Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі пәнінен интеллектуалды ойын «Қызықты қазақ тілі әлемі» 8 сынып
23.07.2015 1279 158 Смаилова Айнур Келденовна

Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.

І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.

І тур «Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)

І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар

1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік жалғауы бар? (7)
8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)
15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)
20.Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн)

ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар

1.Екпін түрі нешеу? (4)
2.Үндестік заңы нешеу? (2)
3.Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
4.«Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)
5.Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
6.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7.Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)
8.Көзқарас қандай сөз? (біріккен)
9.Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)
10.Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11.«Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)
12.«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)
13.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
14.Дауыстылардың саны қанша? (12)
15.Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)
16.Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
17.Қосымша нешеу? (екеу)
18.Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
19.Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)
20.Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы)
І турдың қорытындысын тыңдау.

ІІ тур "Полиглот”
(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту.)

1. ...қылды қақ жарған. (қара,

2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,

3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер болмаса – ер азады. (жер,

4.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау,

5. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл,

6. ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы,

7. ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз,

8. ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау,

9. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді.(білім,

10. ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз,

ІІ турдың қорытындысын тыңдау.

ІІІ тур «Көрерменнен көрімдік»

(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)

Ат
Дулыға
Сандық
Той
Жол
Сәби
Ту

Киіз үй
Жұлдыз
Телефон
Кітап
Көгершін
Балмұздақ
Боран
ІІІ турдың қорытындысын тыңдау.

ІҮ тур «Өтірік өлеңдер»
(Топ оқушылары белгілі уақытпен ойларынан өтірік өлеңдер шығаруы тиіс.)

ІҮ турдың қорытындысын тыңдау.

Ү тур «Алты жұмбақ»
(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауы керек.)
- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) ("Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)

- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).

- Алтынмен ішін безеген,
Сырты күміс ақ отау
Келістіріп түзеген
Арттыруға сайланды.
Қырық түйе қазына ,
Қырық құл мен қырық күң,
Қосып берді қызына.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ер Төстік» ертегісі, жасау беру.

Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,
Кім деп ол баланың несін қойды?
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.

Көтібар қызды қосты Әлібекке
Атақты өзі батыр асыл текке.
Жүз-жүзден кілем, тон, ішік қылып,
Арттырды елу нарды әділетке.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Айман-Шолпан» жыры, киіт кигізу, жасау беру, үйлендіру.

Балталы , Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.

Өлім деген тәңірі иесі,
Желіккен құлан әңгісі.
Құлан мен тұлпар желіккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жұлмалап жалмап кетіпті.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы, естірту,

Ү турдың қорытындысын тыңдау.

ҮІ тур "Тест”

(Екі топ жетекшісі А мен В әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған топ –сын есім, В әрпін таңдаған топ –сан есім қатысқан мақал-мәтелдер айтады. Дайындыққа 1 минут)

ҮІ турдың қорытындысын тыңдау.

ҮІІ тур "Жекпе жек”
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)

Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.
Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.