Главное меню

  • К списку уроков
Ашық сабақ "Әйтеке би.Әйтеке бидің шешендігі"
28.02.2017 306 40 Тулебоева Бозоргул Мирзаевна

Сабақтың тақырыбы:Әйтеке би.Әйтеке бидің шешендігі. Сабақтың мақсаты:1.Әйтеке бидің өмірбаянымен танысу. 2.Әйтеке бидің қазақ халқының тарихында алатын орны мен оның шешендік сөздері. 3.Отбасындағы сыйластық,құрмет пен ізеттілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі:Әйтеке бидің суреті.Плакат.Маркер.Интерактивті тақта.т.б. Сабақтың түрі:Жаңа.Ойын.Сахналау.Жұмбақ.Сұрақ-жауап. Пәнаралық байланысы:Математика.Бейнелеу.Қазақ тілі. Әдіс-тәсілдері:Топтық жұмыс. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй жұмысын тексеру.
3.Жаңа сабақ. Топқа мақалмен бөлу. 1. Тақырыпты ашу. Ребусты шешу.Әйтеке би. 2.Өмірбаяны. Әйтеке Байбекұлы қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан үш бидің бірі,мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан.Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы.Бүкіл парсы,өзбек,қырғыз,қазақ жұрты атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы.Әбілқайыр ханға дейін кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі.Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы.Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді.Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады.Ол алғаш Ұлықбек медресесінде,кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі Алтынмен апталған,Арыстанды медресесінде білім алады.Ақша бабасының елшілік ел басқару жолдарын үйренеді.Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларын үйреткен.Медресені тәмәмдаған Әйтеке туған ауылына оралып,әкесімен ел басқару ісіне араласа бастайды.Жиырма бір жасында би болады.Ал жиырма бес жасында кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды.Ел аузында Әйтеке айтқан билік,шешендік сөздер,толғаулар,баталар көп сақталған.Ол Ташкеннен жетпіс бес шақырым жердегі Қауыншы,Шыназ ауылдарының маңында жерленген. 3.Әйтеке бидің шешендігі өлеңі.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген-ағын су, Алдын ашсаң,арқырар. Ақыл деген-дария, Алдын тоссаң,тоқырар...
Ағасы келсе,ардақтап атын байлағандай, Қонағы келсе,құрметтеп жайлағандай, Тындырымды інісі болса, Қанат-құйрығы сай болып, Көңілі жай болып, Ағаның алар тынысы болса...
4.Сұрақ-жауап.
1.Өлеңнің бірінші бөлімінде не туралы айтылған? 2.Ақыл мен ашуды неге теңеген? 3.Екінші бөлімінде кім туралы айтылған?
5.Топпен жұмыс.
1-топ.Ашу мен ақылды суреттеп бейнелеу.
2-топ.Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы.
6.Топпен жұмыс.
1-топ.Көрініс.
2-топ.Ашу мен ақылға байланысты мақал-мәтелдер.
7.Сергіту сәті.
8.Мақал-мәтелдер.
Ашу дұшпан,ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Жақсының сөзі ақыл шақырады, Жаманның сөзі ашу шақырады.
Білімді өлмес қағазда аты қалар, Ұста өлмес істеген заты қалар.
Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен.
Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы.
Жақсы болсаң,жердей бол, бәрін шыдап көтерген. Таза болсаң,судай бол, бәрін жуып кетірген.
Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
9.Ыстық орындық.
Сұрақ-жауаптар.
10.Қорытынды.
11.Үйге тапсырма:Өз отбасыңдағы сыйластық,құрмет пен ізеттілік туралы эссе жазу.
12.Бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.