Главное меню

  • К списку уроков
Стереометрия аксиомалары
27.03.2017 189 0

Тақырыбы: Стереометрия аксиомалары
Мақсаты Геометрияның өмірдегі маңызын ұғынады, стереометрияның негізгі ұғымдарын оқып үйренеді,аксиомалардың қарапайым салдарларын қолданып дәлелдеулер жүргізеді.
Күтілетін нәтиже Геометрияның салаларын біледі, планиметрия мен стереометрияның айырмашылығын өмірдегі қолданыстағы маңыздылығын түсінеді,аксиомаларды қолданып есептеулер жүргізе алады.
Бағалау критерилері Жазықтықтағы фигуралар мен кеңістіктегі денелерді ажырата алады.Стереометрияның негізгі ұғымдарын біледі,жазықтықтарды сызбада бейнелеп көрсете алады,белгілеулер арқылы жазып оқи алады.
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Топтық жұмыс,жұптық жұмыс,кесте арқылы сұрақтарға жауап беру, «жіп» стратегиясы,«миға шабуыл»
Қолданылатын ресурстар маркерлер, тақта, стикерлер,интерактивті тақта,кестелер.
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг 3 мин Шаттық шеңберін жасай отырып оқушылармен «бір тілек» тренингін өткізу.Оқушыларды топқа бөлу
Планиметрия және стереометрия. Оқушылар шаттық шеңберін құрады,тілек айтады,сосын топқа бөлінеді.
Білу 5 мин Қызығушылықтарын ояту
7 мин «Миға шабуыл» «Кім жылдам» әдісі арқылы топпен жұмыс жасау
Оқушыларға геометрияны оқу не үшін қажет екендігін негіздейтін 10 себеп айтқызу. кесте жазылған сұрақтарға жауап беру. көрсетілген мағлұматтар бойынша оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сол арқылы топпен жарыс ұйымдастыру. Әр топ сұраққа жауап береді
Түсіну 5мин Жіп стратегиясы
Жұппен жұмыс Оқулықпен жұмыс
Парақшалар таратылады,ережелер жазылып,жіпке ілінеді. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабаққа түсінік алады.Аксиомалар мен теоремаларды түсіндіреді.
Топпен жұмыс жасау
Қолдану 10 мин Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.№629,630,631,635. Оқушылар оқулықтағы жаттығуларға жауап береді.
Талдау,жинақтау8 мин «Өмірлік ахуалды талдау» әдісі арқылы тақырыпты сабақты жинақтау
Оқушыларға стереометрия қай жерде қолдануға болатыны туралы мысал келтіру тапсырмасы беріледі. Геометрияның тұрмыстық қолданысына мысалдар келтіріп жинақтайды.
Бағалау1 мин Қалыптастырушы бағалау әдістері Кесте толтыру. Бағалау критерилері арқылы бағаланады.
Рефлексия
5 мин Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру
Үйге тапсырма
1 мин Стереометрия аксиомалары,теоремалар. .