Главное меню

  • К списку уроков
Биология "ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ" 8 сынып
24.02.2015 1154 274 Кадырова Рашида Акимжановна

                                                          «Садыр атындағы  орта мектеп –МДШО»

                                                                       коммуналдық мекемесі 

                                                                       биология  пәні мұғалімі

                                                                   Кадырова Рашида Акимжановна

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды  тері бұлшық етсезімі,иіс сезу және дәм сезудің жүзеге асу

2. Оқушылардың  танымдылық қабілетін арттыра отырып,     сезім мүшелерімен олардың маңызын білу.

3.Оқушыларды   адамгершілікке, бас гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу

Сабақтың типі:Жаңа сабақ  

 Сабақтың түрі: ақпараттық

Сабақтың әдісі:  иллюстративті баяндау. трек-сызба құру.                                    

Сабақтың пән аралық байланысы:     математика              

 Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,сызба-нұсқалар

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру бөлімі.

                                 ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

                                 ІІІ. Бекіту.

                                 ІV. Үйге тапсырма беру.

                                 V. Үй тапсырмасын сұрау   

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру

. Тері сыртқы ортамен тікелей жанасады. Ол жанасу мен кқысымды, жылу мен суықты, ауыруды кабылдайды. Бұл сезімдерді тіл, мұрын, ауыздың сілемейлі қабықтары кабылдайды. Теріде ауырсыну рецепторлары көп, 1 см2-де, шамамен, 100 ауырсыну рецепторы бар.

Ауыру — бұл қорғаныш реакциясы, қауіппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы. Ауырсыну сезіміне адам үйренбейді. Ал температура өзгерістеріне жеңіл бейімделеді. Жылуды бір рецепторлар, ал суыкты басқа рецепторлар қабылдайды. мұндай рецепторлар бетте және ерінде көп орналаскан.

Сипап сезу — бұл тері сезімі және оны арнайы рецеп­торлар жасайды. Олар саусак, тіл ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралған жүйке ұштары болып табылады. Теріге түсетін қысымға біз тез үйренеміз, сондыктан біраздан кейін киімнің тигенін сезінбей қаламыз. Көзді жұмып затты ұстағанда, біз оның пішінін, мөлшерін, бетінің сипатын, температурасын анықтай аламыз. Бұл сезім соқыр адамда өте жақсы дамыған Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезім-талдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшық ет сезімі аймағына бағытталады.

Бұлшық ет сезімі. Қаңка бұлшық етінде бұлшык ет жиырылғанда және жазылғанда қозатын арнайы бұлшық ет рецепторлары болады. Адам бұлшық ет сезімінсіз бірде-бір үйлесімді қимыл жасай алмайды. Пианинода ойнаушы, скрипкашы, хирург, шофер жөне көптеген баска мамандық иелерінде бұлшық ет сезімі маңызды рел атқарады.

Адам көрмей қалғанда бүл сезім күшейеді.

Ғарышкерлер үшін ұзақ уақыт ұшу кезінде салмақсыздық күйінде бұлшық ет жүктеме алатын тренажер қарастырылған.

Дәм сезу мүшесі. Тамакты оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары  суда еріген заттын дәмін сезіп, қабылдай алады. Сілекеймен   н\е дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ   тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл — тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі  бөліктері әр түрлі сезеді.

ЖанасуТері рецепторлары және соған сәйкес түйсіну дәм сезу рецепторлары

қысым

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.