Главное меню

  • К списку уроков
Жаңа технологияларды тиімді қолдану әдістері
16.03.2015 1305 224 Диярова Камал Дияровна

Мақсаты: оқу орыс тілінде жүретін мектептедің жоғары сыныптарында жаңа технологияларды қолдану арқылы әрбір оқушының ойлау қабілетінің дамуына, қазақша сөйлеуіне, еркін сөйлеу әрекеттерін жандандырып, сауатты жазуына толығымен мүмкіндік туғызу және қойылған мақсатты іске асыру . Мемлекеттік тілдін мәртебесін көтеру. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын таныстыру. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өзге ұлт өкілдеріне қазақ халқының ұлылығын дәлелдеу.
Міндеттері:
1.Жаңа оқыту технологияларына қатынасты әдебиетті зерттеу.
2.Тәжірибеге енгізу.
3.Мұғалімдер қауымына тәжірибеден кейінгі қорытындыларын ұсыну.
Тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі үшін білімді азаматтар керек! деп Елбасы өзінің жыл сайыннғы Жолдаында баса атап сапалы сезінуі, түсінуі қажет. Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы-жастардың еншісінде.Олай болса, XXI ғасырдың жастары жан-жақты білімді, саяси экономикалық сауатты, яғни, интеллектуалды деңгейі жоғары болуын талап етеді. Бұл мәселерді шешуде басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытулың маңызы зор. Бүгінгі таңда білім беру саласында негізгі бағыт «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілгендей, білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай өзгерту юолып табылады. Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушылардың танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың ой-кабілетін, әлеуметтік және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға, өз бетінше білі алуға бағытталған.
Ұстаздарға қойылатын талап өте жоғары. Жан-жақты білімді, сауатты, бәсекелестікке қабілетті, ынталы, адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу-әр ұстаздың мақсаты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндлықтар, ғлым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасу, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдітәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу».
Өмір талабы қазіргі қоғамдағы: әлеуметтік – экономикалық өмірдегі елеулі өзерістер мемлекеттік тілді оқытып үйретудің жаңа жолдарын іздеу мәселелерін тала етіп отыр.
Оқытудың қазіргі технологиялары
Еліміз егемендік алып, Республикамызда білім берудің жаңа жуйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім берудің жаңамазмұны пайда болуда:
1.Білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғлымдары шығармашылық және жарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылаымен байи түсуде;
2.Ақпараттық дәстүрлі әдістері – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарғы ығысып орын беруде;
3.Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына азамат тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде;
4.Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасын өту. Осы мәселге орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енуде. Мысалы, академик В.И.Монаховтың технологиясы, М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», профессор Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы» және т.б.
Жаңа педагогикалық технологияның түрлері:
Саралап оқыту.
Бұл урдіс Америкада өткен ғасынрдың 30-жылдарында білім беру саласында қолданылған. Енді бұл үрдіс Қазақстан мектептерінде қолданыла бастады. Білімді даралап, саралап берудің басты бағыттарының бірі – дарынды, талантты оқушыларды оқыту. Ақырғы кезде мұндай өзенкті мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылықтар байқалады.
Бұл оқытудың басты мәселесі, мақсаты - дарынды балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мысалы: «Болашақ бағдарламасы», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз біліктігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау керек» делінген. Мектепте саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету ушін мынадай мақсаттар қою керек:
1.Нақтылы бағдарлама жасау;
2.Материалдық базаның жеткілікті болуы.
Модульдік оқыту технологиясы.
1.Модульдік оқытулың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту;
2.Оқушының кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана бөлім мазмұны меңгеріледі. Оқушының қабылдау немесе меңгеруіне қарай тапсырмалар дайындалады;
3.Дамыта оқыту идеясы негізделген;
4.Мемлекеттік технология негізінде бағдарламаны оқыту алынған.
Дамыта оқыту - күрделі қырылымды, біртұтас педагогикалық жүйе.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудың айырмашылығы: көзделген мақсатында, мәтінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс - тәсілдерінде, оқушының белсенділігінде. Дамыта оқыту урдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушыбілім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында жетуі керек.
Дамыта оқыту принциптеріне негізделген « Сыни тұрғындан ойлау» жобасы - американдық ғылымдардың идеялары негізінде құрылған жоба.
«Сыни тұрғындан ойлау» жобасының философиясы - баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, барлық баланы жеке зерттеу және бақылау болып табылады.
Сыни тұрғыданг ойлау бағдарламасы 60 - тан аса әдістерді ұсынады. Сыни тұрғандан ойлаудың нақты әдістері: топтастыру, көрнекілік, ой қозғау, болжау, «оқушыларды жетектейтін карта», «семинарлық карта», «кубизм», «Венн диаграммасы», «Бес жол өлең», «Білгеніміз, білгіңіз келетіні уйренгіңіз», «Пікір сайыс», «Жұптасып ойлау», т.б.
Әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы да тиімді оқыту технологиялардың бірі - Ж.Қаратавтың денгейлеп оқыту технологиясы.
Оқыту маңыздылығы: 1. Сынып оқушыларының барлығы түтелдей жұмыс істейді; 2. Бос отырған оқушы болмайды; 3. Әркім өзінің білім деңгейінің мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамытады; 4. Қиындықты жеңеді, пәнге деген қызығушылықтары қалыптасады; 5. Шығармашылық қабілеті дамиды.
Нәтижесі:
1.Қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
2.Білім деңгейін дамытады;
3.Шығармашылық тұлға тәрбиелеу.
Ерекшілігі:
1.Таланттылар өзінің қабілетін одан әрі бекіте түседі. Әлсіздер оқуға ниет білдіріп сенімсіздіктен арылады;
2.Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
3.Білімдәрежесі бірдей топтарды оқыту жеңілдейді.
Интеративті әдіс.
Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, «Интеракция»
деген ұжымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің,топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма - кезек әсер етуі.
Ғалым Т.Левандовский интеракцияны қарым - қатынас жасау үрдісінің синонимі ретінде сипаттайды. Бұл әдіс, әсіресе, сұхбат қыруда оқушылардың белсінділігін арттырады. Бірігін жұмыс істеуге үйретеді.
Бүгінгі таңда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдер топтамасына енген интерактивтік әдіс ұстаздар назарын өзіне барынша аударып отыр. Себебі бұл әдіс оқушылардың бойына төмендегідей әдет - дағдыларды қалыптастырады:
1.Оқушы өзін - өзі еркін, батыл сезінеді. Үйреніп жатқан тілге деген қызығушылығы артады;
2.Оқушылар топ болып, жұп болып әрекет етіге үйренеді;
3.Білімі төмен оқушылар озат оқушылардан кей жерлерге көмек алады. Ал озат оқушылар өз сыныптастарына қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Осылайша интерактивті әдіс оқушыларды мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, әрі тиімді.
Интерактивтік әдіс барысында оқушылар бірлесу, бірігу, ұйымдасуға бейімделе отырып, оқып - үйренуге тырысады, ал оқытушы ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде қатысады. Мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанмен , ол өз мүмкіндігін шектеп, оқушылардың арасындағы интеракцияны қалыптастыруға жағдай жасайды.
Қорытыңды:
Жаңа XXI ғасыр ғылым мен техникалының қарыштап дамуына жол ашып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелді. Ақпараттық коммуникативті технологияларды қолдану - қазіргі кезде ең тиімді оқытудың қайнар көзі. Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесу, дұрыс сұрақ қойып, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдылары одан әрі қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», 2007
2.Қазақстан Республикасының «Білім беруді дамыту 2004-2015жж.» тұжырымдамасы, 2004жыл.
3.«Мектептегі ғылыми жұмыс» Республикалық ғылыми - әдістемелік жұрналы, 2009жыл. №2, №3, №67
4.Ш.Таубаева. «Оқытудың қазіргі технологиялары», Бастауыш мектеп. 2005ж №3.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.