Главное меню

  • К списку уроков
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде
12.09.2015 756 107 Муханбетжанова Жазира Мизамхановна

Ғабит Мүсірепов: «Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» деген болатын. Осы айтылған сөзді ескерсек, өмірге келе салысымен әрбір адам баласының бойына ананың ақ сүтімен даритын ана тіліміздің өмір бойы жұтамас бақыт, жойылмас байлық екені белгілі. Себебі, тілді жетілдіру, алдымен, отбасынан бастау алса, одан кейін білім нәрімен сусындап жатқан алтын ұя мектебінен, одан қала берді қоршаған ортаға, араласатын ортасына байланысты. Бұлай дейтінім, тілдің қарқынды дамуының негізгі ортасы – мектеп екені белгілі. Қазірде оқушыларымыздың тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін арттырудың бірден-бір жолы мектеп қабырғаларында тәрбиелік іс-шаралардың үздіксіз өткізілуі.
           

Осы мақсатта мектебімізде мемелекеттік тілдің мәртебесін көтеруге байланысты іс-шаралар үнемі жүргізіліп келеді. Жуырда, 6-11 сәуір аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жумагулова С.А., мен Муханбетжанова Ж.М. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында қазақ тілі апталығын өткізді. Апталықтың алғашқы күні М.Ж.Муханбетжанованың «Мемлекеттік тілді білу – баршаға міндет» тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, апталықтың алғашқы күнінде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша түрлі тапсырмалары жасалып, арнайы тақтаға ілініп, жауап жәшіктері қойылды. Бұл тақтадағы тапсырмаларды апталықтың соңына дейін барлық сынып оқушылары орындап жауаптарын арнайы жауап парақтарына жазып, қорапқа салады.  

Мұнан соң апталықтың екінші күні Муханбетжанова Ж.М. «Адамға пайдалы заттар» тақырыбы бойынша 7 сыныпта қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар грамматикалық тапсырмаларды орындап, адам ағзасына пайдалы және зиянды заттарды анықтады. Бағалау кестесі бойынша балалар өз жұмысына бағалау кестесі арқылы баға берді. Сабақта үй жұмысы, сөздік жұмысы, мәтінмен жұмыс, аударма жұмысы, автор орындығы, дұрыс-бұрыс, графикалық тест, т.б. кезеңдер болды. Сабақтың соңында әрбір оқушы «Тамаша» деген смайлик таңдап, жоғары баға қойды. Сабақ өте тартымды өтті.

«Қазақ тілін үйренейік» атты тақырыбындағы іс-шараны 1-5 сыныптар арасында Жумагулова С.А. сайыс түрінде өткізді. Іс-шараға қатысқан әрбір оқушы өз белсенділіктерін көрсетті. «Найза» және «Қазақтар» атты екі топ жарысты. Нәтижесінде 32 де 50 ұпай санымен «Қазақтар» тобы алға озып шықты.

Апталық одан әрі Муханбетжанова Ж.М-ның ұйымдастыруымен «Өлең – менің сырласым» атты байқауға ұласты. Бұл байқауға 4-10 сынып оқушыларының арасынан поэзияны жаны сүйетін ең үздік деген оқушылар қатынасып, бақтарын сынады. Байқаудың соңында ең көп шығарма жаттаған оқушылар марапатталып, қатысқан оқушылар да назардан тыс қалмай, оларға мақтау қағаздары табысталды.

Апталықтың бір күнін Жумагулова С.А. 11 сынып оқушылар арасында «Бәйге» деп аталатын байқау әрі викторина түрінде іс-шара өткізді. Бұл байқау әрі викторина қазақ тілінде ҰБТ-де кездесетін танымдық сұрақтарынан 11 сынып оқушылардың дайындығын тексеру мен арттыру мақсатында дайындалды.

Қазақ тілі апталығының соңында «Тапсырмалар тақтасындағы» жауаптар жазылған арнайы қорап ашылып, қорытындылай келес, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дайындалған арнайы тапсырмаларды орындауда ең үздік деп танылған сыныптар мен жеке-жеке оқушылар арасынан жеңімпаздар анықталды. Ұйымшыл сыныптар пәні мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі атынан алғыс хатпен марапатталды. 

  

Жазира Муханбетжанова,
Ростов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.