Главное меню

  • К списку уроков
Қазақ тілі "Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау" 7 сынып
23.02.2015 1108 291 Қыстаубаева Гүлсім Рашитқызы

      Білімділік мақсаты :   есімдердің түрленуінен алған теориялық білімдерін тиянақтау.

      Дамытушылық мақсаты : Өтілген материалды тиянақты меңгертуге ,жүйелі ойлау,ойын    нақты жеткізуге, шығармашылық ізденістерін  арттыруға  ықпал ету ; 

      Тәрбиелік мақсаты:Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін дарыту,ізгілік,өзара    сыйластық,достыққа тәрбиелеу,өнерге,өнер адамына деген құрмет сезімдерін шыңдау;

   Түрі : Қайталау сабағы.

   Сабақтың негізгі әдіс‑тәсілдері:

                                              Оқыту әдісі‑іздену;

                                             Сабақ өту әдісі‑ қозғау салу,талдау;

                                            Оқу әдісі‑ізденіс, талдау,дәлелдеу;

   Пәнаралық байланыс : әдебиет,кино өнері, саз өнері,өмірмен байланыстылығы;

      Сабақтың жабдықталуы : интербелсенді тақта, есімдердің түрленуіне схема‑таблица, сатылай кешенді талдау үлгілері папкасы   № 1,2 , «Шәкен туралы естеліктер»

                                            (авторы Кәукен Кенжетайұлы)

      Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.      Амандасу,түгелдеу.

                                 2.Сабаққа қажетті құрал жабдықтарына назар аудару.

       Мұғалімнің кіріспе сөзі :  Бүгінгі сабағымыз морфология тарауы,соның ішінде есім сөздердің  түрленуінен өткенді қайталау мен бекітуге арналып «Білім керуені» деп аталады.

 Ал керуен дегеніміз не?

       Керуен дегеніміз‑алыс жерге жүк тасу немесе сапар жасап қайтуға арналған көлік тізбегі.

                                                           (Энциклопедия ІҮ том,524‑525бет)

      «Қазақ киносының атасы» атанған ,  халқымыз мақтан тұтар   Шәкен Кенжетайұлы Айманов  атамыздың  өнердегі,өмірдегі қайталанбас сара жолымен танысу.

             (Грамматикалық тапсырмалар осы тақырып аумағында алынады)

       Сабағымыз V турдан тұрады,бағалау шарттары:

 1.      «Қайталау‑ оқу анасы»,                 0­‑ 2  ұпай

2.      «Өзіндік ізденіс‑білім негізі»,        0‑10 ұпай

3.       «Талдау‑табыс кілті»,                    0‑5 ұпай

4.       «Білімділер ордасы»,                     0‑5 ұпай

5.       «Жыр‑шашу»,                                 0‑5 ұпай.

  Ескерту : тақтаға оқушылардың аттары мен сабақ турлары жазылған сызба сабақ басталмай ілінеді де, астына  ұпайлар жазылған арнайы жапсырма қағаздар қойылады.  Скиперлер ұпай санын ілуге көмектесіп отырады. Әр турдан кейін интербелсенді тақтадағы мадақтау сөздер көрсетіледі.

 І тур; 0‑2 ұпай. 

            «Қайталау‑оқу анасы»

 ( Қоржынға салған асықтардың саны сыныптағы оқушылар санына негізделеді,әр оқушы сол сұраққа жауап береді.Интербелсенді тақтадан жазылған сұрақтар көрсетіледі ) 

 

1.      Сан есімнің түрленуі.Мысал келтіріңіз.

2.      Күшейтпелі шырай дегеніміз не?

3.      Зат есімнің жіктелуі. «Оқушы» сөзін жекеше түрде жіктеңіз.

4.      Сөйлемде есімдік қандай қызмет атқарып тұр ?

                            Мен бала кезімдегі «Серектасымды» сағындым.

5.      Сын есімнің түрленуі.Мысал кетіріңіз.

6.       Септік жалғау.

7.      Зат есімнің түрленуі.Мысал келтіріңіз

8.      Өзен,сай,кереге,құйын,кітап сөздері жіктеле ме?

9.      Жіктеу есімдіктерінің түрленуі.

10.    Жалпылау есімдігінің түрленуі.

11.  Салыстырмалы шырай дегеніміз не ?

12.   Көптік жалғау.

13.   Шәкен айтты.Шәкен айтыпты дегенде қосымшадағы  айырмашылық не?

14.  Болымсыздық есімдігінің түрленуі.

15.  Реттік сан есім жұрнақтары.

16.  Зат есімнің мағыналық түрлері.

17.  Шәкен Баянауыл топырағында дүниеге келген( кейінді ықпалды табыңыз)

18.   Қосымша түрлерін атаңыз.

19.  Жалқы есімге мысал ойластырыңыз.

20.  Жинақтау сан есімге мысал айтыңыз.

 

Мадақтама  сөздер:       Жақсы!    Тамаша !     Бәрі ойдағыдай !

Ескерту :                         Әлі қол шапалақтауға ертерек ...!

 

ІІ тур ;  0‑10 ұпай

                           «Өзіндік ізденіс‑білім негізі»

(Ескерту: интербелсенді тақтада 2 оқушы берілген сөйлемдерді кезектесіп талдайды,оқушылар деңгейлік тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды)

 

 

Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

1.Ақбет таудың бауырында,Саржазықтың тап ортасында Айманбұлақтың бойында,    Қызылшіліктің тау жақ бойында,

сары адырдың етегінде қарағайдан салынған екі бөлмелі аласа ғана қараша үйде 1914 жылы 15 ақпанда Шәкен (Шахкәрім) Айманов дүниеге келді.

2. Әкесі Кенжетай мойнына мылтық асынып,ит жүгіртіп,құс ұшырып,аң аулаған,қашанда домбырасы қолынан түспей ән мен күйге жаны құмар болған.

 

І деңгей:

1.Шәкен Айманов он төрт фильм түсірген.

2.Шәкен Тоқбайдың «Екі жиренін»,Қалидың «Жиырма бесін» өте жақсы көреді.

 

ІІ деңгей

1.Шәкен Жамбылмен 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ  әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне бара жатқанда танысады.

2.38 жасында актер тоқсанға келген Жамбыл  ақынның бейнесін  сомдады.

 

ІІІ деңгей.

1. Шәкенді ауыл‑аймақ жақсы көріп,ән салдырып,тақпақ оқытады,ертегі айтқызады.

2.Шәкен Айманов түсірген фильмдер: «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Ән шақырады», «Тақиялы періште» т.б.

 

Мадақтама  сөздер :   Міне,осы жақсы болды ! Жүйелі жұмыс !

                                                  Осы бағытта жалғастыр !

Ескерту :                    Әлі де қол шапалақтау ертерек... !

 

ІІІ тур

      «Талдау‑табыс кілті»

                0‑5 ұпай

1.Берілген мәтінді оқып,мазмұнын ұғыңыздар.

2. Асты сызылған сөйлемге сатылай кешенді талдау жасатыңыз.

 

           1970 жылы желтоқсан айының соңғы күндерінің бірінде өнер сүйер қауымға «Шәкен аға қайтыс болыпты» деген суық хабар жетті.Мәскеудің үлкен көшелерінің бірі Максим Горький  даңғылында аяулы ағамыз көлік апатына ұшырапты.Ардақты ағамыз

Ташкент көшесінің бойындағы мазарға жеткізілді. Сәтбаев пен Әуезов жатқан жердің жанына ,жер анаға тапсырылды.

          «Жігітке жеті өнер де аз»,‑деп атам қазақ бекер айтпаған.Шәкен осындай жігіттердің бірі еді‑ау,жарықтық! Шәкен аға өзіне тән қоңыр даусымен  қазақтың халық әндері «Жиырма бес» пен «Қарғамауды» сүйіп орындайтын,‑деп еске алады халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

  І Деңгей. Фонологиялық талдау: «Шәкеннің»

 ІІ Деңгей.  С.к.м.т. «Жігітке»

ІІІ Деңгей. С.к.м.т. «Қоңыр»

Мадақтама  сөздер :        Өте сәтті орындадың! Бәрі тамаша !                                          Білімдісің! Шеберлік !

Ескерту :                 Әлі де қол шапалақтау ертерек... !

 

   ІҮ тур.  «Білімділер ордасы» 0‑5 ұпай;

                       0‑2 = 0  ұпай; 3‑6= 3 ұпай;    7‑8= 4 ұпай;    9‑10 = 5 ұпай;

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.