Главное меню

  • К списку уроков
«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы-Қазақ хандығы» әдеби-танымдық кеші
04.02.2016 479 110 Хизат Акмарал

Әдеби-танымдық кеш

Тақырыбы: «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы-Қазақ хандығы»

Мақсаты:1. Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойын атап өту;

                   2. Ел тарихындағы алғашқы хандар-Жәнібек пен Керейдің   

                   батылдығы мен елжандығын ұлықтау;

                   3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, патириоттық      

                   сезімдерін арттыру, елін, жерін сүюге баулу. Сахнадағы

                   мәдениеттілікке үйрету.

Күтілетін нәтиже: Қазақ хандығының 550 жылдығын дүбілетіп тойлап өтеді, тарихтағы ұлы тұлғалар істерінен тәрбие, үлгі –өнеге алады. Сахнадағы мәдениеттілікке үйренеді, сөйлеу мәдениеттері артады, әртістік қабілеттері ашылады.патроиттық сезімдері артады.

 

Қолданылатын жабдықтар: сахналық тарихи –ұлттық киімдер, музыкалық әрлеу, «Қазақ хандығына 550 жыл» бейне жазба, әндердің музыкасы, «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы-Қазақ хандығы»  банеры,

Кештің жүргізілу барысы:

Сахнада  салтанатты түрде екі жүргізуші әуеннің ырғағымен сөз бастайды.

1- жүргізуші.

Армысыздар,  құрметті қонақтар, ұстаздар!

2- жүргізуші.

Қайырлы кеш,  қазақ елінің жалынды жас түлектері.

1- жүргізуші.

Ұлттық тарихымызды ұлықтайтын, бүгінгі биіктерімізді бағалайтын мерейлі тойымыз Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы-Қазақ хандығы»  атты әдеби-танымдық кешімізге қош келдіңіздер!

2- жүргізуші.

 Елімізде дүбірлі той, тарихымыздың түп тамыры Қазақ хандығын ұлықтайтын жыл. Баршаңызды ұлағатты, рухты мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

1- жүргізуші.

 Бәйтерегі жайқалған батыр халқым,

Күннен –күнге жаңғырып жатыр салтың.

Тойлай бергін, тоқтама, қуанышпен

Мың ғасырдан асқанша асыл даңқың!

2- жүргізуші.

Шежірең бар шертілер замандардан,

Кемелденіп тарихта тарамдалған.

Жәнібек пен Керейдің баспалдағы,

Алып ұлтқа оймақтай қадам болған.

1- жүргізуші.

Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек

Халық баға береді әділ хан деп.

Бар қазақтың алғашқы ханы болған,

Керей ханның билікте орны ерек.

 

Серік  Елікбайдың « Керей-Жәнібек» спектаклінен үзінді.

10-көрініс.

Дала. Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан.Өтіп жатқан адмдар.

            Жәнібек сұлтан. Әне, кетіп барады. Жаңа көш, тосын тілекпен, үлбіреген үмітпен.

            Керей сұлтан. Соңғы қарағандарыңда қанша адам? Анығына жеттіңдер ме?

            Жәнібек сұлтан. Екі жүз мың адам.

            Керей сұлтан.  Екі жүз мың жүрек бір арнаға құйылсақ деп барады.

            Жәнібек сұлтан. Бір ел болсам дейді. Әне. Ақ жол бидің, Арғынның ақ туының ашылмай құлаған, жанбай сөнген шырағының сүйегін әкетіп барады.

            Керей сұлтан. Қадірлі қартым, Дотаным, бүлінген беліңді, сынған қабырғаңды емдер сөз таба аламыз ба, мынау қазақы елдің аты – Қазақ, ұраны – Ақжол, ру ағалары – Арғын болсын!

            Жәнібек сұлтан. Жақсы аға!

            Керей сұлтан. Қанша ел еңіреп қалды. Бәрі есте. Тоқтамыс пен Едіге егесінен Алтын Орда құлады. Біз Дешті-Қыпшақ шаңырағынан шайқап бөлек отау тігіп барамыз. Ақтай аламыз ба ел үмітін, Жәнібек!

            Жәнібек сұлтан. Ақтаймыз, аға!

            Керей сұлтан. Дотан қарт арғы аталарың Орысханның атынан қорқам деп еді?! Не айтқысы келді екен?

            Жәнібек сұлтан. Білмеймін аға!

            Керей сұлтан. Өз ұлтына аш қасқырдай шабатын елді өзгеге телитін, түркі тілін менсінбейтін Әбіл-Хайыр секілді, бізден де Әбіл-Хайыр шығар ма екен?

            Жәнібек сұлтан. Білмеймін аға! Білерім, жаңа жол басталды. Жаңа жол. Нұрлы жол. Мұратымыз – мәңгілік ел, аға!

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзіңіз бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.

  «Керей-Жәнібек»әні орындалады.

2- жүргізуші.

Рухы мен тілін жанындай сүйген,

Ұлт үшін дәуір отына күйген.

Хандарымыз болды алаулы

Ісіңнен ұрпақ ғибрат алар бағалы.

1- жүргізуші.

Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.

2- жүргізуші.

1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібек Батыс Жетісуды құтты мекен етіп,Шудағы Қозыбасыда қазақ хандығының туын тігіп, Орда құруы, ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген арман-үмітін жүзеге асырды. Суы мол, топырағы құнарлы, жер жанаты Жетісу жері қалаң қазақтың мақтанышына айналды.

Оқушы:
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Оқушы:
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.

1- жүргізуші.

Моңғол шапқыншылығынан кейін, барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. Қазақ хандығы нығайып, халқының бірігу барысы жеделдеумен бірге, оның «қазақтар» деген атау да бекіді.16

2- жүргізуші.

Орта ғасырлық атақты тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулатидың куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. Осы 1456 жыл, жаратылысынан еркіндік аңсаған қазақ жұртын бастаған Керей мен Жәнібектің жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған  ерекше оқиға – қазақ деген атауды иемденген халқымыздың тарихындағы маңызды құбылыс,   жаңғырған қазақ этносынан тұратын мемлекеттің  дүниеге келген мезгіл  болды.

1- жүргізуші.

Біздің қазақ – ырымшыл халық. Қазақтың ғазиз ханы Әз-Жәнібек есімін иемденген азаматтар елімізде баршылық. Оның  атақты әкесі Өзбек ханның да есімі халық көңілінен суымаған. Бұған, әріге бармай-ақ Өзбекәлі Жәнібековтің есімін мысал қылсақ та жеткілікті. Әз-Жәнібек пен Асан Қайғының, Керей мен Жәнібектің  өнегелі өмірі, тағлымды табиғаты – Отанды, елді, жерді сүюдің, жаңа ұрпақ, жас буынды тәрбиелеудің өшпес мектебі.

2- жүргізуші.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол ұлан –байтақ өңірді мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосуда, қазақ этникалық территориясын біріктірудемаңызды рөл атқарады. Қазақтардың біртұтас мемлекеттілігінің пайда болуы қазақ халқы қалыптасуының аяқталуының шешуші факторларының бірі болды.

 «Қазақ осы!» әні шырқалады.

1- жүргізуші.

Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата-баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі 
2- жүргізуші.

Армандарды жақындатып тым алыс 
Біздің жаққа келген екен жылы ағыс 
Хандық құрып жеткен екен мұратқа 
О, халайық ,құтты болсын қуаныш!

1- жүргізуші.

Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый         емес. Тәуелсіздік деген ұлан –байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорға, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен  қорғаған.

ВИДЕОРОЛИК «Қазақ елі»

  Оқушы: 
Еркіндігім 
Қасиеттім 
Қастерлім 
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! 
Кеше сенің келбетіңді арман ғып, 
Боданына бұғауландық басқа елдің. 
Бабалардың басын тігіп бәйгеге, 
Аналардың жанарына жас бердің! 
- Уа, Еркіндік, қош келдің! 
Өзегімді өртке ораған қоғамда, 
Өз үйіме өзім өгей болам ба?! 
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш 
Азаттығым! Қадіріңде жоқ онда! 
... Саған жету қиын болса қаншалық 
Сақтап тұру қиынырақ одан да! 
Алла берген азаттықтың әр сәті- 
Аманат қой 
Маған, 
Саған, 
Оған да! 
Уа, Еркіндік! 
Құның немен өлшенді?! 
Сені көксеп 
Боздақтарым өлсе өлді! 
Сенің, менің ең ғажайып өлеңім, 
Ең шуақты, 
Ең шырайлы, 
Ең шерлі! 
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын – 
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! 
2-жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па 
Өз-өзінен жүрегім ән салады. 
1-жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан 
Асыл елім жан жүректі ұғысқан 
Ата-бабам аңсап өткен бақытым 
Айналайын, байтақ елім Қазақстан! 
Ән: «Жаса!  Қазақстан

1- жүргізуші.

Тарихта Есімханның болған ескі жолы,

Тұсында Қасымханның бар қасқа жолы

Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»

2- жүргізуші.

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,

Даму үшін бірліктен қуат табамыз.

Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,

Қазақ елі-Мәңгілік ел боламыз.

 

Барлық қатысушылар сахнаға шығады.
Ескендір Қасанғалиевтің «Атамекен» әні

1- жүргізуші.

Осымен қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерекесіне арналған кештігіміз аяқталды. Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын. Жеңісті күндерде жолыққанша! Қош сау болыңыздар.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.