балық аулап, сол бойынша сұрақтарға жауап береді.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші сайысымызда аяқталды. Бүгін сіздер аналарымыздың батылдығы мен тапқырлығына куә болдыңыздар. Әділқазылар өздерін бағасын бере жатар. Оған дейін шағын орталық тобының концерттік номерлерін тамашалаңыздар.

Нұрлыбек: -Әжемді мейрамымен құттықтаймын.
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
Әжетай сізді жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлайын.

Райымбек: - Анам менің -өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Айшат: - Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан
Бөбегі де кетпейді.
Әлиянұр: - Сыйлаймын мен әнімді,
Сізге арнап жаттаған.
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын, ақ анам.

Ерхан: - Ана- біздің күніміз,
Ана- біздің гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Жасқанат: - Сыйлаймын мен әнімді,
Сізге арнап жаттаған.
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын, ақ анам.

Виктор: - Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым
8- ші Наурызбен!

Күмісай: - Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Аман сау бол анашым.

Нұран: - Шәй ішетін қоюлап,
Жақсы көрем анамды.
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы кқрем әжемді.

Әмина: - Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Нанға кетсе мамамыз
Үйде өзіміз қаламыз.

Ән: «Құттықтаймын ана» Райымбек,Алтынай.


1-жүргізуші: -Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімеген
Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
2-жүргізуші:
-Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен –күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.

Осымен «Аналар- асыл жандар» атты сайысымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Шағын орталық тобының бүлдіршіндері өздерінің ата-аналарына жасаған сыйлықтарын табыс етеміз.




1. Үйіңізде балаңызға қандай тыйым сөздер айтасыздар?
2.Мақалды жалғастыр:
Ашу дұшпан, ақыл дос
---------

1. Ата- аналардың міндеті қандай ?
2. «Бала» туралы қандай мақал- мәтелдер білесің?

1. Келді өмірге бір бөбек,
Кеудесіне гүл бөлеп.
Бүгін айтар жыр бөлек.
Бүгін шығар үн бөлек.

Осы өлең жолы қандай рәсімге байланысты айтылған?

2. Мақалды жалғастыр:
Жалғыз жүріп, жол тапқанша,
---------------

1. Баланың кішкене кезінде шашына яғни екі шекесіне екі шоқ қояды, оны қалай атайды?

2. Мақалды жалғастыр:
Еңбектің наны тәтті,
-----------

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.