Главное меню

  • К списку уроков
Ашық сабақ Қ. Аманжолов «Туған жер»
23.11.2015 1211 153 Аркулова Айсулу Каленовна

Әдебиеттік оқу
4 «А» сынып
Өткізілген күні: 2 қыркүйек
Мұғалімі: Аркулова А.К.
Сабақтың тақырыбы Қ. Аманжолов «Туған жер»
Сабақтың мақсаты
Өлеңді эмоциясын қатыстырып,мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Қазақстанның көрікті жерлерін бейнетаспадан қарап,сол бойынша өз ойын түйіндеп айтуға үйрету.
Топтық жұмыс түрінде орындау арқылы басқаның пікірін тыңдауға,өз ойын айтуға,бірігіп жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың типі Аралас сабақ
Қолданатын әдіс-тәсілдер Әңгімелесу,талдау,интерактивті оқыту тәсілдері,ойын,ой қозғау.
Қажетті материалдар Ақ қағаз (ватман), маркер, оқулық

Сабақтың барысы
Уақытты жоспарлау Жоспар бойынша тапсырмалар
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Мотивациялық кезең
3 мин

Топқа бөлу Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.

Балалар екі бөлек жәшіктен қима қағаздарды алып тұтас сурет шығарады.Астана суреті шыққан 1топ. Табиғат суреті 2 топ болады.
Шаттық шеңбері айтылып болған соң,бір-бірлеріне тілектер айтады.

Қима қағаздар алып,оны құрастырады.Екі топқа бөлінеді
Қызығушылық ояту
3мин Бұл суретте шыққан сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?
Әр топ құрастырған суреттер туралы әңгімелейді.
Ой қозғау
8мин

Сергіту сәт
2мин «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбында бейнефильм көрсету
Бейнефильм мазмұны бойынша ой қозғау,өз айын айтуға тапсырма беріледі.

Бейнефильмнен не көрдің? Ойыңа не келді? Қандай ой түйдің?

Балаларға сұрақтар қою: Отан деген не? Сендер қазір отан үшін не істей аласыңдар? Отан деген сөзді басқаша тағы қалай атауға болады?т.б (Туған жер)
Балалар отан туралы тақпақ кім біледі?Ал мақал-мәтел ше?
Интерактивті тақтамен сергіту сәт өткізу Бейнефильмді қарап болған соң мазмұнын әңгімелейді.Карточкамен жұмыс
Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Балалар Отан,Туған жер туралы тақпақоқиды,мақал-мәтел айтады оқиды.

Балалар іс-қимылдарды қайталайды.
Топпен жұмыс
2мин Кластер құрастыру. Сабақтың тақырыбын ашу. «Отан» деген сөзге кластер толтыру.Әр топ өз жұмысын қорғайды.
Операциялық орындаушылық кезең
Дарынды баламен жұмыс
5мин Енднше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)
Дұрыс біз бүгін Қ. Аманжолов «Туған жер» өлеңімен танысамыз.Автормен таныстыру. Алдын ала бір балаға автордың шығармашылығы жайында шағын ғана мәлімет дайындату.
Сұрақтар қою арқылы автор бойынша пысықтау(Қ.Аманжалов қашанжәне қайда туды?ол кімнің қолында өсті?оның қандай шығармашылықтарын білесің? Т.б
Балалар сабақтың тақырыбын ашады.

Амантай Анель күнібұрын дайындаған автор жайында мәліметпен таныстырады.Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы автор жайлы түсінікті пысықтайды.
Сөздік жұмыс
4мин
Ойын «Адасқан әріптер» Бұл сөздер өлеңде кездеседі. (Құмар,байтақ)Ассосация слайдтан суреттер көрсету. Балалар әріптерден сөз құрайды. Мағынасын түсіндіреді.
Текстпен жұмыс
5мин

«Мен сізден сұрақ күтемін»тәсілі
5мин Өлеңді іштей оқу. Содан соң әр топтан бір оқушы бір-бір шумақ-тан мәнерлеп оқып шығады.
Мәтіннің мазмұнын бір-бірінетүсіндіріп болған соң осы мәтін бойынша сұрақ құрастырыла - ды.Топтағы балалар өзара келісіп, қағазға екі сұрақ жазып, келесі топқа береді.Сұрақтың жауабын топтың ішінде келісіп алған соң,бір оқушы хабарлайды. Өлеңнің мазмұнымен танысады.
Өлеңнің иазмұны бойынша сұрақ-жауап
Сабақты қорыту
4мин

Үйге тапсырма беру.
Мына буындарды ретін тауып қоссаң,бір мақал шығады.
Шыққан мақалдың мағынасын балалар ақылдаса отырып түсіндірулері керек.
Өлеңді мәнерлеп оқып келу. «Туған жер» тақырыбына эссе жазу 1Отан оттан да ыстық.
2Туған жердей-жер болмас.
Мақалдың мағынасын ашу
Бағалау
2мин Бағалау карточкамен жұмыс. Критерийлерді еске түсіру
(Әр кезең соңында) Балалар бірін-бірі бағалайды және өздерін бағалайды.
Рефлексия
2мин Көңіл күй білдіру. Тақтаға үлкен күннің көзі ілінеді. Балалар өз көңіл-күйлерін түрлі түсті гүлдерді ілу арқылы білдіреді.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.