Главное меню

  • К списку уроков
Биология "Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым" 7 сынып
27.07.2015 4594 0 Мусиркегенова Акшолпан Жаксылыковна

Сабақтың тақырыбы Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы. Жабайы және үй жануарлары. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлі. Жануарлар дүниесін қорғау.
Сабақтың жалпы мақсаты Зоология ғылымы жайлы білім беру.
Алған білімдерін дамыту.
Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, Джиксо
Күтілетін нәтижесі Биология пәнінің оқытылу мақсатын міндетін біледі
Биология ғылымының салаларын ажырата алады
Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады,шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті артады.Өзіндік ой қорытуға,тұжырым жасауға дағдыланады
Түйінді идея Нақты ойлау арқылы ой қорыту
№ Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер, көрнекілік-тер

1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру «Ең жақсы тілек»
Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады. Стикерлер
плакат

2 2 мин Топқа бөлу
Сүтқоректі – түлкі, қасқыр, аю
Кемірушілер – тышқан
Жыртқыш аңдар – қасқыр, түлкі (оқушылар мұғалімнің қолындағы парақшаларды суыру арқылы топқа бөлінеді, қасиеттері бірдей оқушылар бір топқа жайғасады)
Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді. парақшалар
3 1 мин Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру

№ Аты-жөні білу
түсіну қолдану талдау жинақтау бағалау
1 ұпай 4 ұпай 4 ұпай 3 ұпай 1 ұпай 2 ұпай
парақ
4 5 мин Жаңа сабақтың ашылуы
І.Білу. «Миға шабуыл» әдісі

Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша менталді карта жасайды
Зоология - (көне грекше: ζῷον „жануар" көне грекше: λόγος – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.
Плакаттар,
маркерлер
Слайд
5 10 мин ІІ. Түсіну. Джиксо
Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология, териология бөлімдері бар
Оқушылар топ болып тақырыпты оқиды, өз пікірлерін айтады. Биология туралы білімдерінің қай дәрежеде екенін көрсетеді. Слайд

6.
8 мин
ІІІ. Қолдану.
Қазақстанның зоолог-ғалымдарының көп жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстары: «Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары», (1956), «Қазақстан құстары» (1–5 т., 1960–74), «Қазақстан тұяқты жануарларының ішкі паразит құрттары» (1–2 т., 1962–63), «Қазақстан сүтқоректілері» (1–4 т., 1969–85), «Қазақстан балықтары» (1–5 т., 1986–92), «Қазақстанның қызыл кітабы» (1996) сияқты іргелі еңбектерде қорытылған. Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері мен жалпы саны анықталды; кейбір топтарға жататын омыртқасыз жануарлардың фаунасы мен жүйеленімі, жабайы жануарларды халық ш-нда пайдаланудың ғылыми негіздері кеңінен зерттелді. Соңғы жылдары республикамызда жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтау, оларды ұдайы өсіру және ұтымды пайдаланудың ғыл. жолдарын жасау, жануарлар мен адамның табиғи ошақты және паразиттік ауруларын болдырмау тәсілдерін іздестіру, жануарлар әлемінің кадастрін жасау жұмыстары Қазақстан ғалымдары Е.В.Гвоздев, Т.Досжанов, А.Бекенов, Э.И.Гаврилов, А.Ф.Ковшарь, И.Д.Митяев, Г.Уәлиева, Б.Шайкенов, Л.А.Бурделов, Д.Жатқанбаева, т.б-лардың басшылығымен жүргізілді. Сондай-ақ зоология проблемалары ҚазҰУ мен облыс орталығындағы университеттердің биология факультеттерінде, мемлекттік қорықтар мен зоологиялық қорықшаларда, ұлттық табиғи саябақтарда зерттеледі.
Жұптасып, топтасып жұмыс істейді, әр оқушы өз ойларын қосады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді
.
тірек сызба
7 2 мин Сергіту сәті
Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды,
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.
Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.
Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету
8 5 мин ІV. Талдау
Оқушылармен бірге сабақты талдау. Әр топ өз ойларын айтады.
Суреттер
Слайд
9 5 мин V. Жинақтау
«Нақты жауап» айдары:
1.Зоология дегеніміз не?
2.Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесің?
3.Зоология сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайды
Әр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады. Тоқыма жіп
9. 3 мин VІ. Бағалау
1.Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті ме?
2.Түсінбеген, сендерге қиындық тудырған сұрақтар бар ма?
Блум таксономиясы бойынша бағалау парақшасын үлестіру.

№ Аты-жөні бі-лу
түсі-ну қол-дану талдау жи-нақтау баға-лау

Оқушылар смайликтерді көтеру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды
-мен көп нәрсені үйрендім
- мен аз нәрсе үйрендім
-мен ештеңе үйренбедім
Бағалау шкаласы
«5»-12-15 ұпай
«4»- 9-12 ұпай
«3»-5-8 ұпай
10. 2 мин «Не үйрендім?, Не үйренгім келеді?» кері байланыс жасау
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу қосымша биология ғылымдарын тауып келу Күнделігіні жазып алады