Главное меню

  • К списку уроков
Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы «Жаманнан жирен»
11.10.2015 1161 158 Бекжанова Гульнара Чапаевна

Мақсаты: 1. Балаларды салауатты өмір салты туралы түсініктерін бекіту. Жақсы, жаман туралы түсінік беру.

                       2. Өз - өзіне  қызмет көрсете  алу және  салауатты  өмір  салтын  ұстанып, күн  тәртібінің  сақталуы туралы  білімдерін бекіту. Ойлау, есте сақтау қабілетін, жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту.

            3. Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.   

Сабақтың көрнекілігі: әңгімеге байланысты суреттер, тазалыққа керекті заттардың суреттері (сабын, сүлгі, тарақ, тіс щеткасы, тіс пастасы).

Әдіс-тәсілдер: әңгімеге, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Блингвалды сыңары: тазалық- чистота, темекі-сигарета, дұрыс тамақтану-правильно питаться, күн ережесі-режим дня.

Сөздік жұмыс: Дені саудың- жаны сау, Салауатты өмір, салты.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің  іс -  әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Мотивациялық қозғаушы

I. Ұйымдастыры  кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Балалар, алдымен амандасайық.

- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.

Психологиялық сәт:

Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын құру.

Жақсылықтан  үйреніп,

Боламыз  біз  жақсы  адам.

Жамандықтан  жиреніп,

Үлгі  аламыз  жақсыдан.

- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.

- Қайырлы күн,

-  Сабағымызды жақсы оқиық

-  Аман болайық.

Сәлеметсіңдерме!

Сәлеметсібе апай!

Балалар көтеріңкі көңіл-күймен сәлемдеседі.

Балалар  назарын тәрбиешіге  аударады.

Балалар  шаттық  шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы  лебіздерін  білдіреді.

-  Әрқашан күн сөнбесін,

-  Аспанымыз ашық болсын.

-  Деніміз сау болсын.

-  Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.