Главное меню

  • К списку уроков
Биология "Лалагүл тұқымдастар.Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер,тіршілік формалары" 6 сынып
22.08.2015 1817 178 Алимбаева Алмагуль Хабдушовна

 

Апта І

Күні  05.03.2015

Сабақ 48

 

Сынып

6 а

Өтетін жері

324 кабинет

Сабақтың

тақырыбы

Лалагүл тұқымдастар . гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері

Жалпы мақсаты

Лалагүл тұқымдасының құрылысының ерекшелігі, гүлі , жемісі жайында жан – жақты түсінік беру, дәрілік, жабайы, мәдени түрлерін ажырата білуге үйрету

Күтілетін нәтиже

Оқушылар лалагүл тұқымдастарының гүлі мен жемісінің құрылысын біледі; тіршілік формаларын ажырата алады

Оқыту әдістері

Жеке, топтық, АКТ пайдалану, СТО технологиясы, сәйкестендіру тесті, венн диаграммасы

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу

Әдебиет

МАН,  7 сынып биология оқулығы авторы: Әметов, Сәтімбеков, Қожантаева

Кезеңі

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының  әрекеті

Бағалау

Ресурс

2 мин

Мұғалім оқушылармен амандасып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Мұғалім оқушы назарын өзіне аударады өлең арқылы.

Лалагүлі бір түптен

Бірнеше гүл жарады.

Көрген жанның назары

Оған бірден ауады.

Бақшаларды Лала егіп

Жайнатуға болады.

 

 

Оқушылардың назарын мұғалімге, оның қолында тұрған  түрлі – түсті гүлдерге аударады

 

 

3 мин

Оқушыларды топқа бөлу

Мұғалім сары, қызыл, алқызыл, ақ түсті гүлдерді оқушыларға таратады.

Лалагүл гүлдерінің түстері арқылы  оқушылар топқа бөлініп отырады

қадағалау

Лалагүл-дің түрлі-түсті сур

5 мин

Үй тапсырмасын сұрау

 Мұғалім компьютермен лездік сұрақтар жібереді/

 -күрделігүлділердің қанша түрі бар?  20 000 астам

-күрделігүлділердің түрлерін атаңдар  /күнбағыс, мақсыр, бақбақ, итошаған, дермене, өгейшөп, жералмұрт /топинамбур/

-күнбағыстың  гүлшоғыры қандай?  / Себетгүл/

-күрделігүлділер тұқымдасының дәрілік өсімдіктерін ата   /өгейшөп, бақбақ, қырмызы гүл, түймедақ, дермене, итошаған/

-күрделігүлділер тұқымдасына жататын арамшөптер /гүлкекіре, түйетікен/

Сұраққа жауап бере отырып өткен сабақты пысықтайды.

Форматив-ті бағалау

 Слайд

Үй тапсырмасына арналған лездік сұрақтар

5 мин

Венн диаграммасы топтық жұмыс

Қосжарнақтылар мен дара жарнақты өсімдіктердің қандай айырмашылығы бар? 

-Дара жарнақтыларға қандай өсімдіктер жатады? /лалагүл, жуа, астық тұқымдастар/
-Пиязшық тамырлы өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? /жауқазын, лалагүл, пияз, қызғалдақ/

 Топтық жұмыс кезінде бір - бірімен пікірлеседі, алған білімдерін бекітеді.

 

Қадағалау

17 мин

Топтық,  жеке зертханалық  жұмыс

Әр оқушыға Лалагүлділер тұқымдастары жайлы мәлімет таратып, зертханалық жұмыс барысымен таныстырады.
№ 26 Зертханалық жұмыс барысымен таныстыру. Тақырыбы: Лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлдерінің құрылысымен танысу..
Мақсаты: Лалагүлділер тұқымдасы, жауқазын өсімдігінің гүлдерінің құрылыс ерекшелігі мен жемісінің түрін анықтау.
Жұмыс барысы және нәтижесі:
1. Лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді ата.
2. Жауқазын гүлінің құрылысын зерттеу.
а) Гүлді қара. Гүлсеріктері мен оның түсі қандай?
б) Гүлсеріктің жапырақтары тұтасып өсе ме?
в) Гүлсеріктің жапырақтары қанша, олар қалай орналасқан?
г) Аталығы мен аналығын тап. Олардың саны қанша? Аналықтың аузына көңіл аудар.
3. Жеміс тұқымдарының саны қанша олар қалай аталады?

 Оқушылар  тапсырманы топта бірігіп талқылап, жеке дәптерге орындайды.

 

 Мәлімет жазылған парақтар, лалагүл тұқымдасы-на жататын  гүл суреттері

3 мин

 Сергіту сәті    би

«Мен- қонжық Джимми»

 Балалар қозғалыста болып, билейді

 

 АКТ бейне ролик

5 мин

Кері байланыс

 

Сәйкестендіру тесті

Оқушыларға жеке таратылады. Тест жауабы интерактивті тақта арқылы беріліп оқушы өзін - өзі бағалайды

 

Оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды.

 1.  Халық құртқашашты  /Қызғалдақ/

2.  Көпжылдық шөптекті өсімдік   /Лалагүл түұымдастар/

3.  Ғаламшарымызда 1300 түрі бар  /Құртқашаш/

4.  Көпжылдық, шөптекті улы өсімдік / Жыланқияқ/

5.  Сәндік өсімдіктер / Лапыз/

6.   Гс3+3А3+3Ж(3)                                    / Лалагүл тұқымдасының формуласы

7.   Қазақстанда лапыздың түрі   /Кессельринг/

Өзара критерийалды бағалау

 

 

 

 

Критерий-лер

7-6 – «5»

5-4 – «4»

3-2 – «3»

 

5 мин

 Үйге тапсырма береді

  

 30 параграфты оқып келу

 

 

 

Сәйкестендіру тест

1.  Халық құртқашашты                                         1    Жыланқияқ

2.  Көпжылдық шөптекті өсімдік                          2.   Кессельринг

3.  Ғаламшарымызда 1300 түрі бар                      3.    Қызғалдақ

4.  Көпжылдық, шөптекті улы өсімдік                4.    Лапыз

5.  Сәндік өсімдіктер                                             5.    Лалагүл тұқымдастар

6.   Гс3+3А3+3Ж(3)                                                                              6.    Құртқашаш

7.   Қазақстанда лапыздың түр                            7.   Лалагүл тұқымдасының формуласы

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.