Главное меню

  • К списку уроков
Бейнелеу өнері "Сәулет өнері" 5 сынып
17.02.2015 1375 276 Омарова Сагдат Бакеновна

Сабақтың мақсаты:
Білімдік:
1) Оқушыларға сәулет өнері туралы мағлұмат беру;
2) Оқушылардың, сәулет өнерінің жобасын жасауда интернетті қолдана білуін, қажетті материалдарды АКТ (ақпараттық коммуникативтік технологиялардан) жылдам таба білуде ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
1) Өз Отанын сүюге, тарихи ескерткіштерді кадірлей білуге, өзге елдердің тарихи ғимараттарынан мағлұмат алуды Google Планета Земля. бағдарламасын ҚТ ұқауіпсіздік техникасына сай тәртіппен орындауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
1) ақпараттық коммуникативтік технологияларды еркін қолдана білуін қызығушылықпен терең дамыту.
Сабақтың түрі: Жылдамдатылған итернет арқылы Планета Земля. программасын қолдана отырып жер шарын айнала ұшу арқылы әлемге саяхат жасау сабағы.
Көрнекілігі: интерактивтік тақтадағы әлемдік ғимараттар сәулеттері, қарта-схема, фотосуреттер, карточкалар, видеофильм «Астана».
Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет.
Керекті оку-кұралдары: сурет дәптері, қарындаш, өшіргіш.
Сабактың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезең: Сабактың мақсатымен таныстыру.
2. Кіріспе сөз: Жаңа тақырыпты ашу.
3. Сөздік әлеміне саяхат: Сәулет өнері (архитектура) және басқа терминдерге түсінік.
4. Әлемге саяхат: Планета Земля. бағдарламасы арқылы архитектураларды (сәулет өнерін) көрсете отырып түсінік беру.
5. Әлемдегі небір қызықты ғимараттарды қызықтау: Небір қызық сәулет өнерінің үйлері, ғимараттары (архитектуралар), ертегі әлеміне ұқсатығы, таңқалдырар ғимараттарды көреміз.
6. Жобаны дәптерге орындау: Сурет салу кезеңдері бойынша дәптермен жұмыс жасау, архитектуралардың жобасын құру.
7. Қорытындылау: оқушылардың жұмысын бағалау.
Activstudio Professional бағдарламасы бойынша ACTIVboard қашықтықтан басқару жестиктерімен тестілеу жұмысы.
8. Үйге тапсырма: Ойдан құрған, жаңа ғасырдың «Ғажайып ғимараты» шығармашылық жұмыс.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Ең әуелі бүгнгі сабаққа қалай әзірленіп келгенімізді тексеріп алайық. (сурет дәптері, карындаш, өшіргіш). Құралдары жоқ оқушыларға өзімде бар құралдарды таратамын.
2. Сабақтың барысы:
Балалар, бүгінгі сабағымыздың такырыбы: «Сәулет өнері». Оқулықтарыңыздың 106-бетін ашып алдарыңызға койыңыздар. Бүпнгі сабағымыздың мақсаты сіздерге жалпы сәулет өнері туралы мағлұмат беру, оның түрлері мен, туындыларымен таныстыру.
Қазақстан сәулет өнерінің қалыптасуының тарихын түсіндіремін. Сабағымыз саяхат түрінде өтіледі.
3. Сөздік әлемәне саяхат:
Біз мектепте жалпы сәулет өнері туралы танысамыз. Қай елге, қай калаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүреміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын - «сәулет өнері немесе «ар-хитектура» (аrchitecture) дейді, грек тілінен аударғанда «аrchitecton» «аға кұрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен кұрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті кажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша, сәулеттік шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болу керек деген.
Олар: а) беріктік - инженерлік есеп;
ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілк - талант-талғамға байланысты.
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Казіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына карай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Бұл, яғни электроника, эскалатор мен лифттер, санитарлық тех¬ника бұйымдары, ауа тартқыш тетіктер т.б. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап кұрылыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады. Ондай ескерткіштер өз дәуірінің кұрылыс салу тәсілінің белгілі бір үлгісімен салынған.
Мұғалім: Балалар, саяхатқа шыққанды ұнатамыз ба? Олай болса, кішкентай Білгішбекпен бағыттаушымен бірге саяхатқа шығайық. Мынау біздің мектебіміз (карта-схема). Саяхатты мектебімізден бастаймыз. Біздің қалада көптеген әдемі ғимараттар бар. Соның бірі - біздің мектеп. (Қаладағы ғимараттарды атап көрсету).
4. Әлемге саяхат:
Мұғалім: Міне, біз мектептен сәулет өнері тура¬лы алғашқы мағлұмат аламыз. Мағлұматымызды тереңдетіп алу үшін Білгішбекпен бірге сапарға шығайық. Мынау не? Әлем. Жер бетінде әсем ғимараттар, шаһарлар өте көп. Солар туралы білу үшін әлемді айнала ұшып келеміз.
Интерактивтік тақмен қосылған интернеттегі Планета Земля. ашып, жер шарын айнала оқушылармен әлемге саяхат жасауға ұшамыз. Интернет туралы түсінік беремін. Осы қолданып отырған әлемдік инциклопедия арқылы дүние жүзін көруге болатындарына, әр мемлекет, ел, қала, аудандардың, сәулет өнерін салыстырып көру арқылы білімдерін тереңдетемін. Әлемге саяхатымызды өзіміздің ел ордасы Астанадан бастап, Мысыр, Ежелді Греция, Римді, Ертедегі Русьті айналып, дүниені шарлап келіп ең соңында өзіміздің қаламызды көреміз.




Әр қалаға саяхатқа барған кезде оқушылар тұрып қосымша не білетіндерін қысқаша мазмұндап береді.
1-оқушы: Мысыр елі. Ніл өзені жарасында тастан қашалған алып пирамидалардың жатқанына 5 мың жыл өтіпті. Сол заманда кұдайдың жер бетіндегі адал ұлы деп саналған, халыктың тәңірі перғауындарға ар-налып салынран.
2-оқушы: Көне Греция. Астанасы Афины. Осыдан 2500 жыл бұрын Афины Парфенонының ғибадатханасы (Акрополь) салынған. Бұл - діни кұрылыс. Оның еңселі бағаналары сәндене тізліп «мені арала» деп тұрғандай.




3-оқушы: Көне Рим. Бұдан 2000 жыл бұрын Рим елінің даңкы бүкіл әлемге жайылды. Римдіктер өздерінің ұлы жеңістерін тойлап, оны есте калдыру мақсатымен алып ғимараттар салған. Мысалға алсақ -Колизей. Бұл ғимарат бірнеше қабатқа ұласқан бағаналар мен аркалар тізбегі сансыз мүсін ескерткіштермен нақышталған.
4-оқушы: Ежелгі Русь. Мұнда қас батырларға ұқсас ақ шаңқан шіркеулер, храмдар салынған. Сол заман-дарда бұлар қорғаныс ретінде болған. Мысалға, Нерль өзенінің жағасындары Покров Богородица шіркеуі.
Әлемде таңғаларлык, ғимараттар өте көп екеніне көздерің жетті. Үнді еліндегі Тадж-Махал, Франциядағы әйгілі Эйфель мұнарасы. Сапарымызды әрі қарай жалғастырамыз. Міне, ұланғайыр Қазақстанымызға да келіп жеттік. Қазақстандағы сәулет өнерінің қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Казақстанда VI-VIII ғасырлар аралырында ғажайып қалалар тұрғызыла бастаған. (Сауран, Тараз, Отырар, Баласағұн, Түрістан т. б.)
Қазақстан сәулет өнері туралы бізге тағы да балалар көмекке келеді.



5-оқушы: Отырар қаласы. Казақстанның орта ғасырлардары әйгілі қалаларының бірі. VIII ғасырда Фараб деп аталған. Ол - ұлы ғұлама бабамыз Әл-Фарабидің туған жері. Қазба жұмысы кезінде Отырарда сәулетті сарайлар, мешіттер болғаны анықталды.
6-оқушы: Тараз қаласы. Таразда Ү - ХҮІІІ ғасырлар-да турғызылған сәулетті сарайлар, мешіттер сақталған Айша бибі кесенесі - XII ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет өнерінің маржаны. Бабажа хатун кесенесі. (XI ғ.). Ескерткіштің кұрылысы өте қарапайым, ол күйдірілген кірпіштен қаланған. Кезінде төбесі сан қырлы күмбезбен жасалған. Бұл ескерткіш — көшпенді халыктың талай сәулет кешендеріне үлгі болған классикалық құрылыс.
7-оқушы: Түркістан қаласы. Бұл қала қазақ хандығының орталығы болған. Ахмет Яссауи кесенесі осында орналасқан. Ғимараттың ішкі-сырткы беті жылтыр, түрлі-түсті мозаикалармен әшекейленген. Бұл қазақ сәулет өнерінің дүние жүзне танымал классикалық көне ескерткіші. Түркістан шаһары қазақ халқының екінші меккесі болған. Бұл каланың төнірегінде Карнақ, Созақ, Сауран, Сығанак, Акқорған, Өзкент, Сүткент, Баба ата деген үлкенді-кішілі қалалар болған.
8-оқушы: Ендігі қала - Алматы. Бұл да әсем қалаларымыздың бірі. Алматыда зәулім үйлер, қонақ үйлер, спорттық кешендер т.б. сәулет өнерінің тамаша туындылары бар.



Мұғалім: Елордамыз Астанаға да келіп жеттікк. (Ви¬деофильм «Астана»).
Балалар, біз біраз саяхаттадык, көп нәрсе білген тәріздіміз. Кайта мектебімізге оралайық. Оқулыктың 109-бетін ашайык. Білгішбекпен бірге жаңа сөздермен танысайық.
1. Мавзолей - монументтік бейіттердің аты.
2. Медресе - мусылмандардың ең жоғарғы мектебі.
3. Мешіт — мұсылмандардың діни ғимараты.
4. Мұнара — көк аспанмен таласқан цилиндр тәріздес конструкциялық құрылыс.
5. Мозайка — түрлі-түсті ұсақ тастардан, боялған әйнектерден, смальтадан, жылтыр керамикадан
кұрастырылған сурет, өрнек.
6. Күмбез - өзінің сипаты жағынан әр түрге бөлінеді.
Олар: шеңберлік күмбез,
сына бейнелі күмбез,
баспалдақты күмбез,
жұлдызды күмбез.

5. Әлемдегі небір ғимараттарды қызықтау:
Осымен оқушылар әлемдегі небір қызықты, таңқаларлық ғимараттарды да көріп, өз жобаларын жасауға кіріседі. «Көреміз, білеміз, таңданамыз және орындаймыз»












6. Дәптермен жұмыс:
Жұмыс дәптеріндегі сурет салу жұмыстарын қайталап, еске сала отырып жоба салуға кірісеміз.

Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге кіріседі. Жанға жайлы күй әуенін қосып, интерактивті тақтадағы сәулет өнерінің жобалары ауысып көрініп тұрады.
Оқушылар өздері тұратын қаладағы әсем сәулет ғимараттарының жобасын немесе ғажайып ғимараттар сияқты өз ойларынан жоба салуға кіріседі.
Енді кішкене ғана білгішбек бағыттаушымызға рахмет айтайық. Бүгінгі сабақта өзімізді болашақ сәулетшіміз деп есептеп, естелік ретінде Білгішбекке инженерлік жобамызды ұсынайық. (Жоба салу)
Жұмыс жасауға 8 минут уақыт беріледі. Жобаларын дайындағаннан кейін келесі қорытындылау кезеңіне көшеміз.



7. Қорытынды:
Оқушылардың жұмысын талдап, жинақтау екі түрлі жүргізіледі:
- сұрақ кою арқылы жаңа тақырыпты корытындылау:
1. Сәулет өнері дегеніміз не?
2. Қандай құрылыстар туралы естіп білдік?
3. Қандай жаңа сөздермен таныстық?

Бес сұрақтан тұратын қорытындылау тестісін Activstudio Professional бағдарламасы бойынша ACTIVboard қашықтықтан басқару жестиктерімен жүргізу.
Тест сұрақтары:
1. Ғимаратты салу үшін қандай үш қасиетті білу керек?
А) сұлулықты, ұқсаттықты, дұрыстықты;
В) дұрыстықты, көркемдікті, қатаңдықты;
С) түзулікті, сұлулықты, биіктікті;
D) берік, қолайлылы, әдемі.
2.Мұнараның құрылысы қандай?
А) ұзынша;
В) дұрыс, төрт қырлы;
С) цилиндр тәріздес;
D) биік тік төрт бұрышты.
3. Мовзолей деген не?
А) сәулет;
В) монументтік бейттер;
С) ғимарат;
D) мұсылмандардың діни ғимараты.
4.Сәулет өнері деп нені айтамыз?
А) ғимараттар суреті;
В) монументтік бейттер;
С) дала суреті;
D) діни ғимарат.
5. Сәулет өнері деп нені айтамыз?
А) ғимараттар суреті;
В) монументтік бейттер;
С) дала суреті;
D) діни ғимарат.

8. Үйге тапсырма: Оқулықтың 108-109 - беттерін оқу.
Шығармашылық «Ғажайып ғимарат» суретінің жобасын дйындап келу.

Үлгі суреттер:

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.