Главное меню

  • К списку уроков
Жалпақ құрттар .Ақ сұлама-табиғатта емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі.сыртқы құрылысы.дене жамылғысы,бұлшықеттері жүйке жү
07.04.2016 1002 113 Абишова Назипа Рахимовна

7 сынып Биология
Сабақтың тақырыбы: § 42. Жалпақ құрттар .Ақ сұлама-табиғатта емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі.сыртқы құрылысы.дене жамылғысы,бұлшықеттері жүйке жүйесі мен сезім мүшелері.
Мақсаты: Білімділік: Жалпақ құрттардың құрылысын біліп, олардың ішекқуыстылардан ерекшелігін және кластарын бір-бірінен ажыратуды үйренеді және маңызын түсінеді. Типке тән белгілерді талдай, қорытындылай біледі
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін, сөйлеу, ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға санитарлық-гигиеналық, адамгершілік, экологиялық тәрбие бере отырып, достыққа , ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Топта жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Ролдік ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар.
Қолданылатын әдістер: Жекелей-іздену, эвристикалық, пікірлесу, проблемалық, интерактивтік.
Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру. 1 мин
Үй тапсырмасын сұрау. 2 мин
Жаңа сабақ. 35 мин
Бекіту. 2 мин
Бағалау. 1 мин
Үйге тапсырма беру. 1мин
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Сыныпты 5 топқа бөлу (5 түсті гүл беру арқылы).Топ оқушылары әртүрлі ролдерде ойнайды. 1. Анатом. 2. Физиолог. 3. Математик-систематик. 4.Ветеринар. 5. Гельминтолог. Ал, қалған 3 оқушы Зерттеушілер тобы. Олар: суретші, терминолог, ақын.
Сергіту жаттығуын өткізу.
Сабақта оқушылардың өз ұсыныстарымен келісім немесе ереже қабылдау.
1. Сабақта тыныштық сақтау.
2. Қол көтеріп жауап беру.
3. Кезектесіп сөйлеу
4. Басқаны тыңдай білу.
5. Мұғалімді тыңдау.
6. Сұрақ қою
7. Көмектесу
8. Идеяларды, пікірлерді топпен талқылау
Үй тапсырмасын сұрау. Тест тапсыру
Жаңа тақырыпты бастамай тұрып,мына сұрақтарға жауап алу. Құрт дегеніміз не? Оларды қайдан кездестіресіңдер? Қандай түрлерін білесіңдер?
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.
Жалпақ құрттардың құрылысын білу, олардың ішекқуыстылардан ерекшелігін және кластарын бір-бірінен ажыратуды үйрену және маңызын түсінеміз. Типке тән белгілерді талдай, қорытындылай білеміз. Ендеше, біз бүгін сол құрттармен танысамыз.
Жаңа тақырыпты жазыңдар: § 42. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

№ Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9. Мұғалім оқушылардың ролдерді бөлісуін талап етеді.

Анатом. Тапсырма: 1. Жалпақ құрттар мен ішекқуыстылар типінің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерін салыстыр.
2. Неліктен ақ планария, бауырсорғыш және сиыр цепенін бір типке жатқызады?
Физиолог. Тапсырма: 1.Құрттардың ішкі құрылысын, мүшелер қызметін сипаттап беріңіз.
2. Жалпақ құрттар мен ішекқуыстылар типінің мүшелер жүйесіндегі ерекшеліктерін салыстыр.

Тип Дене пішіні. Өз жауларынан қорғануы Тіршілік ортасы қолайсыз жағдайлардан қалай қорғанады. Құрылысы мен тіршілік әрекеті
Ішекқуыстылар

Жалпақ құрттар


Математик-систематик. Осы тақырып бойынша сандарды сөйлетіңіз:
Ол үшін мына кестені толтырып, түсіндіріңіз.



Ветеринар. Тапсырма. 1. Жалпақ құрттардың қайда тіршілік ететінін, Ақ сұлама мен бауыр сорғыштың көбею және даму циклін түсіндір. Ол үшін 20 және 106-суреттерді пайдалануыңа болады.

2. Үй жануарларымен қарым –қатынас жасау кезінде қандай сақтық шараларын жасау керек?

Гельминтолог.Тапсырма.
1.Сиыр цепенінің көбею және даму циклін түсіндір. Ол үшін 107- суреттерді пайдалануыңа болады.

2. Сен анаңмен ет алу үшін дүкенге бардың. Етті сатып алу кезінде анаң нені ескеру керек?
3. Тамақ жасау кезінде паразит құрттарды жұқтырып алмау үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Терминолог. Тапсырма. Тақырыпта және қосымшада кездескен терминдерді тауып, анықтамасын жатқа айтып бер.

Суретші. Тапсырма : үш класқа жататын құрттардың суретін өз ойыңнан сал.

Ақын. Тапсырма. Осы құрттар туралы өлең шумақтарын
құрастыр.

Оқушылар тапсырма мен сұрақтарға дайындалып болғанын байқаған соң, әр топтың бір мамандық иелерін ортаға шақырып, пікірталастырады.

Осылай ретімен әр топ өз пікірлерін айтып болған соң, мұғалім бағалап, орындарына отырғызады. Оқушылар ролдерді бөліседі.
Әр оқушы өз роліне берілген тапсырыманы орындайды.

Сұрақтарға жауап береді, кестелерді , схемаларды толтырады.

Өзінің ойын айтады.

Теминдерді тақырып мәтінінен тауып, анықтамасын жатқа айтады.

Тақырып мәтініне байланысты өз ойынан сурет салады.

Құрттарға байланысты өлең шумағын құрастырады.

Оқушылар өз тапсырмалары мен сұрақтарының жауабын ортаға салады.
Бекіту.
Кестеге әрбір класқа тән ерекшеліктерді көрсетіңдер. Ол үшін сәйкес келетін цифрларды әр құрттың тұсына қойыңдар.
Кірпікшелі құрттар Сорғыш құрттар Таспа құрттар



1. Бас жағында қарапайым көзшелері болады?
2. Негізгі иесі үй хайуанаттары
3. Ас қорыту жүйесі мүлде жоқ
4. Дернәсілдік дамуы аралық иеде өтеді
5. Дернәсілден піллә түзезеді
6. Дернәсілдерінде кірпікшесі болады
7. Денесі кірпікшелі әпителиймен қапталған
8. Адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін эндопаразиттік жәндіктер
9. Финна дернәсілдерін түзеді

Жалпақ құрттар кластарының ерекшеліктерін атаңыз.
Құрттар аты Ас қорыту мүшелері Бұлшық еттері Сезім мүшелері Жүйке жүйесі Тыныс алу мүшелері Қан айналым мүшелері Зәр шығару мүшелері
Ақ сұлама
Бауырсорғыш

Сиыр цепені


Кері байланыс: Осы сабақтан нені білдің? Сабақ қызықты өтті ме? Сабақта не қиын болды?
Бағалау. Үйге тапсырма беру: § 42.
Осы типке жататын басқа да құрт түрлерін және олардан жұғатын аурулар туралы материалдарды интернеттен іздеп, тауып келіңдер.

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.