Главное меню

  • К списку уроков
«Су»
05.04.2016 433 118 МагауинаМС

Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: «Су»
Мақсаты: Қағаз бетінде суреттерді орналастырып, бейнелерді дақпен сала білу іскерліктерін бекіту. Көк түсті бекіту.
Міндеттері:
Білімділік: Балаларды бейнелерді дақпен сала білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ой белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Қол моторикасын дамыту.
Көрнекіліктер: Қылқалам, қағаз, гуашь
Әдіс-тәсілі: Қылқаламмен сурет салу тәсілі
Билингвалдық компонент: су - вода, көк – синий, көл - озеро
Оқу іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті Жетістігі Кемшілігі
1.Мотивациялық қозғаушылық

2.Ұйымдастыру кезеңдері

3. Рефлексивті түзетушілік
Тәрбиеші шаттық шеңберге тұрғызады.

- Балалар, бүгін біз бір саяхатқа көз жұмып аттанамыз. Ал, сендер біз қайда келгенімізді айту керексіңдер.
- Қайда келдік екен? Бұл не екен?
- Ол, су дұрыс. Ал, бұл көп – көп суды көл – озеро деп атайды.
- Тамаша, ал көлде не өмір сүреді?
- Дұрыс, оларға да су керек екен. Тағы су кімге керек?
- Иә, дұрыс. Су барлығына керек. Су не үшін керек?
- Тамаша тағы, шөлдемеу үшін.
- Сондықтан біз бүгін не саламыз?
- Иә, дұрыс. Су саламыз. Ал, суға алыстан қарағанда оның түсі қандай екен?
- Сонда көк түсті бояумен саламыз. Немен саламыз?
- Дұрыс, қылқаламды дұрыс ұстап, суға, бояуға батырып, содан кейін қылқаламмен қағаздың үстінде дақ қалдырамыз.
- Ендеше қауіпсіздің ережелерін қайталайық?

Сергіту сәті
Балық суда жүзеді,
Өте таза жылы су.
Бірде жазылады,
Бірде жиырылады,
Сөйтіп інге тығылады.
- Ендеше, балалар жұмысқа кіресейік. Қылқаламды дұрыс ұстап суға батырып алып, көк түсті бояуға батырамыз. Содан кейін қағаздың шетінен бастап дақ қалдыра бастаймыз.
Тәрбиеші балаларға көмектеседі.
Қорытынды:
- Бүгін не салдық?
- Ал, немен салдық?
- Ал суретіміздің түсі қандай екен?
- Дұрыс, су барлығына керекпе?
- Сондықтан, суды қорғау керек.
Балаларды суреттері үшін мадақтау. Шаттық шеңберге тұрып жасайды.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

Балалар назар салып тыңдап жауап береді:

- Су – вода
Тыңдап, қайталайды.
- көл – озеро

- балықтар

- бізге, адамдарға, жануарларға, т.б.

- өсу үшін, ішу үшін, шөлдемеу үшін
- су

- көк

- бояу, қылқалам

Назар салып тыңдайды және бақылайды.

Қауіпсіздік ережесі:
-Қағазды, қылқаламды ауызыңа салма.
- Қылқаламмен және бояумен ойнауға болмайды.
- Киіміңді таза ұста.
- Үстелді кірлетпе.
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін қайталап жасайды.

Тәрбиешіні назар салып тыңдайды.

Балалар тәрбиешінің көмегімен сурет салуға кіріседі.

Балалардың жауаптары:
- су
- бояу, қылқалам
- көк

- иә
Мұқият тыңдайды.
Суреттерін тәрбиешімен бірге қарап, мадақтап дәлізге іліп қояды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Қылқаламмен дұрыс сурет салу.
Игеру: Көк түсті бекітіп, бейнелерді дақпен сала білуге үйрету.
Меңгеруі: Таза, мұқият сурет салуды.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.