Главное меню

  • К списку уроков
Дара және күрделі сан есімдер 6 сынып
09.01.2016 550 0

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер 6 сынып
Сабақтың мақсаты: Сан есімдердің құрамына қарай дара және күрделі сан есім болып бөлінуі жайлы ұғым қалыптастыруға, жаттығулар орындай отырып білімдерін тереңдете түсулеріне жағдай жасау, сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын еркін жеткізуге, сауатты жазуларына мүмкіндік тудыру. Адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Сан есімдердің құрамына қарай дара және күрделі сан есім болып бөлінуі жайлы ұғым қалыптастырады, сыни тұрғыдан ойланады, өз ойын еркін жеткізеді, сауатты жазуға дағдыланады. Қарастырылатын модульдер: оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Психологиялық ахуалды қалыптастыру «Тілектер бұрқасыны» тренингін жүргізу. «Зымыран сұрақтар»әдісі бойынша өткенді қайталату. Қойылған сұрақтар: -Сан есім дегеніміз не? -Бірнеше сан есімі бар сөйлемдер айта аласыңдар ма? -Сан есімдер қандай сұрақтарға жауап береді? Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Осындай жылдам сұрақтарға оқушылар шапшаң жауап береді.
Сынып оқушыларын топтарға біріктіру «Сиқырлы сандар»бойынша оқушыларды топтарға біріктіру. Сандар жазылған қима қағаздар бойынша топтарға бірігу тапсырылады. 1-топ тақ сандар; 2-топ жұп сандар; 3-топ бөлшек сандар. Қима қағаздардағы сандар бойынша топтасады.
Ой қозғау «Бумеранг» тәсілін қолдану. Әр топқа өткен тақырып бойынша 2 сұрақтан әзірлету.Ол сұрақтарды жинап алу. Әр топ өткен тақырып бойынша өздері әзірлеген 2 сұраққа жауап береді.
Миға шабуыл Бейнесөз жасыру арқылы жаңа тақырыпты табуларына мүмкіндік тудыру. Мақал «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.» Осы мақалдың мағынасын ашқызу. Сұрақ: -Мақалдың тақырыбы не? - Ынтымақ, бірлікті қалай түсінесіңдер? – Сан есімі бар мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Бейнесөзде жасырылған мақалды табады. Жаңа сабақтың тақырыбын өздері айқындайды. Мақалдың мағынасын ашады.Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Мағынаны тану. Жұптық жұмыс Оқулықпен жұмыс жүргізу. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындату. 1-тапсырма. Дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек жаздыру. Мәтінге ат қойғызу. Оқушылар алғашқы тапсырманы жұптаса орындайды. Екі мәтінді де оқи отырып, екеуіне ортақ ат қояды.
Шығармашылық жұмыс «Ұлы Отан соғысының зардаптары» тақырыбында шағын мәтін жаздыру. Мәтіндегі өздері таңдаған 2-3 мәліметті кірістіре, «Ұлы Отан соғысының зардаптары» тақырыбында шағын мәтін жазады.
Тақтамен жұмыс 108-жаттығу. Әр топқа берілген сандарды сөзбен жазып, дара және күрделі түрлеріне ажырату тапсырылады. Әр топ өздеріне берілген сандарды сөзбен жазып, дара және күрделі түрлеріне ажыратады, топта талдайды, тақтаға жазады.
Сергіту сәті Мақалды жалғастыр... Берілген мақалдың жалғасын табады.
Талдау Дара және күрделі сан есім түрлеріне ауызша сатылай кешенді талдау жасату. Әр топтан 1 оқушы өздеріне берілген сөзге ауызша сатылай кешенді талдау жасайды.
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма. 1-топ (22 наурыз); 2-топ (16 желтоқсан); 3 топ (1 мамыр) Сан есімдерді қатыстыра отырып айтулы мерекелер жайлы шағын әңгіме жазады.
Бағалау Формативті бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек» Бағалау жүреді.
Үй тапсырмасы Тапсырманы орындауға бағыт беру 109-жаттығу. «Біздің сынып» шағын әңгіме жазу