Главное меню

  • К списку уроков
Сыныптан тыс шара "КВН «Сөз тапқанға қолқа жоқ»"
21.07.2015 951 0 Ахметова Айнаш Зейнуллиновна

Мақсаты: 1. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын
арттыру;
2. Тез ойлап, ұтымды жауап қайтара білуге, еркін сөйлеуге
Дағдыландыру;
3. Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, плакат, үлестірме суреттер, ойыншықтар, «Мұнараны құрастырып, түстерін ата» дидактикалық ойыны, мультфильм.
Түрі: дәстүрлі емес.

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, зейіндерін
шоғырландыру.
Мұғалім сөзі: - Ана тілі мен әдебиеті әрбір ұлттың мақтанышы, асыл мұрасы. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез – келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Тіл – ұттың жаны, тіл – ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.
- Құрметті қонақтар, балалар! Ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ сіздердің еншілеріңізде. Осы орайда сыныбымызда «Сөз тапқанға қолқа жоқ» интеллектуалды сайысымыз өтпекші, белсенділік танытайық. Жарысымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлінеміз.
1- топ. «Доп» тобы
2- топ. «Қуыршақ» тобы.
Екі топтың қайсысы жеңіске жеткенін анықтау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Негізгі кезең.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады:
1. Топтың атын, ұранын қорғау (2мин)
1- топ. «Доп» тобы. Ұраны: Тірліктің күші — бірлікте.
2- топ. «Қуыршақ» тобы.Ұраны: Береке көзі — бірлікте.
2. «Мынау не?» тапсырмасы (3мин)
3. «Мұнараны құрастыр және түстерін ата» (2мин)

Сергіту сәті: Интерактивті тақта арқылы әуенмен жаттығу жұмыстарын орындау. (2мин)

4."Мықты болсаң - тауып көр". Бұл кезеңде сандарға мықты екендеріңді
байқаймыз, әр дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі (3мин)
5."Жүйрік болсаң – шауып көр" жанкүйерлерге тапсырма. Отбасы мүшелерін атау (3мин)
6. «Дүкенге барып, нан, сүт, шайды алып кел» (2мин)
Әр топтың жауаптарынан қазылар алқасы 5 ұпайлық жүйемен бағалайды. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады және марапатталады.(3 мин)
Қорытындылау: (2мин)
- Сабақта біз нені қайталадық?
- Нені құрастырдық? Қандай түстер бар екен?
- Қандай отбасы мүшелерін білесіңдер ?
- Қандай азық – түліктерді білесіңдер?
Қоштасу.