Главное меню

  • К списку уроков
АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ
10.05.2016 298 77 Хасенова Батима Ғабдрашитовна

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Хасенова Батима Ғабдрашитовна
Қарағанды қаласы
№10 жалпы білім беретін орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Қазір бой жарыстыратын заман емес,
ой жарыстыратын заман.
(Нұрсұлтан Әбішұлы)
Ағылшын тілі – бүгінгі таңда жаһандық тілге айналуда, өйткені бұл тілде қарым-қатынас жасайтын елдер саны артып, ағылшын тілін үйренуге сұраныс артып келеді. Соңғы жылдары елімізде бірнеше айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім саласында ағылшын тілін үйрену мен үйретуге деген қызығушылық күн санап өсіп келуде. Білім беру ордалары үш тілділік деңгейге көшіп, негізгі пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болмақ. Осы мәселелерді алға тарта отырып, ағылшын тілінде балалардың еркін сөйлеп, ойлауына жағдай туғызуды алға мақсат етіп қойдым. Ол үшін маған ең алдымен тиімді әдіс-тәсілдер мен құрал-жабдықтар қажет болды. Сондықтан да қазіргі заман талаптарына сай ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдануды жөн көрдім.
Ақпараттық коммуникативтік технологияларды екінші тілді үйретуде, яғни ағылшын тілін оқытуда тиімділігі өте көп. Сөздікпен жұмыс жасағанда, тақтадан суретін көрсете с аласың. Сөздікпен жұмыста сөздердің аудармасын айтып отырмай, қимыл, іс-әрекетпен көрсету арқылы түсінтіремін. Сонда оқушының миында сөздің аудармасы жақсы жатталып қалады. Ал қорыту сабақтарында тест тапсырмаларын бір мезгілде барлық оқушыдан алып, тексеріп те үлгеруге болады. Осылайша, баланың сабаққа, пәнге, сонымен қатар ағылшын тілін үйренуге қызығушылығы едәуір арта түспек.
Интербелсенді тақтаны әр сабақта ұтымды пайдалана білу керек. ертегілерді әңгімелегенде, тақтадан қимылдарды көрсете отырып, үйретуге болады. оқушылар тақтадағы бене жазбалар мен суреттерге қарап отырып, көру дағдысы артады және сол арқылы есте сақтау қабілеттері артады.
Қазіргі заман балалары тез дамыған, ақпараттық жүйелерді жылдам игеріп алатын, оқулық, кітап оқуға зауқы жоқ емес пе?! Сондықтан мен осы АКТ-ны жүйелі, саналы түрде қолданамын. Балалардың ағылшын тіліне жаттықтыру тапсырмаларын ди жиі орындаймыз. Мұндай тапсырмаларды төменгі сынып оқушылары қызыға орындаса, жоғары сынып оқушылары сенімді орындайды. Тапсырмалар балалардың жас ерекшелігі мен сыныптарын ескере отырып, күрделеніп отырады. Миысалы, 1-сынып оқушылары тақтадан суреттерге қарап, сол сөздерің ағылшынша айтыруын үйренсе, 2-сынып, тағтада берілген суреттерге қарап сөз тіркестерін, 3- сынып сөйлемдерді, жоғары сынып оқушылары сөйлесім немесе мәтін құрастыра алулары керек.
Сонымен қатар бейне жазбалар арқылы сергіту сәтін жасаймыз. Бейне жазбадағы іс-әрекеттерді қайталай отырып, етістіктерді жаттайды.
Ең бастысы сабақ барысында тек ағылшынша сөйлеп, сұрап отырамын. Түсінбеген сөздерін ым-ишарамен көрсетіп, түсіндіруге әрекет жасаймын. Егер балада ынта төмен болған жағдайда, қосымша тапсырмалар беріп, қызығушылығын арттыруға, ықыласын оятуға әрекет жасаймын. Мен үшін әрбір баланың ағылшын тілін еркін түсініп, сөйлей білгені өте маңызды, өйткені бұл тіл оның болашағында қажеті мол болады.
Ақпараттық коммуникативтік технологиялардың көмегімен оқушылар ағылшын тілінде сөйлесімге түсе алады. Мәтіндерді аударма жасап, мағынасын түсіне біледі. Және де ең маңыздысы үйренген жаңа сөздерін өмірде қолданады. Бүгінгі күнде қазақ немесе орыс тілінің қолданысында көптеген ағылшын сөздері жүр, дегенмен, біз олардың ағылшын тілінің сөздері екендігіне мән де бермейміз. Өйткені ол сөздер сол тілдерге еніп, сіңісіп кетті де, адамдар кейбірі білсе, кейбірі білмеген түрле айта береді. Мұндай сөздер азық-түліктерде, өнеркәсіптерде, білім мен ғылым, медицина салаларында көптеп кездесед.
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалана білу де мұғалім шеберлігін талап етеді. Егер де мұғалім жан-жақты білімді, әрі әдістеме жағынан шебер келсе, кез келген шәкірті екінші тілді меңгере алады, тек тәжірибе ауысып отырса болғаны. Жоғарыда айтылып кеткеніндей, ағылшын тілі – жаһандық тіл болмақ. Бүлдіршіндер санасына осы ұғымды сіңдіре отырып та үйренуге қызығушылығын екі есеге арттыруға болады.
Альберт Эйнштейн «Менеш уақытта еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» дейді. Сол сияқты мен де балаларға ағыншын тілін үйренулеріне жағдай жасаймын. Ақпараттық технологияларды сабағымда қолданып отырамын. Оқушылар әр сабақ барысында сұрақтар жаудырып отырады. Мен бұған өте қатты қуанамын. Және де сөзімді былай қорытындылағым келіп тұр:
«Ештеңе сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді». Фуллер Тори

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.