Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілінен сыныптан тыс шара «Жұлдызды сәт» ойыны»
13.10.2015 1021 118 Есенова Александра Оразгалиевна

Ойынның мақсаттары:
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылдыққа, мемлекеттік тілге деген құрметті, көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Сабақтың көрнекілігі : тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, эпиграфы жазылған плакат, сөзжұмбақтар, тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар.
Эпиграф:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Ойынның барысы:
1.Кіріспе. Сәлеметсіз бе құрметті қонақтар, аяулы оқушылар, қатысушылар. Бүгінгі ойынымызға қош келдіңіз.
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.
Бүгінгі біздің ойынымыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа 8 оқушы қатысады.Тапсырма саны-7,әр кезең сайын бір оқушы (аз ұпай жинаған) сайыстан шығады. Соңғы кезеңге 2 оқушы шығады,солардың арасынан жеңімпаз анықталады.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. «Бәйге» .Сұраққа жауап бер-5 ұпай;
2. «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу-10 ұпай;
3. Полиглот-10*3-30 ұпай;
4. «Қазақстан»Сөз құру-10 ұпай;
5. Тестілеу- «Қай септік?»-5 ұпай;
6. Мақалды аяқта-5*3-15 ұпай;
7. «Жорға»-әр жауапқа 5 ұпайдан.
3.Сайыстың жүруі:
1-кезең «Бәйге». Сайыскерлердің қолында 1-ден 10-ға дейін жалаушалар сандар. Бұл сандар тізім бойынша беріледі. Қай сайыскер сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.Ең аз ұпай жиналған сайыскер ойыннан шығады.
1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
2.Бүгін нешесі? ( күнін айын айтады.)
3.Қазақ тілінде неше септік? (7)
4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы)
5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден)
6. «Подлежащее» деген не? (бастауыш)
7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан)
8.Қыста не жауады, не соғады? (қар,боран)
9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда)
10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?)
11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)
12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер)
13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім? (Әл-Фараби)
14.Күнпарақ дегеніміз не? (күнтізбе)
15.Бір жылда неше күн бар? (365)
16.Бір айда қанша апта бар? (4)
17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)
18.Бір сағатта неше минут бар? (60)
19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100)
20.Бір аптада қанша күн бар? (7)
2-кезең «Шешуін тап».
Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады.
1.Тұзда бар,суда жоқ.
Мұзда бар,буда жоқ. (ұ)
2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ.
Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ)
3.Үйде бар,шиде жоқ.
Күйде бар,биде жоқ. (ү)
4.Қазда бар,үйректе жоқ.
Құрда бар,шілдеде жоқ. (қ)
5.Дәнде бар,елде жоқ.
Сәнде бар,селде жоқ. (ә)
6.Бірде бар,үште жоқ.
Екіде бар,бесте жоқ. (і)
7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ.
Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ)
8.Шөлде бар,далада жоқ.
Көлде бар,теңізде жоқ. (ө)
9.Қайсы әріп қасарып,
Көнбейтін болуға бас әріп? (ң)
3-кезең «Полиглот».
Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 10 ұпайдан,жиыны-30 ұпай беріледі. Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам.Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды-ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ ,орыс, ағылшын тілдеріне аударыңдар.
1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок-ring)
2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Немесе- қыста келген,көктемде еріген (қар-снег-snow)
3.Қаласы бар,үйі жоқ.
Өзеңі бар,суы жоқ.
Орманы бар,бүрі жоқ.
Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта-map)
4.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама!
Немесе-
Көп әңгімем,өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Соған тиер көмегім. ( кітап-книга-book)
5.Түк білмей барасың,
Тәлім аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа-school)
6.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед-ice)
7.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи-snow-sri)
8.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник-biary)
4-кезең. «Қазақстан» сөзінен сөз құрулары қажет,ең аз сөз құрған сайыскер ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі.
5-кезең «Қай септік?» -ойыншылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады. Дұрыс жауапқа берілетін ұпай саны 5. Ұпай аз ойыншы шығарылады.
1.Барыс септікті сөз тіркесін тап:
А)қаладан келді;
ә)қаланың адамы;
б)қалаға барды;
в) қалада тұрада
2. Жатыс септікті сөз тіркесін тап:
А)мектепке келді;
ә)мектептен қайтты;
б)мектепті бітірді;
в)мектепте оқиды;
3.Табыс септікті сөз тіркесін тап:
А)ауылдың малы;
ә)ауылға бардым;
б)ауылдан келдім;
в)ауылды жақсы көремін;
4.Шығыс септікті сөз тіркесін тап:
А)оқушымен келді;
ә)оқушыдан сұрады;
б)оқушыны көрді;
в)оқушыға қарады;
5.Көмектес септікті сөз тіркесін тап:
А)қаламды алдым;
ә)қаламның сиясы;
б)қаламмен жаздым;
в)көп қалам
6-кезең «Мақалды аяқта» кезеңінде қалған сайыскерлерге мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі. Әр мақал үшін 5 ұпай есептеледі.
№1.
1.Өмір-үлкен ..... (мектеп)
2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз)
3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)
№2.
1. ... бір күні,қыстың ...айын асырайды (күздің,бір)
2.Ұстаздан шәкірт .... (озар)
3.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)
№3.
1.....жолдастан таяғым артық (жаман)
2.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта)
3.Кітап- ....,тілсіз мұғалім (ғалым)
7 –кезең. «Жорға» .Қалған екі сайыскер минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады. Көп ұпай жинаған оқушы сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады.
1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1.Тілдер күні (22 қыркүйек)
2.«Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт)
3.Республика астаны (Астана қаласы)
4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ)
5.«Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ)
6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)
7.Кабинет истории (тарих кабинеті)
8.Біздің аудан атауы (Астрахан)
9.Бала оқытатын адам (мұғалім)
10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).
2-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
2.«Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы)
3.Шығыс Қаз-н облысының орталығы (Өскемен қаласы)
4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз)
5.«Корень» сөзінің аудармасы (түбір)
6.Аптаның соңғы күні (жексенбі)
7.«Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті)
8.Адамды кім емдейді? (дәрігер)
9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен)
10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков)
Ойынымыз аяқталды жеңімпаз мадақтама қағазымен марапатталады.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.