Главное меню

  • К списку уроков
Внеклассное мероприятие для учащихся 8-9 классов. «Дала дауылпазы»
11.01.2016 452 116 Султанова Айман Аукеновна

                                             «Дала дауылпазы»

Мақсаты: Қазақ халқының дауылпаз ақыны С. Сейфуллиннің  асқар тұлғасы туралы кеңінен мәлімет беру, шығармаларын насихаттау арқылы оқушыларды ұлылар өмірінен үлгі алуға, елжандылыққа баулу, сөз өнерін түсіне білуге, ел тарихын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнектілік: ақын туралы нақыл сөздер, слайдтар, шығармалар көрмесі.

 

 

                                           Сабақ барысы.

Зал безендірілген. Күй ойналып тұр.

Бастаушы:

Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында ары мен жанын аямай күрескен белгілі хандар, батырлар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылары көп болды.  Қазақ халқында «Үш бәйтерек»   ақынның бірі атанған  – Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин солардың бірі еді. Биыл Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толып отыр.

Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (15.10.1894-1938), қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері,  Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.  Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз осы жалынды ақын С. Сейфуллинге арналады.

                                                   Заманында әбзелдетіп ат мінген,

                                                   Найзағайдай қара бұлтты қақ тілген.

                                                   Бас иетін ақылына, ісіне,

                                                   Қасиетін жақын түгіл, жат білген.

1-оқушы: С. Сейфуллиннің өмірбаяны: Алина

Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында  туған.  Ата-анасы  орташа ауқатты кісілер  болды.  Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін  адам  болыпты.  Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды көп  оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің  қара жұмысын   істей жүріп,   орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты  өмірімен танысып, ереуілдеріне қатысады.  Одан кейін  Ақмолада оқьп, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын  семинарияға түседі.  Оны 1916 жылы бітіріп шығады. Ол осы жылдары орыс және Еуропа  әдебиетін   көп  оқиды. Абай шығармаларын оқып, ауыз әдебиеті мен фольклордан мол хабардар болады. Сөйте жүріп, өлең жаза бастайды. Алғашқы өлең жинағы 1914 жылы Қазан қаласында басылып шығады. Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады.

2-оқушы: «Дала» - Виолетта.

Құшағын жайған кең дала,

Төсін ашқан анадай,

Қаладан келген сағынып,

Бейне бір жас баладай.

Далаға келіп көк-жасыл,

Кестелі жібек көрпедей.

Жас балаша шаттанып,

Құлай кеттім еркелей.

Көк ала кілем жасыл шөп,

Тамылжып иісін аңқытып,

Кеудеге толы жас иіс,

Тән мен жанды балқытып.

«Кетпе» деп тағы көк шалғын,

Аяғыма оралды.

Жібермей бөгеп алдымды,

Майысып гүлдер бұралды.

Бастаушы:

Көп ұзамай, 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтерілісі  басталады. Сәкен  Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске  араласады.  Ақмолада кеңес өкіметі уақытша құлайды.  Қамауға алынған Сәкен атаман Анненковтің "азап вагонында"  қиыншылық  көріп, 9 ай дегенде   қашып шығады.

3-оқушы: «Сағындым».-Владимир.                       4-оқушы: «Біз»-Әмір

Туғалы қапас көрмеген,                                             Асау өсіп арқада,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Көкіректе кектер кернеген.                                       Жүген, құрық тимеген.

Талпынып құлаш сермеген,                                      Матау көрмей ер жетіп,

Айтайын ішкі сырымды:                                           Жасынан ноқта кимеген. 

Қайырымды қалың елі бар,                                       Бостандық, кеңдік, еркіндік,

Сарыарқа сары белі бар.                                            Басқаны жаны сүймеген,    

Өрісті шалқар көлі бар                                              Бұғалық салса ұстауға,

Сағындым мен қырымды.                                         Ақырып, тулап сүйреген,

Өзенді , көлді жайлаған,                                           Арқаның  болдық ұланы,

Кермеге тұлпар байлаған.                                         Еркін өскен бұланы.

Хабарсыз арам ойлардан,                                          Теңдік іздеп кедейге,

Сағындым мен ауылымды.                                        Жауызға көнбей туладық.

Айналып-толғанып өсірген,                                      Залымдардың жасаған,

Ақ сүтін беріп кешірген.                                           Аранына уландық.

Тастамайтын есінен                                                   Қараңғы, суық зынданды         

Сағындым ғаріп анамды.                                           Жатақ қылды тәніміз.

Таулары биік қиялы,                                                  Қылыштың жүзі, мылтықтың,

Орманы шалғын миялы.                                            Аузында болды жанымыз.

Жылқы, қой, сиыр, түйелі,                                         Әмірінде жауыздың,       

Сағындым Арқа – жерімді.                                        Кетіп адам сәніміз.

                                                                                      Арыстандай жаралы

                                                                                      Өрттенді қайнап  қанымыз.

                                                                                      Бір шұңқыр су, түйір нан,

                                                                                      Үйреншікті ас болды.

                                                                                      Күл, көмір, қиқым, тоң төсек,

                                                                                      Жастығымыз тас болды.     

Бастаушы:  Ақын  өмірінің  қиын-қыстау кезін көрсететін  шығармасы  «Тар жол, тайғақ кешу»  романы болды. Бұл роман 1927 жылдары  жарыққа шықты.   Енді сол романнан үзінді тыңдайық.

                                 Ақмола түрмесінде

(Сәкен – Ринат, Шонтонов -  Игнат, конвой - Олег)

Күн ыстық. Шілденің уақыты. Көше бойы анталаған халық. Конвоймен көшені қақ жарып, шынжырларымызды сылдырлатып аяңдап біз келеміз. Халыққа жай қарацймыз. Көзіме талай дос адамдарым, талай таныс адамдарым түсті. Көптің ішінде  қырдан келген әкем мен кейбір достарым көзіме түсті. Амандасқандай боп басымды иіп ишарат жасадым.  Келе жатқан тұтқыендар да, көшедегі халық та – бәрі де үндемейді. 

Тергеу комиссиясының үйі қызыл қыштан салынған, бір школ...  Мен қысты күні үйінде  пәтерде тұрған Токарев деген учительдің бала оқытатын школы. Пәтері осы школдың ішінде  еді. Пәтерде жатқан үйіме, енді, бүршікті кенеп көйлек, кенеп дамбал киіп, жалаңбас, шынжырлаулы келіп кірдім.

Школдың залына бізді кіргізіп, есікте қарауыл тұрды. Тұтқындар жауап алатын  бөлмеге кіріп, біраз бөгеліп шығып жатыр. Бір кезде кезек маған келді. Бөлмеге кірдім. Столды айнала бірнеше кісі отыр екен. Бастығы – Шонтонов деген казак-орыс. Шонтонов менен жауап алды.

 Ш:   Совдепке қалай кірдіңіз?

Мен   Совдепке бұқара халықтың, ел қазақтарының сайлауымен кірдім.

Ш: Нені қорғамақ боп кірдіңіз Совдепке?

Мен   Қазақ  халқының, өзімді сайлаған нашар елдің пайдасын қорғауға    кірдім

Ш.  Қандай қызметті басқарып отырдыңыз?

Мен  Ақмола уезінің оқу істерін басқардым.

Ш. Митингтерде, жиналыстарда болдыңыз ба?

Мен    Болдым.

Ш. Өзіңіз шығып сөздер сөйледіңіз бе?

Мен.    Сөйледім білем!

Ш. Не сөйледіңіз? Не туралы сөйледіңіз?

Мен.   Білмеймін, есімде жоқ!

Ш. Большевик партиясына жазылып па едіңіз?

Мен.  . Ия.

Ш. Учередительное  собраниеге қарсысыз ба, жоқ па?

Мен   Егерде учередительное собраниеге қалың  бұқара  халықтың   шын өкілдері жиналса, қарсы емеспін!

Ш.Сіз осындағы қазақша шыққан «Тіршілік» газетіне қандай  сөздер жазып тұрдыңыз?

Мен.  Көбінесе өлең-жыр.

Ш. Сіз жазушысыз ба?

Мен.  Ие, азырақ жазушы едім.

Ш. Қандай өлеңдер жаздыңыз?

Мен.   Көбінесе  тұрмыс  туралы жазған едім.

Ш. Сіз бірінші Май күніне арнап бір пьеса кітап жазып, осында спектакль  қойыпсыздар. Сонда ылғи болшевиктерді мақтапсыз ғой!

Мен. Менің ең бірінші жазған шығармам осы пьеса еді. Бірінші май күні Ақмолада ойналғаны рас. Бұл  пьесада мен тек қазақтың  бір мың тоғыз жүз он алтыншы жылғы прием  уақытындағы ынсапсыз байларды, болыстарды көрсетіп жазғанмын. Одан басқа пьесада  бөтен сөз жоқ.

Ш.  Сіз мұнымен ақтала алмайсыз! Конвой алып кет!

Есік алдына шығып, қалған тұтқындарды күттік. Біраздан соң комиссия жауап сұрап болды. Бәрімізді  тізбектеп, сылдырлатып, атты конвой түрмеге айдап қайтты.

 

Бастаушы: Қиын-қыстау кезінде Сәкеннің жанында айрылмас достары көп болды. Олар:Арын Малдыбайұлы, Тұрысбек Мыңбайұлы, Абдолла Асылбекұлы, және тағы басқалар. Шын достықтың қасиетін көрген ақын оларға  « Сыр сандық» өлеңін   арнайды. Сәкен адамның көңіл-күйін, сырын, тұспалдай жырлап, оны биік таудың басындағы кілттеулі сыр сандыққа балайды. Дос жанын түсіне білетін нағыз адам — дос қана сол құзар биіктегі сыр сандықтың кілтін тауьш ашып, көңілдің күй пернесін баса алмақ.

5-оқушы:  «Сыр сандық» - Женя  С.

Шырқ айналар шіркін тауық,                    Кейде ашуға сол түкпірді,

Жемің болса қолыңда,                               Іздейді жан жақынын.

Қайдағысы  сені тауып,                             Шертеді жан сырлы жырды

Топырлайды жолыңда.                              Сырлас жанын шақырып.

Досыңмын деп ант береді,                        Тыныс керек кейде жанға,

Жем іздеген жанама,                                  Кейде жанға ән керек.

Жем таусылса  жалт береді,                      Күй шертуге анда- санда,

Сенерлік дос, санама.                                Сырласарлық жан керек.

Нағыз достар, бір-ақ қалып,

Шындап берік сүйіскен.

Бір-біріне сыр ақтарып,

Сыр түйінін түйіскен.

Әр адамның ішкі сыры,

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың бір түкпірін,

Достың досы-ақ  ақтарған.

Бастаушы:

 Сәкен  Жетісуға келіп, партия, кеңес органдарының жұмысына көмектеседі. Сол кездегі  заман шындығын  көрсеткен "Асығып тез аттандық", "Далада", "Кел, жігіттер", "Сағындым", "Қамаудан", "Біздің жақта", "Қашқынның аулы", "Жас қазақ марсельезасы", т.б. әсерлі өлеңдері мен "Бақыт жолында" драмасы — сол кезең жемісі. 

Өмір атты теңізде қолына  қалам алып дүние сырын  тамсана жазған  ақын   Сәкен болды. Өмірге жұлдыз болып келіп, халықтың еркесі, халық жүгін көтерген  дара, дарынды жандар аз. Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин  сондай сері адам болатын. Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп талай дүниелер  өмірге  келді.

6-оқушы: «Домбыра» - Толик
Алқа – қотан әлеумет,

Отырды кең ордада.

Өткен-кеткен әңгіме

Сөйленіп өтті ортада.

Домбырамды қолға алып,

Шертіп, толғап күйлеттім.

Түрлі сарын, түрлі күй

Пернелерін сөйлеттім.

Біресе сөйлеп рухтанып,

Домбырам  менің зарлады.

Біресе жылап күңіреніп

Біресе тағы аңырады.

Біресе шалқып шаттанды,

Сөйледі, күлді сыңқылдап.

Біресе, қызып күйінді

Күрсініп, уһлеп, ыңқылдап.

Домбыраның күйлері:

Жас жүректің сыры еді.

Көңілдің зары, мұңы еді,

Көкірек сарын- үн  еді.

Бастаушы:

1920 жылы  Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғанда, Сәкен Сейфуллин  Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер – су Комиссиясының  төрағасы, ал ІІІ Кеңестер съезінде, 1922 жылдың қазанында Қазақстан Комиссарлар Кеңесінің төрағасы етіп сайланды. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі ретінде КСРО көлемінде шешілетін күрделі саяси, әлеуметтік, шаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады. «Еңбекші қазақ» газетінің, «Әдебиет майданы» журналының редакторы болған Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес баспасөзінің басында тұрды. 1925-1937 жылдар арасында Жазушылар одағында, басқа да орындарда басшылық қызметтерде бола жүріп, жоғары оқу орындарында ұстаздық етті.

Сәкен аласапыран күндері тынышталып, бейбіт өмір арнасына түскен уақытта негізгі өмірлік мұраты қаламгерлік екенін ұғынады. Барлық күшін, дарынын туған халқына қызмет етуге  жұмсайды. Оның қаламынан туған «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқындары», «Көкшетау», «Аққудың айырылуы», «Альбатрос», «Қызыл ат» өлең-поэмалары «Жер қазғандар» драмасы болды.

Белгілі ғалым, ақын  шығармаларын зерттеуші, ғалым, профессор Тұрсынбек Кәкішұлы:   «Жер қазғандар»  драмасы  тас қопарып, жер үңгіп, шыңырау қазып, байлық шығарған, темір жол салып, жер қыртысын сыдырған адамдардың еңбегін  ардақтайтын    ақын  шығармаларының ішіндегі ең көркемісінің бірі» деп, - баға берген . Сол шығармадан үзінді тыңдайық.

9-оқушы:  - «Жер қазғандар» Үзінді -  Әлібек:

                                            Жұмысшылар барағында

Кеш болды. Ертең жұмыс күні болғандықтан жұмыскерлер әдетінше кешке ертерек жатты. Әр үйшіктің алдында жылтыраған от ертерек сөнді. Күңкілдеген, самбырлаған сөздер, кейде саңқ еткен қатты дауыстар, күлкілер, естілген өлеңдер тез сап болды. Айнала ұштасқан, жасыл ала кілемдей қиырсыз дала, жасыл жібек оранған шалғынды сайлар, көк бетегелі белестер жазғы кештің мұнарына батты. Темір жол бойындағы жер қазғандардың жатақтары да лезде кеш жамылып, тыныштыққа кірісті. Кешегідей емес аспанға қалқып қаз бауыр бұлттар жиыла бастады. Сонда да жазғы ауа, жылы кеш жібектей жұмсақ еді.Жұмыскерлер ертеңгі жұмыс қарсаңында кешкі ұйқының тәтті мұнарына тегіс маужырап, ұйқыға кетті. Үйшіктер тым-тырыс болды. Тек анда –санда күңкілдеген, ұйқысыраған дауыстар естіліп тұр.

Бастаушы:

Туған жерге сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты тақырыптары.
Ол, әсіресе, табиғатты жан-жүрегімен нәзік сезініп, сүйіне жырлады. Ақынның әйгілі «Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес керемет сұлу суреттерін жырлайды.


Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.