Главное меню

  • К списку уроков
6-сынып "Ең жақын адамдар" сабақ жоспары
29.01.2016 1198 128 Шайхина Гаухар Антайбековна

Қазақ тілі   6-сынып

Сабақтың  тақырыбы: Ең  жақын  адамдар.

Мақсаты:

Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кенейте келе, адамды сипаттап бере алу. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрену. Тәуелдік жалғауды орынды қолдана алу.

Дамытушылық:  Қисынды ойлау қабілетін, шығармашылық  әрекетін дамыту. Сөздік қорын байытып, сөйлемді дұрыс құрастыра білу дағдысын қалыптастыру.  

Тәрбиелік:  Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіну. Бауырмалдық қатынасты үлгі тұту.

 Түрі: Бекіту сабағы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, «миға шабуыл» стратегиясы, топпен жұмыс,жекелей жұмыс, қисынды ойлау стратегиясы, постер құрастыру,
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер,  суреттер, электрондық оқулық, ән жинағы, флипчарт, бейнебаян .

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

 

Күн  шуағын  алақанға саламын,

Жүрегіме басып, ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан – жағым.

 

- Балалар, күн шуағы болған жолақшаларға,  бір-біріңізге тілектеріңізді жазыңдар. (шуақтарды күн бейнесінің айналасына апарып жапсырады)

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

«Миға шабуыл».

А)Берілген мақал – мәтелдерді оқып, мағынасын ашу .

«Аға - ініге ұстаз, 
Әпке - сіңліге ұстаз.».

 «Әке — асқар тау»

«Ағайын — алтау,

  Ана — біреу»

«Ата - әжелер  сөзі — ақылдың көзі»

- Осы мақал- мәтелдердің тақырыбын бір сөзбен қалай атауға болады?

- Дұрыс, туған – туыс, ағайын, ең жақын адамдар.

- Бүгінгі сабақта,  бізге ең жақын адамдар туралы әңгімелеп, сөйлемдер құрастырамыз. Тақырып бойынша сөздерді есімізге түсіріп сауатты жазып қолдануға үйренеміз.

Б) Топ лидерлеріне  бағалау  парағын таратып, түсіндіру.

Оқушы.

Үй тапсырмасы: эссе.

Сөздермен жұмыс

Постер құрастырып, қорғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің ата-анам» тақырыбына шағын эссе жазу.

ІV.

«Ата – ана» бейнебаянын тамашалау.

…Сондықтан бір күні олар қартайғанда, сендер не істеу керексіңдер?

V. Тапсырма.

- Ата-анамыз, әке – шешемізден басқа бізге тағы кімдер ең жақын болып табылады? 

- Алдарыңдағы  сөздерге назар аударыңдар.

Топтардың алдарындағы сөздер: бойы, шашы, көзі, мұрны, денесі, мінезі, тәлім-тәрбиесі.

- Осы сөздерге байланысты , қандай деген сұрақтарға  жауап беретін сөздерді табу.(әр оқушы 2 сөзден бөліп алады)

Мысалы:

Бойы: бойшаң, ұзынтұра, тапал, сұңғақ бойлы.

Мұрны: пұшық, пісте, қошқар тұмсық.

Бет – келбеті: терең әжімі бар,  т.с.с.

 

 VI. Флипчартпен жұмыс.

Әр топ бір сөзден таңдап алады ( аға, әпке, әке, әже, ана, іні,сіңлі, қарындас, )

Берілген критерийлер бойынша адамды суреттеу. (бір оқушы постерлерін шығып қорғайды) (критерий бойынша постерлерін бағалау.)

Критерий: бойы, шашы, көзі, мұрны, денесі, мінезі, тәлім-тәрбиесі.

VIІ . 6- тапсырма.

Өлеңді оқып, тәуелденіп барып септеліп тұрған сөзден сөйлемдер құрастыру.

Ең жақын адамдар – 
Әкем мен анам бар. 
Әкемнің әкесі – 
Ақ басты Атам бар. 
Әкемнің шешесі – 
Ақ шашты Әжем бар. 

Ұлдардың үлкені – 
Бір туған ағам бар, 
Қыздардың үлкені – 
Бір туған әпкем бар. 

Ұлдардың кішісі - 
Бір туған інім бар, 
Қыздардың кішісі- 
Бір туған қарындас 
Әпкеге – сіңілі бар. 
(А.Сағатова)

 Мысалы: Әкемнің әкесі маған ата болады.

Әкемнің қызы менің әпкем.

 

VIІІ. Қорытынды:  
Санамақ айту 
Бір үйде біз нешеуміз? 
Кел санайық екеуміз 
Бас бармағым – атам, 
Балан үйрек – апам, 
Ортан терек - әкем, 
Шылдыр шүмек – анам, 
Кішкентай бөбек – мен. 
Біз үйде нешеуміз 
Біз үйде бесеуміз 

 -   Балалар, бүгінгі сабақта ең жақын адамдар жайында көп әңгімеледік. Ал енді біздің мектепте сендерге ең жақын адам кім деп есептейсіңдер?

- Әрине, сынып жетекшілерін.

Үйге тапсырма: Өз сынып жетекшілерін жайында шағын эссе жазып келу.

Бағалау. Үй тапсырмасы, топтағы  жұмыстары бойынша формативті бағалануы арқылы, суммативті бағалау.

Рефлексия:

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.