Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Оқушыларды ҰБТ-ға қалай дайындауға болады?"
18.05.2015 1923 0 Рамазанова Гулден Саматовна


Елімізде білім беруді жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аз емес, соның бірі – ҰБТ. Жер бетіндегі дамыған 193 мемлекеттің 123-і ҰБТ сынағын өткізеді екен. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде тестік тапсырмалар арқылы білім тексерудің тиімділігі дәлелденіп отыр. Орта мектеп бітірушілердің білім сапасының деңгейін анықтаудың басты формасы мемлекеттік ҰБТ жүйесі тәжірибеге енгізілгеннен бері он жылға жуық уақыт өтті. Мектеп бітірушілердің он бір жыл бойы алған білім деңгейін ұлттық бірыңғай тест қорытындысы айғақтаса, аталмыш сынақ ұстаздар еңбегінің де айнасы екені даусыз. Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушылар үшін ең маңызды кезең. Себебі, ҰБТ оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады. Бір ұпайдың жетпей қалуынан оқушылар мемлекеттік оқу грантынан, көп жағдайда жоғарғы оқу орнына ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады. Оқушылардың ҰБТ жағдайындағы жеке басының психологиялық жай-күйі оларды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тестті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде оқушы біраз уақытқа дейін психологиялық жағымды, жағымсыз күйді бастан өткізеді. Оны ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тестің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреміз. Ал нәтижелері теріске шыққан, яғни төмен балл алған оқушылардың психологиялық көңіл күйлері мүлдем нашарлайды деуге болады. ҰБТ-ға дайындық оқушылардың отбасы, ата-анасы, психолог мамандар арасында өзара тығыз қарым-қатынаста жүреді. Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына теріс әсер етеді, өйткені балалар өздерін үнемі бақылауда сезінеді, ата-аналары мен үлкендер, ұстаздары тарапынан болатын ұдайы қадағалаудан "Егер мен емтихан немесе тест бере алмасам”, "Ойдағы үмітті ақтай алмасам” деген қорқыныш пайда болады. Бұрын-соңды өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген балалар отбасы тарапынан айтылатын "Балам, жақсылап дайындал!” деген сияқты сөздерден алдын ала үрейлене бастайды. Көптеген мұғалімдер өз пәні бойынша жыл бойы бос уақытында оқушыларды тестілеуге дайындау үстінде болады. Егер төмен нәтиже алса, ұрсып, баланы уайымға салады, бұған қоса ата-аналар олардың үйдегі бос уақытының дайындықпен өтуін қатаң қадағалауға кіріседі. Баланың жеке басының психологиялық қысымға түсуінің басты себебі осында. Сондықтан оқушыларды кез келген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұруға, бұл жағдаяттарда өздерін ұстай білуге үйретудің маңызы зор. 11-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері психологиясын ескеретін болсақ, осы кезеңде оқушының бойында өзіндік сана, өзіндік "мен” деген бейне қалыптасады, өзін және айналасындағы қатарластарын, олардың әрқайсысының мәртебесін, алатын орнын, беделін сезіне бастайды. Кей жағдайларда бәсекелестік те байқалады, бұл ҰБТ жағдайы үшін кері және ауыр жағдаят, себебі құрбы-құрдастарының қатарынан қалып, ЖОО-ға түсе алмай қалуы оқушыны ең ауыр психологиялық дағдарысқа алып келеді. Ол сыныптастарының алдында ұятқа қалғандай сезінеді. "Мен” сезімі шиеленіседі; ішкі психологиялық дағдарыс, өз-өзіне деген реніш пайда болады. Күтілген нәтижеден төмен баға алып, көбінесе өз достарын көруден де бас тартып, қиын да қауіпті жағдайға тап болады. Көптеген оқушылар мұндай ауыр жағдайларда "өзін-өзі ұстау және бағыттау стратегиясын” білмейді, жас ерекшелігі психологиясына сәйкес балалар қиын жағдайды өткереді. Оқушылардың осындай әлеуметтік-психологиялық жағдайларын ескере отырып, бүгінгі таңда барлық мектептерде оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі – оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау шаралары. Тестті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ, осындай психологиялық білім өте пайдалы. Психологиялық білім тестке дайындау тиімділігін арттырып, тест кезінде тапсырушының өзін ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймай, ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде жұмысқа жұмылдыруға, эмоцияларын қолға алуға көмектеседі. Осыған орай мектебімізде 11 «А» сынып оқушыларын тест тапсыру процесіне психологиялық дайындықпен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты мектеп әкімшілігі, сынып жетекші, мектеп психологі мен ата - аналардың бірлескен жұмыстары жолға қойылған. Мысалы, тестке дайындық, тест алдындағы оқу материалдарын зерделеу, баланың тест алдындағы мінез-құлқы мен нақты тест кезіндегі мінез-құлқы туралы тренингтер өткізілді. Сынып оқушыларымен бірлесе отырып, олардың өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, стресске қарсы тұру жолдары, эмоцияны басқаруға мини-лекциялар оқылып, рөлдік ойындар ойнатылды. «Мен өзімді мақтаймын», «Шынымды айтсам…», «Өз жұлдызыңды тап», т.б. тренингтер мен жаттығулар, кіші топтағы пікірсайыстар өтті. Осындай жаттығуларды орындату барысында оқушы бойында жақсы дағды қалыптастыру көзделді. Ата – аналармен бірге оздырылған сабақта ҰБТ-ға оқушыны дайындауда ата-аналар мен оқушыларға, ұстаздарға мынадай кеңестер жадынамасы ұсынылды:
Ата – аналарға Оқушыларға Ұстаздарға
1. Балаңыздың ҰБТ - ға барар алдындағы алдын - ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайлықпен қарамай, дұрыс ақыл - кеңес беруге тырысыңыз.
2. Балаңыздың күнделікті ҰБТ - ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың көңіл - күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз.
4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз.
5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс - жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз.
6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз.
7. Ешқашан балаңызды сынап - мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.
Стресті жеңу үшін:
Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.
Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен, отбасының, жолдастарыңның, жақын - туыстардың көмегі қажет. Ата - аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларың мен апайларыңа және басқа жақын - туыстарына барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені, олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейірімді жылы сөзді күтіп отыр. 1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастырыңыз.
2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз.
3.Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.
4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.
5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз.
6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.
7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.
8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз
9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімнен атаңыз.

ҰБТ оқушының да, ата-ананың да, мұғалімнің де көп жылғы еңбегінің жемісі. Ендеше мұғалімдер қауымы үшін ҰБТ-ға дайындау үрдісін жаңашыл идеялар жүйесіне айналдыру қажеттігі туындап отыр. Сол жаңашыл идеялардың бірі - ҰБТ-ға дайындаудың психологиялық аспектілерін зерттеп, оны тиімді пайдалану. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасында жеке тұлғаны дамытуда нақты әлеуметтік жағдайда дамитын әрбір оқушының ерекшеліктері барынша ескерілуі қажеттігі атап көрсетілген.
«Бес саусақ бірдей емес» сияқты, барлық бала бірдей емес. Әркімнің өзіндік ерекшелігі, қабілеті бар. Ендеше, осы кестеде көрсетілген оқушының барлық ерекшеліктері дайындық жұмыстарында ескерілуі тиіс. Әсіресе, қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындау үшін қандай психологиялық аспектілерді назарға алу қажеттігіне тоқталайық. Олардың ең маңыздысы:
1.Ақыл-ой даму деңгейі
2.Оқушы қабілеті
3. Ес
4. Темперамент
5. Қызығушылығы
6. Ерік күші
Бұлардың ішінен темперамент типтеріне тоқталар болсақ, әр типтің өзіндік ерекшеліктеріне сай жұмыстанған тиімді.

Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең меңгерту. Ал бұл міндеттің орындалуына ҰБТ сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстарды атқарудамын:
• ҰБТ-ға дайындыққа арналған арнайы жоспар құрастырдым;
• Өткен тақырыптардан теориялық білімдерін толықтырамын;
• Тест жұмысын орындағаннан кейін коррекциялық жұмыстар жүргіземін;
• Тақырыптық тест құрастырамын;
• Тест, талдаумен ғана шектеліп қалмай тапсырмалар жүйесін түрлендіріп беруге тырысамын;
• Әр тараудан кейін сынақ қабылдаймын;
Ана тілінен оқушыларды дайындау үшін қажетті тапсырма түрлерін ала білу өте маңызды. Тапсырма түрлері мынадай: тренингтер, сызбамен жұмыс, глоссарий, тест түрлері \толықтыру тесті, баламалы тест, т.б.\ Тапсырмаларды түрлендіріп қолданудағы мақсат – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, жоғары деңгейде білім алуына көмектесу. Сондықтан оқушылар теориялық білімдерін үнемі практикалық тұрғыда пайдаланып отырады. Мысал келтірсек:
Тренинг №1
Етістіктің шақтарын жасалу жолымен сәйкестендір
Шақтардың түрлері Жасалу жолдары
1. Ауыпалы осы шак:
2. Мақсаты келер шак:
3. Бұрынғы өткен шак:
4. Жедел өткен шак:
5. Ауыспалы өткен шак.
6. Болжалды келер шак:
7. Ауыспалы келер шак:
8. Нақ осы шак. а/ ет.+/-мак,-мек,-бақ,-бек,/+/-шы,-ші/жіктік жалғауы;
б/ет.+/-а,е,-й/+жіктік жалғауы:
в/ет.+/-атын,-етін,-йтын,-йтін/+жіктік жалғауы;
с/ет.+/-ар,-ер,-р/+жіктік жалғауы;
д/ет.+/ды,-ді,-ты,-ті/+жіктік жалғауы;
е/отыр,тұр,жатыр,жүр+жіктік жалғауы;
ж/ет.+/ған,-ген,-кан,-кен,-ып,іп,-п/+жіктік жалғауы;
з/ет.+/-а,-е,-й/+ жіктік жалғауы. Күнде сабаққа барамын ;
и/ ет.+/-ғалы,-гелі,-қалы,-келі/+іктік жалғауы;
Сызбамен жұмыс №1
Шылау түрлерін еске түсіру
Септеулік шылау
Атау Барыс Шығыс Көмектес

Демеулік шылау
Сұраулық Күшейткіш Белгісіздік Болымсыздық Шектік Нақтылау

Жалғаулық шылау
Ынғайластық Қарсылықты Себеп-салдар Талғаулықты Кезектес Шартты

Сондай-ақ, қайталау ретінде әр жылдардағы тест кітапшалармен жұмыс жасағанда, талдау бланкісін пайдаланамын. Оны мына үлгіде жасап, оқушыларға таратамын.
Өздері толтырып, қандай тақырыптарда, тіл білімінің қай саласын меңгеруде жіберген олқылықтарды көре отырып, түзетуге тырысады. Сол тақырып бойынша қайталап, қосымша жұмыстанамыз. Жалпы оқушы нені біледі, нені білмейді, қай сұраққа жауабы күмәнді, осының барлығын белгілеп отыру керек. Бұл өте тиімді. Бұдан оқушының неден көмек сұрайтын¬дығын дереу ажыратып отыруға болады. Мүмкін сол тақырыпты өткен күні оқушы мектепке келмей қалған шығар, бәлкім басқалай себептер болар. Бірақ, сол кесте бойынша тақырыпты жинақтап, оқушыға үйрету – өте тиімді тәсілдердің бірі. Тест жұмысы нәтижесінде ай сайын оқушы білімі сарапталып, мониторинг жасалынады. Оқушылардың әрбір жазған тест жұмыстарынан кейін талдау жасалып, білім сапасы, үлгерім сапасы, орта балы есепке алынып отырылады. Бұл оқушылардың алға қарай жылжуына негізгі жол болмақ. Үлгі ретінде келтіретін болсақ:

Қазақ тілі пәні бойынша тест тапсырмаларының нәтижелері _____ жыл

Оқушының аты-жөні:____________________________________

Нұсқа Жинаған ұпайы Оқушының жіберген қателері
Лексика Фонетика Морфология Синтаксис Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25

Қазақ тілі пәнінен 11-сынып оқушыларының желтоқсан айындағы ҰБТ-ға әзірлік нәтижесі туралы мәлімдеме

№ Оқушының аты-жөні 8.12 22.12 28.12 Орташа ұпайы Салыстырмалы
нәтижесі
1 Абдрахманова Н 23 21 18 20,6 төмендеген
2 Антаев Р 23 19 22 21,3 көтерілген
3 Имангалиев А 19 18 23 20 дайындық қажет
4 Гумаров А 21 21 19 20,3 төмендеген
5 Шамуратова К - - - -
6 Сагындыков С 22 21 23 22 тұрақсыз
7 Сундеткалиев Ш 25 24 25 24,6 тұрақты

«Тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деген үмітпен жобалап белгілей салатын оқушылар да жоқ емес. Тіпті кейбір оқушылар ойланбастан жарты сағат ішінде белгілей салып, ертерек сыртқа шығуға асығады. Міне, осындай оқушылармен тиянақты, жүйелі түрде жұмыс жасау мұғалімнің міндетіне айналып отыр. Тестке жүйелі дайындалған оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтиже берері сөзсіз. Бұған күнделікті жұмыс барысында көз жеткізіп жүрмін. Жылдар бойы еткен еңбегіңнің жемісін бір-ақ күнде көруге болады.
Сөзімнің соңын Ахмет ағамыздың «Тіл қисыны» еңбегінің түйіні арқылы аяқтағым келіп отыр. Егер сарайдың зәулім болып соғылуы оның кірпішіне, топырағына байланысты болса, біздің еңбегіміз сол өзіміз тәрбиелеген шәкірттеріміз арқылы көрінбек.
Ендеше біздің әрбір ізденісіміз, қимы¬лымыз тек бала үшін, баланың білімі үшін, болашақ үшін арналса ғана шәкірттеріміз сол білімді үлкен дәрежеде көрсете алары күмәнсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №12 \ 2012

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №10 \2012

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №8 \2005