Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі «Мектепте» 4 сынып
15.10.2015 764 103 Сатубалдина Куралай Дастановна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырыпқа байланысты тірек-сөздерді естеріне түсіру.
Дамытушылық: сөздерді және сөйлемдерді дұрыс оқып, мағынасын ұғына білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: адам ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер, плакатта жазылған ереже.
Сабақ кезеңдерi Мұғалiмнiң iс-әрекетi Оқушылардың iс-әрекетi
1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, отырғызу.
2.Қызықтыру Мектеп сөзіне ассоциативтік қатар келтіру. Оқушылар тізбектеп мектеп деген сөзіне ассоциативтік сөздер мен сөз тіркестерін айтады.
Мысалы: сынып, мұғалім, оқушы, алғашқы коңырау.
3.Мағынаны ажырату Топпен жұмыс: дәптерге шағын әңгіме құрастыру.
Мысалы:
Біз № 6 орта мектебінде оқимыз. Біздің мектеп үш қабатты, кең, жарық, таза, әсем. Мектепте бірінші қабатта асхана, дене шынықтыру залы, сынып бөлмелері орналасқан. Біз екінші қабатта оқимыз. Бізге өз мектебіміз ұнайды.
Параққа басылған керекті сөздер:
үш қабатты – трехэтажная
кең – широкая, просторная,
жарық – светлая
таза – чистая
орналасқан – расположена
ұнайды – нравится
жақсы көреміз – любим
мақтаныш етеміз – гордимся
мұғалімдер бөлмесі – учительская
киім ілетін бөлме – раздевалка
кітапхана - библиотека Оқушылар 4 топқа бөлініп мектеп туралы шағын әңгіме мен 1 сөзжұмбақ құрастырады.

4. Ой толғанысы Мектеп сөзіне бес жолды өлең жазу.
1. сөз
2. 2 сын есім (қандай?)
3. 3 етістік (не істейді?)
4. 4 сөзден құрылған сөйлем
5. жалпы мағынасын білдіретін сөз
Мысалы:
Мектеп
Биік, таза
Оқытады, тәрбиелейді, үйретеді
Адамға пайда әкелетін мекеме.
Кеме Оқушылар тірек сызба бойынша мектеп сөзіне бес жолды олең құрастырады.
5. Үй жұмысын беру. Жаңа сөздерді жаттап алу. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
6. Бағалау. Сабаққа белсендi қатысқан оқушыларды бағалау.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.