Главное меню

  • К списку уроков
Биология «Тамырдың түрөзгерістері» 6 сынып
10.10.2015 2099 124 Илембаева Айгерим Муратовна

Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды өсімдіктің тамырдың түрөзгерістерімен таныстыру.
2. Оқушылардың ғылми түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын арттыру
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа,белсенділікке баулу.
Сабақтың түрі: проблемалық
Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау
Сабақтың пән аралық байланысы: экология
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба,суреттер,портреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ
ІV. Бекіту
V. йге тапсырма беру.
VІ. Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу .
II. 1. Өсімдік қалай қоректенеді? Неліктен топырақ арқылы қоректену дейді?
2. Топырақта қандай элементтер өсімдікке қажет?
3. Азот өсімдікке не үшін керек?
4. Фосфор, калий өсімдіктің қай мүшесіне әсер етеді?
5. Тыңайтқыштардың қандай турлерін білесіндер?
6. Ормандағы ағаштарды неліктен жыл сайын кесуге болмайды?
ІІI.Табиғатта тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс дейді.
Жемтамырлар Әр түрлі органикалык заттар өсімдіктердін негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін езгертеді. Мысалы: сәбіз, қызылша, шомыр, шалқан, т. б.
Жемтамырлардағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады. Жемтамырлар асханалык (қызылша, сәбіз, шомыр, шалғам (редис), тарна (брюква), акжелкек, ақжелкен, балдыркөк) және техникалық (кант кызылшасы, шашыратқы) деп бөлінеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен дәрумендер (витаминдер) болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Жемтамырлар екі жылдык өсімдік. Бірінші жылы жемтамыр дамыса, екінші жылы сол жемтамырдан сабақ, гүл шығып, жеміс береді. Жемістері кұрғак жемістер тобына жатады.
Емізік тамырлар - паразитті»тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлардың пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы немесе тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Емізік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанаскан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамырға айналады. Паразитті тіршілік ететін өсімдіктерде хлоро¬филл болмайды. Сондықтан емізік тамыры арқылы дайын коректік заттарды сорады (сүңғыла, арамсояу). Емізік тамырдын өсуі паразит. Өсімдіктердің ерекше органикалық кышқыл бәліп шығаруынан басталады. Қышқыл - жанасқан өсімдіктің қабығын ерітеді. Паразит өсімдіктер қабығынан еніп емізік дамиды. Емізік тамырлар топырақта болмайды, екінші өсімдікке инеше қадалып тұрады. Бұл - паразит өсімдіктердің тіршілік ету жағдайына бейімделгендігінің айғағы.
Тіреу тамырлар - тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы баска ағаштың діңіне жабысып өседі. Дами келе қосалқы тамырлар шығып біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалкы та-мырлардың саны көбейеді, жуандайды.
Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңіпіке дің тіреу тамырдарға сүйеніп өседі.
Тынысалу қызметін атқаратын та¬мырлары бар өсімдіктердің көбісі оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі. Ауа тамырлары деп те атайды, ол сабақтан да¬миды. Ұштары батпақтан шығып тұрады, кабығы жұқа болады (мангр ағашы, айұрык (плюш), монстера, сауыр (кипарис) және т. б.)- Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея, ауа тамыр¬лары ағаш кабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырактары болмайтындарында фотосинтез кызметін атқарады.
Түйнекті тамырлар. Нарғызгүл (геор¬гин), батат, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары коректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады.
Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамыр-дың тек негізгі тамырына ғана коректік заттар қоры жинала-тындықтан, шырынды болып жуандайды. Бірак жанама тамырлары өзгеріссіз қалады. Ал түйнектамырда тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамырлар түйнектамырға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнектамырлар өсімдік қыстап шыгу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
ІV. Зертханалық бөлім.
V. Үйге тапсырма беру. § 8

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.