Главное меню

  • К списку уроков
Тәрелкедегі алмалар
05.04.2016 476 132 Магауина Мөлдір Сарсенқызы

Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Тәрелкедегі алмалар
Мақсаты: Қуыршаққа алма сыйлаудан жақсы көңіл күй қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Дөңгелек пішінді таныс көкеністерді мүсіндеу іскерліктерін қалыптастыруды үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Балалардың қол саусақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Сыйлық жасай білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, жапсыру
Көрнекіліктер: түсті қағаз, желім
Билингвалдық компонент: қуыршақ – кукла, алма – яблока, дөңгелек - круг
Оқу іс-әрекеті Тәрбиешінің іс – әрекеті Баланың іс – әрекеті Жетістігі Кемшілігі
1.Мотивациялық қозғаушылық

2.Ұйымдастыру кезеңдері

3. Рефлексивті түзетушілік Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге тұрғызып бастайды.

- Балалар, бүгін біздің қуыршағымызда туған күні екен. Туған күнде оның көңіл – күйін түсірмеу үшін не істейміз?
- Тамаша, сыйлық сыйлаймыз.
- Дұрыс, ал оған не сыйлаймыз?
- Балалар, қуыршақтың жақын досы қояннан сұрап көрейік пе?
- Жақсы рахмет қоян, ол алмаларды жақсы көреді екен. Не сыйлаймыз сонда?
- Дұрыс, ал неден жасаймыз?
- Тамаша, ал алманың пішіні қандай?
- Дұрыс, алмалардың түстері қандай болады екен?
- Иә, тамаша. Дайын кесілген қызыл, жасыл алмаларды бір – бірден алып желімдеп, қағаздың үстіндегі тәрелкеге жабыстырамыз.
Билингвалдық компонент: қуыршақ – кукла, алма – яблока, дөңгелек - круг
Сергіту сәті:
Сергіту сәті:
1 – 2 – 3
Біздерде бар күш,
Терезені ашамыз.
Таза ауа жұтамыз,
1 – 2 – 3
Отырамыз тып – тыныш.
- Тамаша, енді жұмысқа кірісейік. Алдарында жатқан дайын дөңгелектерді жабыстырамыз. Бірінші қызыл алманы, сосын жасылын, соңғысы қызыл алманы жабыстырамыз.
Тәрбиешімен бірге жұмысқа кіріседі.
Жұмысты аяқтағаннан соң қуыршаққа барып, алмаларын сыйлайды.
Қорытынды:
- Балалар, бүгін біз кімнің көңіл – күйін көтердік?
- Қалай? Неге?
- Иә, балалар. Ал, сыйлықты неден жасадық?
- Дұрыс, ендеше туған күнге барлығына сыйлық сыйлау керектігін білу керек.
Балаларды мадақтау. Амансың ба Күн Ана
Амансың ба Жер Ана
Амансың ба достарым
Сендерді көріп қуандым.
(Алақандарын жайып жүрек жылуын бір – біріне үрлейді)

Назар салып тыңдайды.

- сыйлық сыйлаймыз

- білмейміз

- иә.
Балалар қоянды шақырады.
- Қоян қуыршаққа не ұнайды?
Қоян:
- Ол, алманы өте жақсы көреді, - деп қашып кетеді.
- алмаларды
- қағаздан
- дөңгелек

- қызыл, жасыл

Назар салып, есте сақтайды.

Тәрбиешімен бірге қайталайды.

Тәрбиешімен бірге тақпақты қайталайды және қимылдарды орындайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап жұмысқа кіріседі.

Жұмысты аяқтап, қуыршаққа аттанады. Сыйлықтарын сыйлап, құттықтайды.

- қуыршақтың
- сыйлық сыйладық, туған күнге

- түсті қағаздан

Мұқият тыңдайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сыйлаудан жақсы көңіл күй қалыптастыруды.
Игереді: Дөңгелек пішінді жабыстыруды үйретуді жалғастыру.
Меңгереді: Таза және әдемі желімдеуге, жабыстыруға үйренеді.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.