Главное меню

  • К списку уроков
Әдебиеттік оқу "Нұрдәулет Ақышев "Балалар елін бағындыру" 3 сынып
17.09.2015 1648 156 Жанабилова Акерке Сагыралиевна

Мақсаты

Білімділік: Білім алушыларға Н. Ақышевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне тоқталып, мағынасын ашып, негізгі идеясын түсіндіру;

Дамытушылық: Білім алушыларды бір - бірімен ауызекі тілде сөйлесуге, қазақ тілінде сауатты жаза білуге, тілдік қорларын дамытуға, негізгі ойды табуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Білім алушыларды Н. Ақышевтің әңгімелері арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Оза оқыту, СТО технологиясының стратегиясын, АКТ элементтерін пайдалану арқылы түсіндіру

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

 Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Ол жанбаса лапылдап
Аспан қалай ашылмақ.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

«Миға шабуыл»

Жазушы Нұрдәулет Ақышевтың өмірі туралы әңгімелеу

Жаңа сабақ:

1. Кіріспе.

Балалар елін бағындыру
1 - аялдама. «Ойын патшалығы» 1 - слайд
Тапсырма: Ойынның қандай пайдасы мен зияны бар? 1 - бөлімді оқу, талдау. Мақалдар айтқызу. Түйін сөз. Бала ойынмен өседі.
2 - аялдама. «Еңбек»
Тапсырма: Еңбектің пайдасын атайық. 2 - бөлімді оқу, талдау.
Түйін сөз: Адамды адам еткен - еңбек.
3 - аялдама. «Оқу»
Оқудың қажеттілігі қаншалықты? 3 - бөлімді оқу, талдау. Түйін сөз: Оқу түбі - тоқу.
4 - аялдама. «Спорт»
Сендерге спортпен шұғылдануға не кедергі?4 - бөлімді оқу, талдау.
Түйін сөз: Спорт - денсаулық кепілі.
5 - аялдама. «Өнер»
Өнер түрлерін атаңдар. 5 - бөлімді оқу, талдау.Түйін сөз: Өнерлінің өрісі кең.
6 - аялдама. «Кітап»
Кейбір балалар неліктен кітап оқымайды?6 - бөлімді оқу, талдау.
Түйін сөз: Кітаптың бағасы арзан, іші толған маржан.
7 - аялдама. «Көңілге тоқы, сарала»
1. Сөздік жұмыс. Мақрұм - бос қалу. Жүрек жалғау - тамақтану.
Кемеліне келген - әбден дамыған, өркендеген

Сергіту сәті

Мәтінге талдау.                     
Ең маңыздысы? (оқу)
Ең көңілдісі? (ойын)
Ең ақылдысы? (кітап)
Ең күштісі?
(спорт)
Ең жақсысы? (өнер)
Ең маңыздысы? (еңбек)

Ой сергітеді,шаршағандары

Басылады

Сабақты пысықтау

Ү. Жаңа сабақты бекіту. 1. Ертегіні жалғастыру.
2. Балалар елінің тыныштығын кетіретін зиянды жаулап алушылар шығуы мүмкін бе?
Ү. Қорытындылау. «Әңгімелеу кестесі» арқылы
1. Мәтін тақырыбы: Балалар елін бағындыру.
2. Авторы: Н. Ақышев
3. Кейіпкерлер: Балалар, ата - аналар, ойын, еңбек, оқу, кітап, спорт, өнер.
4. Немен аяқталды? Бақытты елге айналуымен.
5. Не үйрендік? Адамға қажетті байлықтарды білдік.
Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы: мәтінді оқу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау күлегеш балақайларын кері байланыс парқшаларына жабыстыру

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.