Главное меню

  • К списку уроков
Кел, танысайық!
07.06.2016 405 91 Алимгожина Ляззят Маратовна

Сабақтың тақырыбы: Кел ,танысайық!
Сабақтың мақсаты : амандасу,танысу,қоштасу үлгілерін және тақырып аясындағы сөздерді орынды қолда-нуға үйрету.
Пәндік: амандасу,танысу үлгілерін орынды қолдану,өзін таныстыра алу,өзгелермен таныса алу,тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.
Тұлғалық: өзара және үлкендермен сыпайы карым-қатынас қалыптастыру,сыныптастармен достық қарым –қатынас орнату.
Жүйелік-әрекеттік:сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдары өзіне таныс өмірлік жағдаяттарға орынды қолдана алу.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайынығын тексеру.
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
II.Оқушыларды пән мақсатымен таныстыру,тіл үйреніге деген қызығушылықтарын ояту.
III.Жаңа сабақ.1-тапсырмадағы сурет бойынша Қарындаштың «Сенің атың кім?»,Сен неше жастасың?», «Сен нешінші сыныпта оқисың?», «Сенің досық кім?» деген сұрақтарына жауап беру арқылы оқушылар 2-сыныпта өткендерін еске түсіреді, қайталайды.2-тапсырмадағы сөйлемдерді аудиотаспадан тыңдау аркылы 1-тапсырмадағы сұрақтардың дұрыс жауабымен танысады.Әсіресе«Сенің досың қандай? Деген сұраққа ерекше назар аударылады.3-тапсырмада оқушылар«Сенің досың қандай? Деген сұраққа байланысты«ақылды»,«көңілді»,«күшті»,«әдемі» деген сөздерді қайталайды.Аталған сөздерді өз достарына қатысты қолдана алуға жаттығады.Оны орынды қолдануға жаттықтыруда«Есте сақта! Айдарына сүйенуге болады.4-тапсырмада оқушылар әр суреттің астында берілген тірек сөздермен танысады, оларды бірге қайталайды, содан кейін осы тірек сөздер арқылы Максим мен Даша туралы әңгімелейді.Мысалы:Максим тоғыз жаста.Олүшінші сыныпта оқиды.Ол күшті.Даша сегіз жаста.Ол екінші сыныпта оқиды.Ол әдемі.5-тапсырмада берілген сөздерді сәйкестендіріп оқу арқылы оқушылар ақылды,күшті,әдемі,көңілді деген сөздерді жіктік жалғауында орында қолдана білуге жаттығады.Мұнда да«Есте сақта!» айдарына сүйенуге болады.6-тапсырмада оқушылар сөйлесу үлгісімен танысады.Осы үлгі бойынша өзара диалог құрып сөйлеседі.
IV.Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
V. Сергіту сәтін өткізу,қимылды орындату.
Жел соғады бетіме
Қозғалады ағаштар
Жел тыныш-тыныш
Ағаш тыныш-тыныш.
VI.Үй жұмысын беру,жаңа сөздерді жаттату.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтау,сабақтың тәрбиелік мақсатын жүзеге еркін әңгімелеу арқылы жүзеге асыру.
VII.Бағалау,қоштасу.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.