Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы "Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл үстеу"
18.01.2017 934 102 Наурызбаева Гулзира Табелгановна

Үстеудің мағыналық түрлері.
Мезгіл үстеу
(6 – сынып)
Сабақ мақсаты: білімділік – оқушылардың үстеу туралы алған білімдерін кеңейту, үстеу туралы бұрын білетіндері мен жаңа білімді ұштастыру, сөйлем ішінен мезгіл үстеуді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету;
Тәрбиелік – өз тілін, ұлттық салт – дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу; дамытушылық – ойлау қабілетін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру.
Түрі:жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, тест, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Көрнекілігі: сызба – плакат, тест сұрақтары, слайд, оқушы білімін есепке алу картасы.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау. Оқушы білімін есепке алу картасын слайдтан көрсетіп таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
273 – жаттығуды үш топтан алты балаға оқытып, үстеулерді тапқызу.
«Миға шабуыл»
Үш топқа арнайы сұрақтарға қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Үстеу қандай сөз табы? Мысал келтір.
3. Үстеудің құрамдылық түрлері қандай? Мысалы келтір, т.б.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өтілген тақырыпты топтастыру әдісі арқылы қайталау, жаңа сабақпен
байланыстыру.

Тақтадағы «Үстеудің мағыналық түрлері» сызбасына оқушы назарын аудару, сабақты жалғастыру.

(Оқулықтың 142, 143 – бетіндегі мәліметтер ұғындырылады).
Қимылдың, іс – әрекеттердің әр түрлі белгісі болғандықтан үстеудің 7 мағыналық түрі бар. Мысалы: биыл, кеше, зорға, байқаусызда, т.б.
- Мана мектепке барып, Кәрима апайға сәлемдесіп қайттым, - деген сөйлемнен үстеуді табыңдаршы. (Мана).
- Мана сөзіне қашан деген сұрақ қоя отырып, оның іс – әрекеттің мезгілін білдіріп тұрғанын байқаймыз.
Мезгіл үстеуі қимылдың, іс – әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан, қашаннан деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бүгін, кеше, таңертең, түнде, биыл, т.б.
ІҮ. Бекіту.
275а, 276 – жаттығуларды орындау Үш топ бойынша
1. Мәтіннен үстеуді табу. тақтаға
2. Мағынасына қарай мезгіл үстеуді табу. талдау
Ү. Ойтолғаныс. «Парашютистерді қондыру».
Қай топ мына парашюттің артындағы жұмбақтарды дұрыс шешіп, құрамынан мезгіл үстеуді тапса, сол топ жерге тез қонады.
1. Санымыз қанша білмейміз,
Түнімен көз ілмейміз. (Жұлдыз)
2. Түнде бармын, күндіз жоқпын. (Ай)
3. Жазда жасыл торқа киеді, күзде сары тонды киеді. (Ағаш)
4. Таңертең төрт аяқты, түсте екі аяқты, кеште үш аяқты.
(Адамның жасы)
ҮІ. «Ой қорыту».
Тест сұрақтарын тарату, оқушының өзіне тексерту. (Екі нұсқада берсе
де болады)
1. Үстеу қай сөз табына кіреді?
А) көмекші есім; Ә)атаушы есім; Б) одағай
2. Туынды үстеуді көрсет.
А) төмен, қазір; Ә) тотыдайын, айтпайынша;
Б) жоғарғы-төмен, әрең-әрең.
3. Іс-қимылдың мезгілін, мерзімін білдіретін үстеу.
А) мезгіл; Ә) себеп – салдар; Б) мекен үстеу
4. Үстеудің құрамдық түрлері нешеге бөлінеді?
А) 3; Ә) 2; Б) 4.
5. Күрделі үстеу қалай жасалады?
А) қосарлану арқылы; Ә) тіркесу арқылы
Б) қосарлану және тіркесу арқылы
Білімін есепке алу слайдына бағасын қондыру.
ҮІІ. Сіздің ойыңызда не сақталынып қалды?
Топ Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім?
І
ІІ
ІІІ
Топта талқыланады, ең жақсы жазылған пікірді оқу.
ІХ. Үйге тапсырма беру: 277 – жаттығу.
Х. Оқушылардың білімін бағалау.
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы «Миға шабуыл» Жаттығу жұмысы Ой-толғаныс Ой қорыту Қорытынды баға

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.