Главное меню

  • К списку уроков
Тіл мәртебесі – ел мәртебесі!
12.09.2015 1449 104 Муханбетжанова Жазира Мизамхановна


Тіл – ел тәуелсіздігінің басты белгісі, егемендігінің көрінісі. Қандай құдіретті ұлт болмасын, «тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады».

Қазақ десе, тұлпардың тұяғы дүбірлеген дархан дала, қонаққа төрін берген ақжарқын мінез, дос болғанға – құшақ жаяр туыс, қас қылғанға – қиып түсер қылыш, намысты ербұрымды бойжеткен еске түседі. Қазақ десе, тұла-бойды шымырлатқан қобыз үніндей қасиетті қоңыр тіл ойға оралады.

 Әр халықтың өзі ғанасезінетін салты болатыны сияқты, әр тілдің өзіне тән ырғағы, үні болады. Ана тілінде сөйлемейінше, ол тілдің жүрек үніне құлақ түру екіталай.

         Жүрегі тілім деп соққан әрбір қазақ азаматы туған тілімнің мәртебесі биік болса екен дейді. Осы арманның орындалуына ортақтасып, Ростов мектебінің ұжымы да 22 қыркүйек Қазақстан Халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай онкүндікті жоғары деңгейде өткізді.

         Мерекелік іс-шара «Бабамның тілі ұрпағына аманат» атты 1-5 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі Муханбетжанова Ж.М. өткізген көркемсөз шеберлерінің байқауымен басталды, байқауға қатысушы әрбір оқушы өзінше марапатталып, жүлделі орындарға ие болды. Ең жас байқауға қатысушы  1 сынып оқушысы Бекешов А. – 1 орын, 5 сынып оқушысы – Пономаренко И. – 2 орын, 3 сынып оқушысы  Сарыбаев А. 3 орынды иеленді.

         Мектеп кітапханашысы Манатова Ж.А. «Тіл – әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесін тартымды ұйымдастырды.

         7 сыныпта қазақ тілі пәнінен «Тіл – халықтар достығының кепілі» атты ашық сабақ өте жақсы деңгейде өтті.

         «Тіл – халық мұрасы» тақырыбына орай орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кашкимбаева Б.Р. мерекелік викторина өткізді. 5-10 сыныптар арасында өткен бұл мекеркелік сұрақ-жауап өте тартымды да қызықты болып өтті.

«Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты шығармалар байқауына  9-11 сыныптар қатысып, үздік шығарма жазған қазақ тілі пәні бойынша 10 сынып оқушысы  Гараева Л., ағылшын тілі пәнінен 7 сынып оқушысы Пономаренко И. жұмыстары аудандық білім бөліміне жіберілді. Сынып жетекшілері «Казахстан – многонациональное государство» тақырыбында ашық сынып сағаттарын, «Ұлттарды біріктіретін ұлы ел» тақырыбында сурет көрмесі, «Әлем ұлттарының ойындары» атты спорттық жарыс, «Бір мақсат – бір мүдде – бір болашақ» тақырыбында Тілдер фестивалі өтті. Онда 4-5 сынып қазақ, 6-7 сынып украин, 8-9 сынып татар, 10 сынып грузин халықтарын таныстырып, бақтарын сынады.

         Қазақ Халықтарының Тілдері күніне орай өткен онкүндіктегі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, әр ұлттық өз тіліне деген құрметінің артуына зор ықпалын тигізеді деген сенімдеміз!        Сол сенімді ақтауға мектеп ұжымы аз да болса өз үлесін қосты. Тәуелсіздік тұғырынан түспеген айбынды елімізде қазақ тілі әлі де  салтанат құрсын дейміз!

 

Муханбетжанова Жазира Мизамханқызы,

Ростов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.