Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті "Ғажайып алаңы" ойыны
26.03.2015 1002 0 Темиргалиева Елена Самиловна

Сабақтың мақсаты: сыныптан тыс шарада қазақ тілі мен қазақ әдебиетінде алған білімдерін ойын түрінде анықтау, саралау, қорытындылау. Тілге сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: бір пішінді түрлі суреттер, әріптер, 10,20,30,40,50 сандары.
Қатысушылар: 7б, 8б сынып оқушылары.
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе сөз:
-Құрметті ұстаздар, оқушылар! 22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне арналған
«Ғажайып алаңына» қош келдіңдер! Бүгін 7б мен 8б сынып оқушылары
арасында «Ғажайып алаңы» ойыны ойналады.
2. Қатысушыларды топтарға бөлу:
Екі сынып оқушыларына түрлі қызғалдақ пен сарғалдақ гүлдері таратылады.
Алынған гүлдердің түстерімен екі топқа бөліну.
- Алдарыңызда «Қызғалдақ» пен «Сарғалдақ» топ мүшелері сұрақтарға жауап беру мен тапсырмаларды орындау арқылы жүлделі орынға жетеді.
(топ мүшелерімен таныстыру)
3. Ойын шартымен таныстыру:
Жасырын сөзді бір әріптен ашып айту арқылы табу керек. Әр топ мүшесі кезекпен сурет таңдап, әріпті айтады. Егер бір топ әріпті дұрыс айтпаса, кезек екінші топқа келеді. Сөзді толық айтқан топ және барлық кезеңдерден өткен топ супер ойынға қатысады.
Суреттің астында сан тұр және «+» белгісі тұрады. Ойынның соңында қай топ қанша ұпай жинағаны белгілі болады. «+» белгісі сөзде бір әріпті ашу мүмкіндігін береді. Кезеңдер арасында топтар өз өнерлерін көрсетеді. Көрермендермен де ойын ойналады.
Ойынның ретін бақылау үшін әділқазылар тобы жұмыстанады.
(әділқазылармен таныстыру)
4. Қатысушылардың көрінісі:
Өздерін таныстыру: өлең жолдарымен, билеп, көрініс көрсетіп.
5. Ойынның өту кезеңдері:
1 тапсырма:
Қазақ әдебиетінің классигі, академик, еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Семей облысы Шыңғыстау жеріндегі Қасқабұлақ жерде дүниеге келген. Атасының тәрбиесінде болған. Орысша да оқыған. Орыс жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Еңлік - Кебек» пьесасын жазған. Алғашқы әңгімесі - «Қорғансыздың күні».
(Мұхтар Әуезов) Ә,у,е,з,о,в - 6

2 тапсырма:
Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Қостанай облысы Құсмұрын көлінің жағасында дүниеге келген. «Қазақтардағы шамандықтың қандығы», «Тәнірі» еңбектері дүниеге келді. Сонымен қатар салуда шебер болған. Оның 150-дей суреті қалған. Оның орыс достары көп болған.
(Шоқан Уәлиханов) У,ә,л,и,х,а,н,о,в – 8

Үзіліс: «Қызғалдақ» тобы өнерлерін көрсетеді.

3 тапсырма:
Қазақтың ұлы ақыны. Солтүстік қазақстан облысы Булаев ауданы Сасықкөл ауылында дүниеге келген. Арабша, парсыша, түрікше, орысша хат таныған адам болған. Медреседе білім алған. Омбы қаласында семинарияда оқыды. «Бостандық таңы» газетінің редакторы болды. Ұлы Абай дәстүрін жалғастырды. «Батыр Баян», «Қорқыт» поэмалары, мыңдаған өлеңдері бар.
(Мағжан Жұмабаев) Ж,ұ,м,а,б,а,е,в – 8.

Үзіліс: «Сарғалдақ» тобы өнерлерін көрсетеді.
- Әділқазыларға сөз берейік. Үш кезеңнің қорытындысын айтып, жеңімпаз топты атасын.
- Әділқазыларға әділ қорытынды шығарған үшін ризашылығымызды білдіріп, қошемет көрсетейік.
Көрермендермен ойын:
Бұл ертегіде бала, өкпе, қарға, түлкі, тіс, мыстан кемпір сөздері кездеседі. Ертегінің аты? (Алтын сақа) А,л,т,ы,н с,а,қ,а
Көрермендер 3 түрлі әріпті айтады. Егер бұл сөзде кездесетін әріптер болса, олар ашылады. Ойланып, сөзді толық айту керек.
Супер ойын:
тапсырма:
Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, жазушысы. Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы қызылтау ауылында туған. Жастайынан арабша хат таныған, ұста мен ағаш шебері болған. Ауылда мұғалім болып істеген. «Қазақ тілі», «Еңбекші қазақ» газеттерінде жұмыс істеген. Пьеса, әңгіме, роман, повестер, мақалалар жазған. «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір»,
«Көк өгіз», «Үш қыз» сияқты ертегілері бар.
(Жүсіпбек Аймауытов) А,й,м,а,у,ы,т,о,в – 9.
Осы әріптерден 4 әріпті атап ашуға рұқсат беріледі. Егер бұл сөзде сондай әріптер кездессе, олар ашылады. Ойланып сөзді дұрыс айту керек.
6.Қорытынды сөз:
- Бүгінгі ойынға екі топ мүшелері белсене қатысты. Екі топ та қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында алған білімдерін көрсете алды. Ұпай санымен бір топ озып, ойнымыздың жеңімпазы атанды.
(Марапаттау, қоштасу)