Главное меню

  • К списку уроков
Әдебиеттік оқу «Құмырсқаның өнері» 2 сынып
20.10.2015 1283 149 Батырова Назгуль Шахматовна

Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсіндіру, мәтінге өзінше ой қосу арқылы пікір білдіруге мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтижелер: мысалдағы жәндіктердің мінез - құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйрену.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық қуатын шыңдау.
Тұлғалық нәтиже: еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: басты кейіпкерлердің суреттері
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тиянақтап өту
I. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу:
Екі басты жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)
2. Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып- қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там-тұмдап. (қарға)
II. Мағынаны тану кезеңі
1)Мәтінді бөліктермен бөліп оқыта отырып, талдау жұмысын жүргізу.
2) Іштей, тізбектей, рөлге бөліп оқыту
3) Сөздікпен жұмыс
Ақшам-кешкі мезгіл
Ықтасын – желден қорғайтын пана.
Келемеж – мазақ.
4) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
- Қарғаның құмырсқаны келемеждеуіне не себеп болды?
-Қарғалар құмырсқаның еңбекқорлығына қалай таң қалды?
Дәптермен жұмыс:
- Веен диаграммасы арқылы қарғаның ұясы мен құмырсқаның илеуін салыстыр.
Мәтін мазмұны бойынша жоспар құру:
1.Қарғаның құмырсқаларды келемеждеуі.
2. Құмырсқаның әдемі илеуі.
3. Құмырсқсның өнеріне таң қалған қарға.
III. Ой толғау
Құмырсқаға бес жолды өлең жазу.
Зат е.Құмырсқа
Сын есім.. Еңбекқор, кішкентай
Етістік .Сүйреді, салды,жұмыс істеді.
Сөйлем. Құмырсқа әдемі илеу салды.
Синоним. Жәндік
Үйге тапсырма: мәтінді оқу,қарғаның ұясы мен құмырсқаның илеуінің суретін салу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.