Главное меню

  • К списку уроков
Сызу сабағында оқушыларды топтық жұмысқа тарту
22.06.2016 324 95 Исмбекова Гульнара Абдикаменовна

2015 – 2016 оқу жылы
Мұқағали шығармаларындағы диалог сөздер
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұялатса, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас - қабағын бағып, өткенді көрсете отырып, болашаққа сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны ақынның поэзиясынан танып көруге болады. Ақын шығармаларындағы диалог сөздер шығарманың өмір шындығын ашуға, құндылығын көрсетуге негіз болып, жаңаша көзқарас қалыптастырады. Диалогтың ұтымды қолданылуы, сәтті шығуы қаламгер шеберлігінің бір көрінісі тәрізді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Поэзиядағы көркем өмір шындығын ашып көрсету - кейіпкер бейнесін өзара тілдесу арқылы ашып көрсетуде танылады. Диалог арқылы адамгершілікке, ар - намысқа талпынған шығарма кейіпкерлерінің ішкі сезімі, мінез - құлқы айқын аңғарылып, көркем образ, кесек мінездер жасаған. Диалог арқылы әдеби тіліміздің жетілуіне, толыға түсуіне үлес қосқан.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Зерттеу жұмысының басты мақсаты – М. Мақатаев шығармаларындағы көркемдік жүйесінің сөз болу жайына барлау жүргізе отырып, диалог сөздердің қолданылуына терең үңілу. Нақты мысалдар арқылы Мұқағали поэзиясын саралау.
Негізгі мақсатты орындау үшін зерттеу жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды.
- Мақатаев поэзиясының құндылығының, шынайылығының басты себептерінің бірі – диалог сөздердің қолданылуында екендігін ғылыми тұрғыдан дәйектей отырып, көркем әдеби тіліміздің жетілуіне, толыға түсуіне қаншалықты үлес қосқанын саралау;
- Зерттеуде тек Мұқағали шығармаларының поэзия құдірет - күшінің ауқымы мен аясына сыйып тұрған жұмбақтарына жетелеу;
- Ақынның туындыларындағы өмір шындығының көркем шындыққа ұласуы, адам бейнесін ашып көрсетуде диалог жасау шеберлігін сараптау;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Мұқағали шығармашылығындағы диалог сөздер осыған дейін дербес зерттелмеген. Зерттелсе де белгілі ортақ тақырыптардың аясында қарастырылатын. Бұл жолғы зерттеу арнайы әрі нысанды мақсатта жүргізілді. Сондықтан зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы көтерілген тақырыптың мәнділігімен, көкейкестілігімен айқындалады.

Зерттеу нысаны ретінде
М. Мақатаевтың өлең, толғау, поэмалары негізгі материал болды.
Күтілетін нәтиже: тақырып бойынша іздеу, табу, синтездеу, анализдеу, зерттеу т. б. әдіс - тәсілдерді қолдана отырып сапалы білім, саналы тәрбие алып, шешендік өнерге машықтанады..
Баршамызға мәлім екі немесе одан да көп адамның бір - бірімен пікір алысуы диалог деп аталады. Диалог - көркем шығарма тіліндегі кейіпкер бейнесін сомдаушы негізгі тілдік тәсілдерінің бірі. Адамның сезімі, тебіренісі, ішкі ойы кейде сұрақ - жауап арқылы іске асып отырады.. Мұқағали шығармаларын оқи отырып осы диалогтың түр - түрін кездестіруге болады. Диалогтың негізгі белгісін Н. Бахтин «Быть - значит общатся диалогический. Один голос ничего не кончает и ничего не разрешает». (Проблемы поэтики М. Достоевского ) десе, зерттеуші К. Еңсебаева: «Диалог - образ жасауда шешуші фактор. Кейіпкерді есте қаларлықтай етіп беру - сәтті диалогтың жемісі»деп көрсеткен.
Ақынның диалогқа құрылған өлеңдері осының айқын дәлелі.
Ақын «Менің анкетам» деген өлеңінде өз өмірбаянынын диалог арқылы берген:
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Ерпекпін ғой, еркекпін!
Және - дағы тәуірмін!
Мұнда кейіпкер беретін ойын өз түсінігімен ғана емес, екінші бір адамның жауабын қоса қолдануы әсерлі шыққан.
Осы диалогтың өлеңді жүрдек етіп тұрғаны өз алдына, сонымен бірге аталмыш өлеңнің өңін де кіргізіп тұр.
«Сөз атасы - сәлем», адамдар арасындағы қарым - қатынас амандасудан басталады. Мұқағалидың «Райымбек, Райымбек!» поэмасындағы Қабай жырау мен жас Райымбектің тілдесуіне көз жіберелік:
- Армысың, Ата!
- Бар бол, балам, аман ба?
- Жолыңыз болсын?
- Жолдың несін, сұрайсың мына соқыр заманда.
Қайда барсаң Қорқыт көрі қазулы тұр адамға...
Мұңдағы диалог амандасу, сұрау арқылы іске асып тұр. Мұндағы екі адамның сөзі «ата», «балам» деген туыстық, жақындық қаратпа сөздер арқылы жасалған. «Жолыңыз болсын?» - мұнда тілек мағынасында емес сұрақ мағынасында қолданып тұр. Қазақта жол жүріп бара жатқан адамнан «Қайда барасың?» деп сұрамайды, «Жол болсын?» дейді. Олай сұрамаса жолы болмай қалады деген ырым бар. Мұқағали да осы үрдісті сәтті қолданған.
Жоғарыдағы поэмада:
- Нешедесің?
Кімнің сен тұқымысың, құлыным?
- Хангелдіден тараған бір тұғырдың ұлымын,
немесе
- Осыншама ақылды кімнен балам үйрендің?
- Ішіндегі шалдардан, анау қараша үйлердің.
Бірін төре, бірін би етсем деген ойым бар.
Бабам қолдап, бір кезде маған билік тиген күн.
Мұнда ақын бір обьектінің екінші обьектіге сұрағы, екінші обьектінің қойылған сұраққа жауабы арқылы істің мән - жайын айқындап, Райымбек бейнесін ашып көрсетуге күш салған... Ақын кейіпкерлерді өзара сөйлету арқылы олардың мінез - құлқын, түсінік танымын көрсетеді,
- Құс боп ұшып жоғалсам не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем не етер едің?
- Күл боп бірге соңынан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп, қуып ақыры жетер едім.
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы, сәулем бәрін де көтеремін... – деп Мұқағали қыз бен жігіт арасындағы шынайы сезімді жоғары бағалап, шын сүйген, сенген адамға ешнәрсе кедергі бола алмайтынын осылай диалог арқылы жырлайды. Бұл өлеңді қыз бен жігіт айтысының бір түрі деуге де әбден болатындай. Жігіттің қайсар да ержүрек екені, ал қыздың нәзік ерке қылығы осы өлеңде жақсы ашылған.
Ал енді Мұқағалидың «Адасқандар» өлеңінен диалогтің ренішті таңданысты түрін көруге болады:
- Біздер әлі тіріміз бе, ей?

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.